Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы



бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі495,94 Kb.
#10284
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ




ПжПИ ғылыми кеңесінде бекітілген

«___ » __________ 2015 ж. № ___ хаттама

Ғылыми кеңес төрайымы

Педагогика және психология

институтының директоры

____________________ С.М.Кеңесбаев





«6М010500-Дефектология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М010500-Дефектология» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.

Құрастырушы: пс.ғ.к. Бекмуратова Г.Т.

Психология және арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «____» ___________2015 ж.



Кафедра меңгерушісі:

___________

З.А.Мовкебаева


ПжПИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________

А.Т.Ақжолова

Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № хаттама, « » ___________ 2015 ж.

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА


  1. Арнайы педагогика ғылым ретінде.

Арнайы педагогиканың обьектісі, субьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, қағидалары. Арнайы педагогикалық ғылымдар (пәндік саласы). Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері және терминдері. Мүмкіндігі шектеулі балалар. «Қатер тобындағы» балалар. Мүгедек балалар. Арнайы білім беру қажеттіліктері. Физикалық жетіспеушілік. Психикалық жетіспеушілік. Коррекция. Компенсация. Абилитация. Оңалту (реабилитация). Бейімделушілік. Интеграция. Әлеуметтік жұмыс. Арнайы білім беру жүйесінің түсінігі. Скрининг. Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика. Ерекше білім беру қажеттілігі және арнайы білім беру мазмұны. Арнайы білім беру бағдарламасы. Арнайы білім беру шарттары. Арнайы (түзетушілік) білім беру мекемелері. Арнайы оқу пәндері. Әртүрлі категориядағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты білім беру мазмұнының ерекшелігі.

  1. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу және даму тарихы

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өз күшіне енгенге дейінгі арнайы білім беру жүйесінің жағдайы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігі. Негізгі мақсат – түзетушілік оқыту. Арнайы білім беру мекемелерінің типтері және түрлері. Медициналық-педагогикалық комиссиялар. Мектепке дейінгі арнайы мекемелер. Арнайы мектептер. Жалпы білім беретін мектептердегі теңестіру (выравнивания) сыныптары.

  1. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасу және даму тарихы.

Арнайы білім беру жүйесінің эволюция кезеңдері (Н.Н. Малофеев бойынша). Мүгедек балалардың өмір сүруге деген құқықты иеленуі, Ликург Заңы. Кемтар адамдарға арналған корольдік-мемлекеттік паналардың құрылуы. Батысеуропалық мемлекеттермен әлеуметтік қамқорлықты ресми түрде мойындау. Шіркеулік, зайырлы (қалалық, жекеменшік, мемлекеттік) қамқорлықтардың кең етек алуы. Керең, зағип және ақыл-ойы кем балалардың арнайы білімге деген құқықты иеленуі. Арнайы білім беру жүйесінің дамуы және дифференцациясы. Дамуында ауытқуы бар балалардың көпшілігінің арнайы білімге деген кепілді мемлекеттік құқықты иеленуі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың толықтай азаматтық құқықты иеленуі. Арнайы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы, олардың кейінгі дифференцациясы, балаларды қамтудың үлкеюі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы, сондай-ақ біріктірілген оқуға деген құқтың мемлекеттік кепілдемедері.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалар (жалпы сипаттама).

«Мүмкіндігі шектеулі балалар» түсінігі – терминология мәселелері. Негізгі анықтамалар және жіктемелік сипаттамалар. Даму бұзылысының негізгі жіктемелері. Бұзылысты даму ерекшеліктері. Бұзылысты даудың ортақ белгілері. Бала дамуының биологиялық және әлеуметтік бірлігі туралы теория. Негізгі бұзылыстар мен екіншілік (ілеспелі) ауытқуларды біріктіретін ақаулық (дефект) құрылымы туралы түсінік. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы өзіндік дамуы кезіндегі қалыпты және «қалыпты емес» балалардың даму заңдарының бірлігі туралы ереже (положение).

  1. Арнайы психология – психология ғылымының саласы ретінде.

Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі психикалық даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Зерттеудің нысаны және пәні, арнайы психологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Арнайы психология – психология ғылымының дербес бөлімі ретінде. Арнайы педагога мен арнайы психологияның өзара байланысы және психологиялық-педагогикалық циклдің өзге ғылымдарымен байланысы. Арнайы педагогика мен арнайы психологияның медициналық және жалпыбиологиялық блок ғылымдарымен, өзге де ғылымдармен байланысы. Арнайы психологяның негізгі салалары: олигофренопсихология, тифлопсихология, сурдопсихология, логопсихология, психикалық дамуы тежелген балалардың психологиясы, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалардың психологиясы. Әрбір саланың даму перспективалары.

  1. Жақын шет елдердегі мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелері бойынша заманауи психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

Жақын шет елдердегі (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Балтық елдері, Белоруссия, Украина) түзетушілік педагогика және психология саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайы. Ресей Федерациясындағы түзетушілік педагогика және психология саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайы. РБА (РАО) Түзетушілік педагогика институты. Ерте килігу (вмешательство) институты (Санкт-Петербург қ.).

  1. Эмоционалдық-ерік саласындағы және мінез-құлық бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

«Мінез-құлық акцентуациясы» және «психопатия» түсініктері. Мінез-құлық акцентуациясының этиологиясы. А.Е. Личко бойынша мінез-құлық акцентуациясының жіктемесі. Мінез-құлық акцентуациясының динамикасы және психопатияны бағалау өлшемдері. Әр түрлі мінез-құлық акцентуациясы кезіндегі сөйлеу іс-әрекетінің ерекшеліктері. Әр түрлі мінез-құлық акцентуациясы кезіндегі есте сақтау және ойлау іс-әрекетінің сипаттамасы. Мінез-құлықтың патологиялық емес бұзылыс формалары (мінез-құлық акцентуациясы, реактивтік және конфликттік уайымдаулар және т.с.с.). Девиантты және деликвентті мінез-құлықтар туралы түсінік. Девиацияның себептері мен түрлерінің сан алуандығы. Қалыптасу мен дамудың механизмі.

  1. Балалық жастағы мінез-құлық бұзылыстары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде.

Эмоционалдық-ерік саласындағы бұзылыстар кезіндегі психикалық даму ауытқулары. Психопатия эмоционалдық-ерік саласындағы бұзылыс ретінде. Балалық және жеткіншек кездегі мінез-құлық бұзылыстары психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде. Мектептік дезадаптация және әлеуметтік-психологиялық дезадаптация: себептері және фазалары.

  1. Қазақстан Республикасындағы мүкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау.

Пәнаралық тұғыр (подход) , дамудағы ауытқуларды алдын-алуды жүзеге асыру, ерте килігу (раннее вмешательство), мемлекеттер арасында ақпаратпен кең көлемді алмасу. Арнайы білім берудегі халықаралық тұғыр. Түзетушілік педагогиканың және арнайы білім берудің мәселелері және міндеттері. Арнайы білім беру жүйесіндегі ұйымдастырушылық-құрылымдық өзгертулер. Арнайы білім беру мазмұнының жаңаруы. Білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерінің жетілдірілуі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың теориясы және тәжірибесі.

Арнайы білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаття әзірлеу. Отандық ғалымдардың арнайы білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерінің дамуына қосқан үлестері. Қазіргі кездегі арнайы (түзетушілік) педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары.

  1. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары: «Ақыл-ойы кем тұлғалардың құқытары туралы Деклрация» (1971), «Мүгедектер туралы Декларация» (1975), «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы (1989). «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002). Бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; арнайы тәрбие мен оқытудың бағдарламалары, жылдық және айлық жоспарлар; тәрбиелік-білім беру жұмыстарының жоспарлары; әдістемелік әзірлемелер, концепциялар; эксперименталдық жұмыс жоспарлары және т.б.

  1. Қазақстан Республикасындағы ерте түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі

Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте психологиялық-педагогикалық көмекті көрсету қызметі (отандық және шетелдік тәжірибе). Ерте килігу (вмешательство) бағдарламалары сипаттамаларындағы ортақ нәрсе. Қазақстан Республикасындағы ерте түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі (Р.А.Сулейменова және т.б.). Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмекті көрсететін мекемелер. Арнайы білім беру мекемелеріндегі ерте жастағы балаларға түзетушілік-дамытушылық көмекті ұйымдастырудағы негізгі бағыттар және ортақ талаптар. Арнайы білім беру мекемелеріндегі жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарламаларды жүзеге асыру алгоритмі. Ерте түзетушілік-дамытушылық көмекті ұйымдастыру формалары. Түзетушілік-дамытушылық оқыту. Ата-аналарға кеңес беру. Үй жағдайына сапар (визит). Ерте килігу кабинетінің оқу жоспары. Түзетушілік-дамытушылық үрдістің өзіндік дидактикалық қағидалары.

  1. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі.

Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі беталысы. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі арнайы оқытудың жүйесі. Білім берудің арнайы мектепке дейінгі мекемелерінің типтері және түрлері. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі. Әр түрлі білім беру мекемелеріндегі (арнайы балабақшалар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, кішігірім орталықтар) түзетушілік-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелердегі түзетушілік-педагогикалық үрдістің мазмұны және ұйымдастырылуы. Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері, қағидалары және әдістері. Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ – мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Түзетушілік-дамытушылық орта. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметін көрсететін арнайы мекемелердегі әдістемелік жұмыс.

  1. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы. Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеулер. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне енгізудің тәжірибесі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби-еңбектік оқыту жүйесін жетілдіру. Жаңа ақпараттық дамытушылық технологияларды әзірлеу және енгізу.

  1. Зақымданулардың, мүгедектіктің және жарақаттардың халықаралық жіктемесі.

Зақымданулардың, мүгедектіктің және жарақаттардың халықаралық жіктемесі (МКП). Бұзылыстардың, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуінің және әлеуметтік жеткіліксіздіктің халықаралық жіктемесі (МКН-2). Қызмет ету, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеуінің халықаралық жіктемесі (МКФ). Аурулардың халықаралық жіктемесі (МКБ-10). МКФ бірлігі ретінде санаттарды әрбір денсаулық домендердің ішінде (ағзаның қызметтері және құрылымы) және олармен байланысты өзге домендерді (тіршілік әрекеті салалары) қолдану. МКФ-те денсаулықтың әр тараптарына биологиялық, тұлғалық және әлеуметтік позициялар тұрғысынан келісілген көзқарасты қамтамасыз ету. Бұзылыс, шектеулік немесе мүмкіндік шектеулігі, ағзаның қызметі мен құрылымы, белсендігі мен қатысуы, қоршаған орта факторлерінің және т.б. жағдайы тұрғысынан кедергі.

  1. Көру бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Тотальді және жартылай зағиптық түсінігі. Көру бұзылысының типологиясы. Көру ақаулықтары бар тұлғалардың психикасы дамуындағы ортақ және спецификалықтың үйлесімдігі. Көру бұзылыстары кезіндегі ақау құрылымы. Зағип баланың ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы даму ерекшелігі. Көру бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Көру бұзылысы кезіндегі біріншілік ақаудың эмоционалдық-еріктік, тұлғалық салаларға әсері. Көру бұзылыстары бар балалардың мектептік оқуға дайындық мәселесі. Көруі зақымдалған тұлғалардың кәсіби бағдарлану және әлеуметтік бейімделу мәселелері.

  1. Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Ақыл-ойдың артта қалуын сипаттайтын белгілер. Ақыл-ойдың артта қалу дәрежесінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Ақыл-ойдың артта қалуын диагностикалаудың негізгі қиындықтарын талдау. Ақыл-ой дамуындағы біріншілік және екіншілік артта қалушылықты анықтау. Ақыл-ой артта қалуын шектеу керек жай-күйлер. Олардың ақыл-ой артта қалуынан принципиалды психологиялық-педагогикалық айырмашылықтары. Ақыл-ой кемдігін өзге ұқсас жағдайлардан шектеудегі клиникалық және психологиялық-педагогикалық факторлардың мәні.

  1. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Тежелген психикалық даму – дизонтогенездің спецификалық түрі ретінде. ПДТ-ны – шекаралық жай-күй ретінде ерекшелеудің тарихи аспектісі. ПДТ психикалық даму темпінің бұзылысы ретінде. ПДТ жүйелілігі. К.С. Лебединская бойынша ПДТ түрлері. ПДТ балалардың психикасының бірегейлігі және өзіне тән заңдылықтары. ПДТ кезіндегі ақау құрылымы. ПДТ мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық саласының, тұлғасының және іс-әрекеттерінің ерекшеліктері. Мектеп жасындағы ПДТ-ның әр түрлі нұсқадары бар балалардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы негізгі беталыстар.

