Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-бап. Жоғары техникалық мектептер



бет36/69
Дата23.10.2020
өлшемі176,95 Kb.
#71459
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
34-бап. Жоғары техникалық мектептер

      Ескерту. 34-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

35-бап. Жоғары білім беру

      1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында iске асырылады.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.

      Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негiзгi түрлерi болып табылады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.

      Мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз етеді.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі.

      4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет