Негізгі созылмалы және онкологиялық ауруларды басқару Диспансерлеуге байланысты шығындарды азайту және тиімділігін арттыру үшін негізгі созылмалы ауруларды басқару қашықтан диагностикалау және амбулаториялық емдеуге көшу арқылы жүзеге асырылады.
Онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспары қабылданады және ғылыми онкологиялық орталық құрылады. Бұл ретте халықаралық озық тәжірибелерге негізделген онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің тиімділігін қамтамасыз ету басты назарда болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
енгізілетін болады, оның шеңберінде азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің халықтың денсаулығын қорғау бойынша ынтымақты жауапкершілігі қағидаты іске асырылады. Бұл ретте медициналық ұйымды, сол сияқты дәрігерді де таңдау мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ шектелген ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алу жүйесі енгізілетін болады.
МӘМС енгізілуіне байланысты мемлекеттік міндеттемелердің айқын шекараларын анықтау арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі жасалады.
БМСК және бәсекелес ортаны дамыту Сектордың тиімділігіне қызметтерді амбулаториялық деңгейде шоғырландыру және үйлестіру есебінен мамандандырылған қызметтермен толық интеграциялау арқылы қол жеткізілетін болады. Бастапқы деңгейде бәсекелес ортаны дамыту пациентке бағдарланған модельді енгізуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда көмек көрсету тұратын жеріне тікелей жақын жерде қолжетімді болады.
Медициналық ұйымдарды жекешелендірудің басқарылуы медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігі үшін жеке сектордың құзыреттері мен ресурстарын тартуға бағытталатын болады. Мемлекеттік сектор БҰҰ-ның Тұрақты дамуының жаһандық он жетінші мақсатына сәйкес денсаулық сақтауда жеке секторды дамытуға нақты бағыт берілетін болады.