оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігін арттыру;
рефлексия мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануға бейімдеу;
білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыту;
мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндіктер жасау;
білім мен әлеуетін дамытуға ықпал ету;
қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасауға жаттықтыру;
мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасауға дағдыландыру.
Түсінік сөз Қазақстанның білім беру жүйесі қатып қалған дүние емес, бүгінгі күннің талабына сай, оқушының ақыл - ойын, қабілетін дамыту, әлемдік денгей талабына жауап беретін интеллектуалдық потеңциал дайындау мақсаты көзделініп отыр. Әрине, 21 - ғасырдың қойған бұл талабы, сөзсіз қиын. Бұл қиын жағдайдан шығудың жолы - адамның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа технологияны іздеп табу. Осыған орай бүкіл білім беру жүйесі озық тәжірибелер мен технологияларды еңгізуде. Бұл жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктерін қолдану арқылы. оқу әркетін қалыптастыру негізінде, оқушылардың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларын меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін көздейді. Бала дамуын жан - жақты, терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен санасын отыру, мұғалімге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді.
Баланың қабілеттерін дамыту, ақыл - ойын жетілдіру мәселелеріне ежелгі грек ғалымы, философы Сократ, Шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби, өзімізге етене жақын ұлы ойшылы, ақынымыз Абай да аса назар аударған. Олардан кейінгі педагогика мен психологияға ден қоя қараған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жүмабаевтар баланың ақылын, танымын, еркі мен зейінін қалыптастыру арқылы бойға біткен қабілетті дамытып жүйелі ой түйіп, білім тұңғиығына бойлауға мүмкіндіктер ашатындығын атап айтқан.
Кәсіби шеберлік, шәкіртті баурап алып, қызығушылықтарын арттыру, терең білім беру -ұстаздың талмай ізденуінде. Бойына жинақтаған теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ізденістен жалықпаған ғана кәсіби шеберліктің шыңына шығары анық.
Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің жастарымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен біргесол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды.
Осыған байланыста елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануынаүйрету.
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Оқу сауаттылығы – оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. «Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау».
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы (жағдай, мәтін, аспект) бойынша оқушыларды мәтіндермен жұмыстандырып, сол мәтіндердегі шынайы мысалдарды неғұрлым көбірек табуға жұмыстандыру арқылы мәтін типін зерттеуге қатыстыру, мәтінде берілетін қорытынды ойды беретін сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізу тиімді. Мәтінмен жұмыс істеуде: мәтіннен ақпарат алып, оған тақырып таңдап, мәтіннің жалпы мағынасын беретін тезис құрап, графиканың негізгі бөліктері мен картаның, суреттің мақсатын түсіндіру, салыстыру және мәтіннің сипаты мен түрін анықтау керек. Мәтіннен ақпарат табу үшін оқушы мәтінді оқи отырып, оның негізгі бөліктерін айқындап, ондағы айтайын деген негізгі ойды табады. Сонымен бірге мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасайды.
Меңгерілген мәтін мазмұнын бағдарлау, оның мағынасын толық түсіну, ақпаратты табу мен мәтінді түсіндіру секілді мәтінді толығымен түсінуді көрсететін біліктілік бағаланды. Осылайша, мәтінді толығымен түсіну оқушының дағдылардың әрбір біліктілік бойынша құзыреттілік деңгейіне меңзейді. Мәтін мазмұнындағы жалпы бағытты айқындау және оның тұтас мағынасын түсіну басты тақырыпты, жалпы мақсатты, немесе мәтіннің міндетін анықтауды қамтиды. Бұл үшін мынадай тапсырмалар ұсынылды: мәтіннен ақпаратты таңдап алу және оған тақырып ойлап табу, мәтіннің жалпы мағынасын көрсететін тезис тұжырымдау, мәтінде ұсынылатын нұсқаулар тәртібін түсіндіру, кескіннің немесе кестенің негізгі бөліктерін салыстыру, картаның, суреттің міндетін түсіндіру және т.б.
Мәтіндегі ақпаратты табу біліктілігін бағалау үшін орындау барысында оқушы мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды және т.б. анықтау) табумен айналысу талап етілетін тапсырмалар қолданылады. Оқу сауаттылығын бағалау үшін оқушыларға мәтінде берілген ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіру ұсынылады.
Оқушылардың оқу сауаттылығы зерттеуінің халықаралық тест тапсырмалары негізінде педагогикалық ұжымдар мен жаңашыл-мұғалімдер жеке ұлттық сұрақтар базасын құрастырады, ол тек оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға бағытталып қоймай, сонымен қатар болашақ жастардың білім жетістіктерінің маңызды факторы ретінде ең алдымен оқу мəдениеті мен дағдыларын құрастыру қарастырылады.
Оқу сауаттылығын дамыту еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларын дамытуға бағыттайды. Оқушының оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс-шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компоненттерінің тығыз байланысы жоғары жетістіктерге жеткізеді деген сенімдемін.