  1. Есту бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Есту бұзылысының себептері және жүйелілігі. Есту бұзылысы кезіндегі психика дамуының ортақ заңдылықтары. Есту бұзылысы кезіндегі ақау құрылымы. Қарым-қатынас пен дамудың үйлесімдігі мәселесі. Есту бұзылысы бар балалардың және жеткіншектердің психикалық дамуы. Танымдық үрдістердің даму ерекшеліктері. Есту бұзылыстары бар балалар мен жеткіншектердің эмоционалдық-еріктік жай-күйі. Есту қабілеті зақымдалған адамдардың тұлғасы және іс-әрекеті. Естуі зақымдалған балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу.

  1. Сурдопедагогика – ғылым ретінде және оның есту қабілеті бұзылған тұлғаларға қазіргі кезде білім берудегі рөлі.

Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру жүйесі. Сурдопедагогика – есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім беру туралы ғылыми білім жүйесін ұсынатын арнайы педагогиканың құрам бөлігі. Сурдопедагогика пәні, зерттеу нысаны, міндеттері. Естудің бұзылу себептері, оларды диагностикалау және медициналық оңалту. «Кереңдік», «мүкісқұлақтық», «естімейтіндер» және «нашар еститіндер» («глухота», «тугоухость», «неслышащие» и «слабослышащие») сияқты түсініктердің анықтамасы. Ақау құрылымы. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру. Мекеме типтері және оқыту формалары.

  1. Логопедия – сөйлеу тілі бұзылыстары, оларды арнайы оқыту және тәрбиелеу құралдары арқылы анықтау, түзету және алдын алу туралы ғылым ретінде.

Логопедия – бұл сөйлеу тілі бұзылыстары, оларды арнайы оқыту және тәрбиелеу құралдары арқылы анықтау, түзету және алдын алу туралы ғылым. Логопедия пәні, зерттеу нысаны, міндеттері. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері. Себептердің жіктемесі. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінің жүйесі.

  1. Сөйлеу тілі іс-әрекетінің онтогенезі.

Баладағы қалыпты сөйлеу тілі дамуының алғышарттары. Орталық жүйке жүйесінің және перифериялық сөйлеу аппаратының анатомиялық және физиологиялық тұтастығы, сөйлеу тілінің қалыптасуын қамтамасыз ететін ми жүйесі мен психикалық іс-әрекеттің қалыпты дамуы. Қалыпты сөйлеу тілі онтогенезінің кезеңдері. Сөйлеу тілінің қалыпты дамуының әлеуметтік шарттары. Сөйлеу тілінің патологиялық дамуы.

  1. Сөйлеу тілі бұзылысының клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жіктемесі.

Сөйлеу тілі бұзылыстарына жалпы шолу. Сөйлеу тілі бұзылыстарының лингвистикалық сипаттамасы. Әр түрлі сөйлеу түрлері туралы түсінік: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша, импрессивті және экспрессивті. Балалардың сөйлеу тілінің физиологиялық ерекшеліктері туралы және сөйлеудің патологиялық бұзылыстары туралы түсінік. Сөйлеу тілі ақауының құрылымы. Сөйлеу тілі бұзылыстарының клиникалық сипаттамасы. Сөйлеу үрдісіне қатысатын негізгі анализаторлар туралы түсінік: сөйлеу-есту, сөйлеу-көру және сөйлеу-қозғалу, олардың перифериялық және орталық бөліктері. Функционалдық және органикалық сипаттағы сөйлеу тілі бұзылыстары. Ол бұзылыстардың себептері: туа біткен, жүре пайда болған, биологиялық және әлеуметтік. Сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалыө жіктемесі.

  1. Көру бұзылыстары бар балалармен түзетушілік жұмыстың теориялық негіздері.

Көруі зақымдалған балалардың дамуындағы орта және оның рөлі. Көру бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқытудың қағидалары, әдістері және формалары. Көру бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Көру бұзылыстары бар балаларды оқытудағы техникалық құралдар. Көру бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтары. Арнайы түзетушілік сабақтар. Зағип және нашар көретін балаларды арнайы графикаға үйрету. Графиканың танымдық, тәрбиелік, ақпараттық және коммуникативтік, түзетушілік-дамытушылық, кәсіби және гедонистикалық қызметтері. Арнайы графикаға оқытудың міндеттері және әдістемесі.

  1. Көруі зақымдалған балаларға білім беру.

Көру бұзылыстары бар балаларға арнйы білім беру жүйесі. Тифлопедагогика – көру бұзылыстары бар тұлғаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым. «Зағип», «нашар көретіндер» түсініктерінң анықтамасы. Себептер және олардың жіктемесі. Көру бұзылысының салдарлары және олардың орын толтыру тәсілдері. Негізгі, көп таралған көру бұзылыстарының сипаттамасы. Көру бұзылыстары бар балаларды оқыту жүйесі, мекеме типтері, оқыту формалары.

  1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға білім беру.

Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептерлегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды оқытудағы техникалық құралдар. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтар. Арнайы түзетушілік сабақтар. Балалық церебральді салдары (БЦС) бар балалардың сөйлеу және қозғалыс бұзылыстары. БЦС бар балалардағы сөйлеу және қимыл бұзылыстарын түзету. Түзетушілік жұмыстың ұйымдастыру формалары, мазмұны және әдістері.

  1. Ақыл-ой дамуының бұзылыстары бар балаларға білім беру.

Ақыл-ой дамуының бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Ақыл-ой бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Ақыл-ой дамуының бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтары. Арнайы түзетушілік сабақтар.

  1. Психикалық дамуы тежелген балаларға білім беру.

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептерде ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтары. Арнайы түзетушілік сабақтар. Психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту.

  1. Естуі зақымдалған балаларға білім беру.

Естуі зақымдалған балалардың дамуындағы орта және оның рөлі. Естуі зақымдалған балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Керең балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Арнайы түзетушілік сабақтар. Естуі зақымдалған балаларды оқытудағы техникалық құралдар. Естуі зақымдалған балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтар. Нашар еститін балаларға арналған мектептегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Арнайы түзетушілік сабақтар.

  1. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға білім беру.

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды оқытудағы техникалық құралдар. Сөйлеу тілі бұзызылыстары бар балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және оқулықтар. Арнайы түзетушілік сабақтар.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістері.

Шет елдердегі және Ресейдегі ақыл-ойы кем балаларды анықтау әдістерін әзірлеу. Тесттік тексеру әдістерінің пайда болуы. Л.С. Выготскийдің дамудың біріншілік және екіншілік ақаулықтары туралы, жоғары психикалық функцияның жүйелі құрылым туралы, дамудың өзекті деңгейін зерттеу қажеттілігі және балалардың потенциалдық мүмкіндіктері туралы идеялары. Л.С. Выготский зерттеулерінің психодиагностикаға деген маңыздылығы. Тесттілеушілердің ақыл-ой кемшілігін диагностикалаудағы тесттің рөліне деген теориялық көзқарастарының өзгеруі. Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістемелерінің жіктемесі. Қабылдаудың, зейіннің, есте сақтаудың, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің танымдық үрдістерін зерттеуге бағытталған әдістемелер.

  1. Арнайы (түзетушілік) мектептегі сабақ.

Сабақтардың типтері және түрлері. Әр түрлі типтегі сабақтардың міндеттері және құрылымы. Сабақтарға қойылатын негізгі әдістемелік талаптар. Сабақтың құрылымдық элементтері.

33. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жүйесіндегі заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Дамуында қиындықтары бар балалармен жұмыс барысында ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы зерттеулер. Міндеттер, жалпы сипаттама. Мүмкіндігі шектеулі балалардың заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен оларды диагностикалау, түзету және дамыту. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұлғаларды қашықтықтан оқыту (мақсаттары, міндеттері, жалпы сипаттама, құрал-жабдықтар). Психикалық-физикалық дамудың түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс барысындағы компьютерлік ойындар. Компьютерлік ойындардың түрлері.



  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне енгізу.

Шет елдерде инклюзивті білім беру жүйесінің тарихы мен беталыстары. Интеграция, инклюзивті білім берудің қазіргі түсініктері. Инклюзивті білім берудің модельдері. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды «қолдаудың (сопровождение)» психолого-педагогикалық тұжырымдамасы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психолого-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау (сопровождение). Қолдау көрсетудің (сопровождение) негізгі түсініктері мен қағидалары. Қолдау көрсетудің құрылымы. Қолдау көрсету қызметінің шет елдік тәжірибесі. Жалпы білім беру мектептерінде жеке-дара қолдау көрсетудің негізгі кезеңдері. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру үрдісіне енуіне қоғам топтарының қатынасы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет