4.20 «Құқықтық тәрбие және білім беру бағдарламаларын кеңейту» бастамасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім берудің қолданыстағы бағдарламасы құқық қолдану қызметінің түрлі аспектілерін қамтитын болады. Бағдарлама қарапайым азаматтар үшін іс-шараларды және жергілікті мемлекеттік қызметшілер үшін түсіндіру жұмыстарын қамтитын болады. Заңнаманы қолданудың мағынасы мен қағидаттарын түсіндіретін оңайлатылған форматтағы өзекті құқықтық құжаттардан тұратын ашық ақпараттық құқықтық ресурс құрылады. Азаматтардың құқықтық санасын арттыру жөніндегі, оның ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері әкелетін залал ауқымын көрсететін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне және заңдардың сақталмауына төзімсіздікке тәрбиелеуге, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың заңдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғастырылатын болады.
Бұл ретте заң білімін арттыруға, юриспруденция саласында және қызметтің сабақтас салаларында біліктілігі жоғары мамандар дайындауға бағытталған шаралар әзірленіп, іске асырылатын болады.
«Қоғамдық бақылауды танымал ету және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру» міндеті Қоғамдық бақылау құқық бұзушылыққа қарсы күреске әрбір азаматты тартуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.