Сабақ жоспары №36
Күні 25.02.2017
Пән: Нарықтық экономика негіздері
Тобы ВТ-13-9
Оқытушының Т.Ә.А. Жашкеева Тогжан Мейрмановна
І. Сабақтың тақырыбы. Бизнес-жоспардың негізі. Бизнес жоспрдың функциясы мен құрылымы. Бизнес жоспардың ақпараттық шығындары.
Сабақтың түрі және типі: Теориялық – жаңа білімді меңгеру, топтық жұмыс
1. Мақсаты: бизнес-жоспар-жоспарлау қызметінің дербес түрі екендігін қарастыру,бизнес-жоспарды құрастырудағы мақсаттар мен міндеттер, Япондық «Кайдзен» тәжірибесін қолдана отырып жұмыс жасау.
2. Міндеттері
а) Білімдік: өткен тақырыптарды қайталау үшін: бір-бірлеріне видеролик немесе интелектуалдық ойын ұйымдастыра отырып, сұрақ әзірлеу, оның жауабын студенттер анықтап, түсініктеме беруі тиіс, дұрыс тапқан жауапты 3 тілде айту .
ә) тәрбиелік: сабаққа деген белсенділікті, қызығушылықты ояту, танымдық, шығармашылық қабілеттерін негіздеп, бағыттау, бір-біріне деген қарым-қатынасын, жауапкершілігін арттыру, топпен жұмыс кезінде бір-бірін назар салып тыңдауға, сонымен қатар өз елінің отан сүйгіш азаматы ретінде экономиканы жандандыруда болашақта үлесін қосуға тәрбиелеу.
б)дамытушылық: мәліметтермен жұмыс жасап, талдау, тереңірек ойлау, қабылдай алушылықты, қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу.
ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) студенттер түсінуі тиіс: жоспарлау түсінігі, түрлері. Бизнес-жоспар және оның бөлімдері,
ә) студенттерде құндылық бағдары болуы: фирмалық жоспарлауға талдау жүргізу.;
б) студенттер жасай біледі:тақырыпқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындай алады. (ақпараттармен жұмыс жасай алады, оны өңдей алады, жарнама көрсете алады, тауарды сату тәжірибесін меңгереді, т.б.)
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындығын және де олардың сабаққа келген, келмегенін тексеріп журналға белгілеу. Сабақ барысын хабарлау
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сабағымызды дана халқымыздың жақсы сөздерінен бастайық:
«Білегі күшті бірді жығады
Білімі күшті, мыңды жығады»
«Жаста оқыған оқудың – тасқа жазғанмен бірдей
Егде тартқанда оқыған, оқудың –мұзға жазғанымен тең»
Сонымен, бүгін біз сіздермен жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыптарға көз жүгіртейік. Ол үшін әр топқа өз мамандықтарыңызды шыңдай түсу мақсатында, «Ойлан, тап» тапсырмасы берілген болатын, яғни видеролик немесе интелектуалдық ойынды ұйымдастыра отырып, сұрақ әзірлеу, оның жауабын студенттер анықтап, видероликті толық көріп біткеннен кейін, дұрыс жауабын тауып сол сөздің анықтамасын және үш тілде аудармасын айтуы шарт. (қазақша-орысша-ағылшынша) Құрметті студенттер, әр тапсырма бойынша дұрыс жауапқа «1000 тг», толық емес жауапқа «500 теңге» ұпай ретінде белгіленеді. Әр студент өзінің дұрыс жауаптарына ұпайын жинақтайды.
1 топ. Үй жұмысы (видеоролик)
2-топ. Үй жұмысы (интелектуалды ойын)
3 топ. Үй жұмысы. (видеоролик)
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру №1. Ал енді бүгінгі тақырыпты жазып алыңыздар: «Бизнес-жоспардың негізі. Бизнес жоспрдың функциясы мен құрылымы. Бизнес жоспардың ақпараттық шығындары»
Тақырыпты жақсылап тыңдап отырамыз, айтылған ақпараттар бойынша сіздерге сұрақ қойылады.
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері нақты көрсетіледі.
Бизнес-жоспар болжамды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және 10 тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (немесе қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
Бекіту 1. Құрметті студенттер міне көктем мерекелері де келіп қалды. Осы мереке қарсаңында бізге 3- топ жаңа керемет дүкендерін ашқаны және ол дүкенде сүйікті жандарға керемет сыйлықтар таңдауға болатынын естіп жатырмыз. Сөз кезегін 3 топқа берейік.
Рахмет, жарнама жоғары деңгейде көрсетілді. Себебі жарнама – маркетингтік қадамның бірі. Сіздер халықтың көңіл күйін мереке күні сыйлықтармен оң әсер қалдырудың жолын көрсеттіңдер. Осы жоспарды Бизнесстің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша әрі қарай жүзеге асыруға мүмкіндектеріңіз бар. Себебі біздің Балқаш қаласында «Кулия» бизнес орталығында сіздерге өз кеңесін беретін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы орналасқан.
Жаңа тақырыпты меңгеру №2. Жалпы бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратуға болады:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар.Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар.Кей жағдайда білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.
Бекіту 2. Ал енді келесі тапсырма осы бизнес –жоспар тақырыбымен тікелей байланысты. Ол үшін өзіміздің ұлттық валюта- теңгеміздің үлгілерін қолдана отырып, деңгей бойынша сұрақтарға жауап бересіздер, сол арқылы «ақшалай ұпай» жинайсыздар.
Яғни буклеттен өзіміздің ұлттық валютамыз теңгенің номиналдары көрсетілген.. Әр топтан кезекпен студенттер сұрақ жасырылған номиналды таңдайды, егер жауап бере алмаса, басқа топтың студенттері жауап бере алады. Сондықтан тыңдап отырамыз. Толықтыруға болады.Орнымыздан тұрып таңдаймыз.
500 теңгенің сұрағы: ҚР ең төменгі еңбекақы мөлшері? (24459 теңге) Еңбек ресурстары түсінігі (Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі.)
1000 теңгенің сұрағы: Баға және бағаның түрлері
2000 теңге: Бәсеке түсінігі (берілген тауарларға мысал келтір)
5000 теңге мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Жеті рет өлшеп, ……… (бір рет кес).
Есептей білгеннің ……. (есесі кетпейді).
Теңге …………….(тиыннан құралады).
Жұмыла көтерген … (жүк жеңіл)
Ақшаны ….. (ақша жасайды).
Ақша кетуге тырысады, есеп …… (ұстауға тырысады).
10000 теңгенің сұрағы - берілген отандық тауарлардың құнын анықтау қажет. Және кез келген тауардың құнын қалай анықтауға болады, соған тоқталып өтсеңіз. (жауабы: тауарға деген сұраныс, материалдық шығындарға байланысты, транспорт шығындарына, өнімнің немесе қызметтің сапасына, бәсекелестер санына, жарнамаға, т.б байланысты қалыптасады.)
Өте жақсы. Өз «ақшаларыңызды» есептей отырыңыздар.
Бекіту 3. Кез келген бизнес жоспар толық жүзеге асуы үшін маркетингтің маңызы өте жоғары екенін байқауға болады. Себебі –жарнама тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет,интернет, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б. Сол себепті сөз кезегі 2 топқа беріледі.
Жаңа тақырыпты меңгеру №3. Жалпы қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:
агроөнеркәсіп кешені;
кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;
жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;
құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;
металлургия, металл өңдеу, машина жасау;
өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)
көлік және қойма қызметі;
туризм;
ақпарат және байланыс;
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
білім;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
өнер, көңіл көтеру және демалыс;
қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.
Бекіту 4. Осы тақырыпты әрі қарай зерделеу үшін жоспарлау тақырыбына есеп шығарайық.
1-топ. Бағдарламалық қамтамасыз етуге кеткен шығындарды есептеңіздер
Бағдарламалық өнімнің аты
|
Бағдарламалық өнімнің бағасы, теңге
|
Microsoft Windows 7 Ultimate
|
52 952
|
Microsoft Office Professional Plus 2010
|
63 570
|
Лицензионная версия Borland Delphi 7.0
|
160 827
|
MS Accsess (2007-2010)
|
148 842
|
Барлығы:
|
426 191
|
2-топтың есебі. Бағдарламаны орындаушылардың негiзгi еңбекақысын анықтаңыздар.
Этаптың аты
|
Бағдарламаны орындаушылар
|
Бір күндік еңбекақы,
теңге
|
Жұмыс көлемі
(тәулік)
|
Негiзгi еңбекақы, теңге
|
Техникалық тапсырма мен бағдарламаның спецификациясын өңдеу
|
Жобаның жетекшісі
|
2500
|
3
|
7500
|
Ақпараттарды өңдеу және жиыны
|
Өңдеуші
|
2000
|
7
|
14000
|
Жобалау
|
Өңдеуші
|
2200
|
30
|
66000
|
Алгоритм мен коды жазу бойынша
|
Өңдеуші
|
2250
|
30
|
67500
|
Талқылау және тестеу
|
Өңдеуші
|
2250
|
15
|
33750
|
Техникалық құжаттарды құру
|
Өңдеуші
|
2000
|
15
|
30000
|
Енгізу
|
Өңдеуші
|
2000
|
3
|
6000
|
Барлығы:
|
|
103
|
224 750
|
3-топқа есеп. Амортизация нормасын және амортизациялық шығындарды анықтаңыздар. Ақпараттық жүйені жобалау мен өңдеу бойынша жұмыс кезінде 103 күн машиналық уақыт жұмсалды. Бағдарламаны әзірлеу барысында қолданылған принтер мен компьютердің жалпы бағасы 108960 теңгеге тең. Компьютер техникасының пайдалы қолдану мерзiмi 5 жыл.
Жауабы: Амортизация нормасы На=100%/негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі = 100%/5=20% тең.
Амортизациялық төлемдердiң сомасы келесіге тең:
Ша=
1 топқа да үй жұмысы ретінде тапсырма берілген болатын, ол тапсырмада студенттер отандық өнімді «Бренд» ретінде таныстру. Тамашалайық.
IV.Қорытынды: Сонымен,қазіргі заманғы жағдайда жоспарлаудың негізгі құралы бизнес-жоспар болып табылады. Ол:
кәсіпорынның даму стратегиясын өңдеуге,
оның қызметін жоспарлауға,
салымдарды тартуға,
сондай-ақ потенциалды серіктестерді табуға мүмкіндік береді.
Ол анықтылық,
ықшамды,
сенімді
және жарнамалық тартымды болуы тиіс.
V. РЕФЛЕКСИЯ.
Мен бүгінгі сабақта
білдім
|
Мен бүгінгі
сабақта білген жоқпын
|
Мен болашақта келесідей мәселелерді білгім келеді
|
Не ұнады?
|
Не ұнамады?
|
|
|
|
|
|
VI.Бағалау. Әр студент өзінің әмиянындағы «ақшаларын» есептейді.
VII.Үй жұмысы: Ендігі кезекте өз бизнес жоспарларыңызды құрыңыздар.
КГКП «БГТК» 2017 Конфиденциально Страница из
Достарыңызбен бөлісу: |