Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


-тарау. 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру тәсілдері



бет121/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

6-тарау. 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру тәсілдері

Стратегиялық жоспар реформалардың кешенді жоспары және саясаттар жинағы болып табылады, оның жетістігі нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты міндеттер мен бастамаларды толық ауқымды іске асыру арқылы айқындалады. Реформалар мен саясаттарды жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес пен азаматтық қоғамның үйлестірілген іс-қимылын талап етеді.


2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды табысты іске асыру үш қағидатқа негізделген.
1-қағидат. Реформаларды іске асыру нəтижелері үшін нақты жауапкершілік
Стратегиялық жоспардың реформаларын, саясаттарын және жалпы мақсаттарына қол жеткізуді бақылауды Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын болады.
Әрбір реформаның және саясаттың орындалуына жауапкершілік Премьер-Министрдің орынбасарлары деңгейіндегі тиісті жетекшілерге жүктеледі. Әрбір реформа мен саясаттың жетекшісі мемлекеттік орган басшылары деңгейіндегі міндеттердің жетекшілері арасында жауапкершілікті бөлу арқылы міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.
Жетекшілердің жұмыс тобын қолдауда ведомствоаралық өзара
іс-қимылды талап ететін өзгерістерді іске асыру үшін жобалық офис шеңберінде Үкімет қалыптастырған жобалық офистер жүзеге асырады. Проблемаларды жедел және кешенді шешу үшін жобалық офистерге мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және бизнес өкілдері кіреді.
Бұл тәсіл, бірінші кезекте, айтарлықтай өзгерістерді не әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететін реформалар мен саясаттар шеңберіндегі міндеттер мен бастамаларды орындауға қолданылады. Басқа міндеттер мен бастамаларды министрліктер мен мемлекеттік органдар тиісті мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде және олардың ағымдағы қызметі шеңберінде жүзеге асыратын болады.
2-қағидат. Енгізу нəтижелері үшін жауапкершілікті бизнеспен жəне қоғамдастықпен бөлісу
Бизнес, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асырудағы жауапкершілікті өзара бөліседі. Ол үшін бизнестің атынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, азаматтық қоғам атынан Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңесі мен Үкіметтің арасында бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
Бірлесіп іске асыру реформа шеңберінде бастамаларды жүзеге асырудың нақты тетіктерін, әр тараптың жауапкершілік аясын айқындау үшін консультациялар мен пікір алмасу жүргізуді, сондай-ақ Стратегиялық жоспардың реформаларының мақсаттары мен мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу тетігін құруды болжайды.
Бірлесіп іске асыру шеңберінде Үкімет қажетті заңнамалық, реттеуші және институционалдық жағдайлар жасауды, кедергілерді жоюды, сондай-ақ қажетті саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бизнес тарапынан мемлекеттік органдарға қажетті консультацияларды беруге белсенді түрде қатысу, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру бойынша, технологиялық жаңару, қызметкерлердің құзыретін дамыту және тағы басқалары бойынша
іс-шараларды өткізу арқылы өнімділігін және өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру үшін нақты шаралар күтіледі. Азаматтық қоғам өкілдері құзыретті дамытуға және халықтың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шараларға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет