Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Көліктің қолжетімділігін арттыру» бастамасы



бет74/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

5.12 «Көліктің қолжетімділігін арттыру» бастамасы. Таңдалған бағдарлар бойынша тасымалдау құнын азайту үшін көлік компанияларымен ұзақ мерзімдік келісімшарттарға көшуге қолдау көрсетіледі. Жергілікті жерлерде қалалар мен жақын орналасқан елді мекендер арасында қызмет көрсетудің тиісті деңгейіндегі үздіксіз және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Бұл үлкен қалалардың әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымына жүктемені азайтуға және еңбек көші-қонын дамытуға мүмкіндік береді.


«Барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету» басымдығы
Кез келген өңірдің тартымдылығы, оның бұдан әрі даму перспективалары және тұрғындардың әл-ауқаты деңгейі халықтың өмір сүру сапасымен айқындалады, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты мақсаты. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әрбір өңірде тең жағдай жасау үшін сапалы білім беру және денсаулық сақтауды қоса алғанда, базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қамтамасыз етілуі тиіс, азаматтардың қауіпсіздігі, судың қол жетімділігі, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасы қамтамасыз етілуі тиіс.
«Базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді және өмір жағдайын қамтамасыз ету» міндеті
Денсаулық сақтау және білім беру салаларында көрсетілетін қызметтердің, әсіресе шағын қалаларда және ауылдық жерде, сапасын арттыру мақсатында білікті кадрларды дайындау, материалдық-техникалық базаны жақсарту, ресурстарды тиімді пайдалану, базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша объектілердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту қажет.
5.13 «Өңірлерде сапалы білім мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі» бастамасы. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы инвестицияларды тартуды және жеке сектордың үлесін ұлғайтуды, ғимараттың дизайнына және инфрақұрылымын күтіп-ұстауға технологиялық жаңашылдықтарды енгізуді көздейтін денсаулық сақтау желісін дамытудың бірыңғай перспективалы жоспарының негізінде халықтың қажеттіліктерін есепке ала отырып қалыптастырылатын болады.
Созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді инвестициялық жоба шеңберінде қашықтықтан мониторингтеу бойынша мобильдік қосымшалар мен гаджеттерді енгізумен SMART-медицина технологиясын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Медициналық ұйымдар қажетті IT-инфрақұрылымымен, Интернетке және меншікті бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған сертификатталған медициналық ақпараттық жүйелермен жасақталатын болады.
Аудан деңгейіндегі медициналық мекемелердің құзыреттілігін нығайту және материалдық-техникалық жабдықтау бойынша ұсыныстар қарастырылады.
Өңірлерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында мектептердің жай-күйі жақсартылады және олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Интерактивті және инновациялық технологияларды қолданумен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады. Жақын орналасқан елді мекенде тұратын мектеп оқушылары үшін тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) ашу және жақын елді мекендерде тұратын оқушылар үшін мектеп көлігін іске қосу жұмысы жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет