Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



бет123/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

Экономиканың сапалы өсуі

Макроэкономикалық тұрақтылық

I

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы

% ЖІӨ-ден

9,0

<6,6

<6,0

-

Инфляция

кезең соңындағы %

8,5

3,0-4,0

3,0-4,0

-

Әртараптандыру

I

Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорт үлесі

млрд. АҚШ долл.



19,2


29,2


41,0


90,0


II

Экономика күрделілігінің индексі
(Гарвард)

Рейтингтегі орны
(балл)

78
(-0,5)

70
(-0,3)

55
(0)

16
(1,5)

Бизнес орта және кәсіпкерлікті дамыту

I

ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі

ЖІӨ-дегі ЖҚҚ %



26,8

30,0

35,0

50,0

ЭЫДҰ бәсекелестік ортасының индексі(Product Market Regulation)

Рейтингтегі орны


(балл)

-

40
(2,7)

37
(2,2)

23
(1,5)

II

Экономикадағы орта кәсіпкерлік үлесі

ЖІӨ-ғы ЖҚҚ %

4,8

10

15

20

Бақыланбаған (көлеңкелі) экономиканың үлесі

% ЖІӨ-ге

25,8

23

20

15

Технологиялар және инновациялар

I

Экономикадағы ҒЗТКЖ-на шығындар

ЖІӨ %

0,14

0,5

1,0

3,0

II

Ғылыми және/немесе ғылыми нәтижелерді коммерцияланды-ру үшін жобаларды жекеменшік қаржыландыру-дың көлемі

қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру
дың жалпы сомасынан%

7

20

50

≥50

Қаржы нарығы және инвестициялар

I

Негізгі капиталға инвестициялар

ЖІӨ %

16,4

17,1

19,4

30,0

II

Несие портфелінің көлемі

ЖІӨ-ден %

18

≥30

30-50

50≤

Инфрақұрылым

I

АКТ дамыту индексі (БҰҰ)

Орны

52

34

25

15




Логистика тиімділігінің индексі
(Дүниежүзілік Банк)

Орны

77

40

38

30

Сала

II

Орталықтанды-рылған сумен қамтамасыз ету:
қалаларда

%

88,0

98,0

100,0

100,0

АЕМ- е




52,3

64,0

80

-

Өмір сүру сапасының өсуі

Денсаулық сақтау

I

Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жас

72,4

73,3

75,0

84,0

II

Нәресте өлім-жітімі

1000 тірі туғандарға шаққандағы саны

8,6

7,8

7,2

3,5

Ана өлім-жітімі

100 мың тірі туғандарға шаққандағы саны

12,7

11,0

10,0

9,0

Білім беру

I



PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасын бағалау
(ЭЫДҰ соңғы баяндамасына сәйкес)

Математикадан орташа балл

460

470

480

510

Оқу бойынша орташа бал

427

440

450

510

Ғылым бойынша орташа бал

456

465

490

510

Жоғары білім жүйесінде шетелдік студенттердің үлесі,%

%

2,6

6

10

20

II

Білім беру бағдарламаларының үлесі (ТКЭ) халықаралық талаптар негізінде жасалды

%

23

100

100

-

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны кемінде екі халықаралық деңгейде танылған (QS-WUR, TOP-200, Times Higher Education-500, Shanghai Academic Ranking-500)

бірлік

0

2

3

5

Жұмыспен қамту

I

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

≤4,9

≤4,9

3-4

II

Өнімсіз еңбекпен қамтылғандар үлесі

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар-
дың жалпы санынан %

13,6

12,4

10,0

5

Кіріс

I

Халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі

2016 жылғы деңгейден 2016 жылға қарай өсім %-бен

-

18,2

42,3

292,0

II

Азық-түлік тауарларына арналған үй шаруашылық шығыстары

жалпы шығыстардағы
%

45,8

41,3

37,1

30,0

Халықтың ең аз қамтылған 40%-ның табысының үлесі

халықтың жалпы табысының
%-ы

22,8

24,9

27,0

34,5

Өңірлік даму

I

Урбандалу деңгейі

%

56,8

58,0

60,0

70,0

II

Өңірлер арасында ЖӨӨ дамуының айырмашылығы

n есе

3,2

3,0

2,7

2,5

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету

бір адамға шаршы метр

21,4

23,1

26

35

Жасыл экономика және қоршаған орта

I

ЖІӨ энергиялық сыйымдылығы (қоршаған ортаға прокси-көрсеткіш ықпалы, ХЭА мәліметі бойынша)

2008 жылғы деңгейден төмендеу %

13

20

25

50

II

Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергия үлесі

өндірудің жалпы көлемінен %

0,9

3

6

50

Иституттар

I

Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness)

процентиль

51,44

55–60

60–75

75–90

II

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Corruption Perception Index, НГО Transparency International)

балл

29

32

35

62

Заң үстемдігі индексі (Rule of Law Index, «The World Justice Project» ҮЕҰ)

рейтингтегі орны
(балл)

73
(0,50)

65–70
(0,51)

55–60
(0,53–0,54)

25–30
(0,66–0,70)



Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторларын айқындау тәсілдері
Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары және олардың нысаналы мәндері Қазақстанның 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша мақсатына қол жеткізудегі прогресті өлшеу, Қазақстанның позициясын 30 дамыған елмен салыстыру, сондай-ақ осы Стратегиялық жоспарда қамтылған реформалар мен саясаттардың орындалуын бағалау үшін анықталған.
Әлемнің барынша дамыған отыз елі әлемдегі дамыған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейі, сол сияқты халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көрсететін факторлардың жиынтығы бойынша айқындалды. Бұдан әрі бұл елдер индикаторлардың нысаналы мәндерін айқындау үшін қолданылды.
Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары Стратегиялық жоспардың реформалары мен басым саясаттарын ескеретін өлшеудің 14 саласы бойынша прогресті қадағалап отырады және ел дамуының осы кезеңінде өзекті болып табылады.
Өлшеу саласы бойынша екі деңгейдегі нысаналы индикаторлар айқындалған. Бірінші деңгейдегі индикаторлар Қазақстанның әлемнің дамыған елдерге қатысты даму деңгейін көрсетеді. Екінші деңгейдің индикаторлары осы кезеңде Қазақстан үшін өзекті проблемаларды көрсететін көрсеткіштерді қамтиды. Индикаторларды таңдау кезінде БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары ескерілді.
Дамыған елдерге қатысты Қазақстанның прогресін тұрақты түрде мониторингтеу және салыстыру үшін жалпы танылған халықаралық индекстер айқындалған, оларды сарапшылар және инвесторлар елдегі жағдайды бағалау үшін кеңінен пайдаланады.
Индикаторлардың нысаналы мәнін есептеу үшін орташа жылдық халық саны 2017 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда 18 048,6-дан 19 834,8 мың адамға дейін өседі деп болжануда, бұл ретте жұмыспен қамтылған халық саны орта есеппен 0,25% жылдық өсімді ескере отырып, 8 750 адамға жетеді.
2020 жылдан бастап инфляция деңгейі 3-4% белгісінде тоқтайды, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы 330 деңгейінде белгіленген, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 55 доллар деңгейінде, ал металдардың әлемдік бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 2,6% деңгейінде. Бұл ретте белгіленген деңгейден шикізаттың әлемдік бағасының асып түсуі Ұлттық қорға аударымдар жасау арқылы жойылады деп болжануда. Сондай-ақ Қазақстанда шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2016 жылдан бастап
29,3 млн тоннаға өседі және 2025 жылы 107,3 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр.
Әрбір индикатор бойынша әлемдік үздік практикаға сәйкес келетін деңгей, әлемнің 30 дамыған елінің мәндері негізінде айқындалды.
Индикаторлардың әрқайсысы бойынша 2025 жылға арналған нысаналы мән 2050 жылға арналған нысаналы мән негізінде есептелді, бұл Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің ұзақ мерзімді бағдары болып табылады. Осылайша нысаналы мән бастапқыда 2050 жылға белгіленді және әдеттегідей бүгінгі көшбасшы елдердің арасында 2015-2016 жылдар деңгейінің орташа мәніне тең қабылданды.
Есептеу негізінде алынған 2021, 2025 және 2050 жылдарға арналған нысаналы мәндер сарапшылар пікірлері ескеріле отырып тексерілді және бейімделді. Бұдан басқа, әрбір көрсеткіштің нысаналы мәндерін бағалау кезінде бастамалардың 2017-2021 жылдардағы іске асырылуының кейінге қалдырылған әсері болжанды: бастаманы енгізуді бастау мен алғашқы нәтижелер алу арасында белгілі бір кезең өту керек. Көрсеткіштерді бағалау әдісіне қарамастан өршілдіктің жоғары деңгейі мен нысаналы мәндерге қол жеткізу арасында теңгерімділік сақталды.
Түйінді ұлттық индикаторлардың нысаналы мәніне қол жеткізу мақсатында Стратегиялық карта әзірленген. Стратегиялық карта жылдар, салалар және өңірлер бөлінісінде (бөлініс мүмкін болған жағдайда) олар қол жеткізу үшін жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұлттық холдингтерді және компанияларды бекітумен екінші және үшінші деңгейдегі индикаторларға арналған түйінді ұлттық индикаторлардың декомпозициясын қамтиды.
Түйінді ұлттық индикаторларды салалар және өңірлер бойынша бөлу кезінде қорытынды нәтижеге қол жеткізу үшін жауапты әрбір тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтің және компанияның үлесі айқындалатын болады.

_________________________________

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 636 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы


1 ақпандағы № 922 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2010 ж., № 10, 115-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 976-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 689 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 679-құжат).


_______________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет