6-міндет. ЖЭК-ті дамыту, дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру Жоспарлаудың, әкімшілендірудің және тарифтеудің икемді жүйесін болжайтын ЖЭК қолдаудың аукциондық тетігін енгізу бөлігінде ЖЭК саласындағы заңнама жетілдіріледі. ЖЭК нарығында әкімшілік кедергілер азайтылады.
ЖЭК қолданатын Энергия өндіруші ұйымдар тізбесінде көзделген ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша ЖЭК объектілерінің рұқсат етілген максималды қуаттылығын жыл сайын бекіту мүмкіндігі қарастырылуда.
Бір мезетте дәстүрлі энергия көздерін өндірушілерге және тұтынушыларға қолданылатын технологиялар мен өндірістік қуаттардың тиімділігін арттыру және жаңғырту, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына түсетін жүктемені азайту бөлігінде қойылатын талаптар күшейтіледі.
7-міндет. Биологиялық әртүрлілікті сақтау Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 2025 жылға дейінгі кезеңге дейін тағы екі ұлттық парк пен үш табиғи резерват құру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданын ел ауданының 10-12% дейін жеткізу жоспарлануда.
Қазақстан аумақтардың ормандылығын ұлғайту және оны 4,8%-ға дейін жеткізу, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, жабайы аңдардың, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерінің санын сақтау және ұлғайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда аң-құс өсіруді дамыту, балық түрлерінің популяциясын сақтау және тауарлық балық шаруашылығы мен акваөсіруді дамыту арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау саясатын одан әрі жалғастырады.
Жер ресурстарын орнықты басқару бойынша ұлттық стратегия шеңберінде жерлердің тозу және шөлейттену проблемасын жүйелі түрде шешуге бағытталған стратегиялық шараларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасын табады.
Ормандар мен ағаш өсіру көлемдерін ұлғайту және облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құру, жекешелік орман өсіруді дамыту көзделуде.