Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Инвестициялық жобаларға міндетті технологиялық сараптама жүргізу» бастамасы



бет32/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a
С.И. Брызгалова Введение, С.И. Брызгалова Введение, билет кәс бағд, билет кәс бағд, instr pvo 2021, 1-2022-1-000510154-1-1, 1509095776438, Практикумны барлы кезе іне студентті т ра ты ж мыс орнын, 6-дәріс-Эндокардиттер.-Миокардиттер.-Перикардиттер., Составлено на основании Приказ Министра здравоохранения Республики
2.7 «Инвестициялық жобаларға міндетті технологиялық сараптама жүргізу» бастамасы. Мемлекеттік бюджеттен қолдау табатын өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық жобаларына технологиялық сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдері/критерийлері енгізіледі. Бұл тәсілдер/ критерийлер ескірген технологиялар ағынын және өндіру рентабельділігі мен өнімділігі төмен тиімсіз жобалардың санын азайтуға бағдарлануы тиіс.
2.8 «Жасыл технологияларды дамыту» бастамасы. Жаңа технологияларды таңдау мен енгізу кезінде шетелде энергиялық тиімді және ақылды деп танылған, климаттық жарамдылығы мен экономикалық тиімділігі оларды Қазақстанның жағдайында пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялар басым технологияларға айналады.
Электр энергетикасында жаңа генерациялау көздері, оның ішінде электр энергиясына өсіп келе жатқан сұраныс пен ескі электр станцияларын пайдаланудан шығаруды ескере отырып, ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектілер енгізіледі.
Қазіргі заманғы стандарттарды қолдану, энергия тиімділігін арттыру және энергияны генерациялайтын станциялардың пайдалану шығындарын төмендету «Жасыл технологияларды» енгізудің негізгі факторларына айналады.
Бұл үшін ішкі және халықаралық қаржылардың жеткілікті көлемі жұмылдырылып, қажетті инвестицияларға қолдау көрсетуге бағытталған қаржылық қызметтер құрылатын болады.
«Жасыл жобаларды» қаржыландыру жөніндегі жаңа құралдар (атап айтқанда «жасыл» облигациялар шығарылымы) АХҚО базасында құрылатын болады.
Қазақстанның технологиялар трансферті жөніндегі бастамасын – «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын іске асыру жалғастырылады және «жасыл» бизнеске көшуге, «жасыл» технологиялар мен үздік практикаларды трансферттеу мен бейімдеуге және «жасыл қаржыларды» дамытуға қолдау көрсететін «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық (бұдан әрі – ЖTХО) құрылатын болады.
«Инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру үшін кедергілерді жою» міндеті
Экономиканы цифрландыруды дамыту үшін телекоммуникациялардың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қажет. Интернетпен қамту, оның өткізу қабілеті ұлғайтылып, заңнамалық және әкімшілік кедергілер барынша азайтылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет