Технологиялық мегатрендтер Жаңа технологиялар әлемдік экономикаларды, тиісінше, еңбек нарықтарын да өзгертеді. Заттар интернеті, робот техникасы, нанотехнологиялар, автономды көлік құралдары, 3D басып шығару сияқты және басқа да технологиялар белсенді түрде енгізілуде.
Әлемде пайдаланылатын роботтардың жалпы саны 2017 жылы
1,6 миллионнан асты және 2 жылдан соң олардың саны 2,5 миллионға дейін 56%-ға өседі деп болжануда. Роботтандырылған шешімдердің құны төмендейді: 2005 жылы дәнекерлеуші роботқа арналған шығындар 182 мың АҚШ долларын, 2014 жылы 133 мың АҚШ долларын құрады, алдын ала бағалау бойынша 2025 жылға қарай 103 мың АҚШ долларына дейін тағы
23%-ға төмендейді.
Әлемдік еңбек нарығындағы технологиялық серпілістен кейін жаһандық «дағдылардағы алшақтық» байқалуда. Жұмыс процестерін автоматтандыру және цифрландыру кәсіпорындардың біліктілігі орташа және төмен кадрларға деген қажеттілігін жойса, жоғары білікті қызметкерлерге деген сұраныс күрт жоғарылауда. Нәтижесінде әлемдік жұмыс берушілердің орташа есеппен
35%-ы білікті персоналды іздестіруде қиындықтарға ұшырауда.
Түрлі бағалаулар бойынша басталған бизнес-процестердің автоматтандырылуы мен цифрландырылуы таяу арада қазіргі кездегі барлық кәсіптердің 9%-дан 50%-ға дейін жоғалу қаупіне әкеп соқтырады.
Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша 2020 жылға қарай 7,1 миллион жұмыс орны жойылып кетеді. Қазірдің өзінде қысқартуға ұшырағалы отырған кәсіптерге талдамашылар, бухгалтерлер, заңгерлер, трейдерлер, рекрутерлер, әкімшілік персонал және басқалары жатады. Сақталып қалған «дәстүрлі» кәсіптердің мәні айтарлықтай өзгереді.
Технологиялық өсу қашықтықтан жұмыспен қамтудың және өзін-өзі жұмыспен қамтудың белсенді түрде дамуына бастау болды. Тұғырнамалық шешімдерді (Uber, Airbnb) дамыту өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға ынталандыру болды. Тек Еуропада бұл сегменттегі жұмыспен қамтуды ең азы 17%-ға ұлғайтып, 2025 жылға қарай платформалар арқылы транзакциялар көлемі 20 есеге өседі.
Цифрлық қызметтер цифрлық қоғамдастықтар шеңберінде ыңғайлы әрі аз шығынды шешімдерге негізделген бірлесіп пайдалану экономикасының өсуіне ықпал етеді. Мұндай экономиканың елеулі әлеуеті бар және
2025 жылға дейін ол жылына 27%-ға өседі деп күтілуде.
Ауқымды деректер жиынтығын пайдалану секторының теңдесі жоқ өсуін көрсетуде. 2015 жылы бұл нарықтың көлемі 125 миллиард АҚШ долларына жетіп, жыл сайын шамамен 10%-ға – бағдарламалық қамтамасыз ету нарығына қарағанда, шамамен екі есе жылдамырақ өсіп келеді.
2015 жылы барлық технологиялық стартаптардың 46%-ы бұлтты есептеулер мен деректер талдамасына қатысты болатын. Дегенмен, мүмкіншіліктермен қатар көп деректердің дамуы оларды қауіпсіз түрде жинау, сақтау және олардың қоғам өмірінде шамадан тыс көп болу салдары туралы мәселені қойып отыр.
Жасанды интеллект жасау жолындағы алғашқы қадам болып табылатын машинамен оқыту (өзін-өзі оқыту жүйелері) мен нейрондық желілерді әзірлеу және енгізу деректермен жұмыс істеу саласындағы жаңа технологиялардың бірі болып табылады.