6.7 «Тілдік жаңғырту» бастамасы.Шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде үштілдікті енгізу жалғасады, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін үйретудің жаңа тәсілі енгізіледі.
Қазақ тілінің қазіргі заманғы болуы шеңберінде әлемде тұрақталған және жалпыға бірдей қабылданған терминдер аудармасының негізділігін айқындау тәсілдері қайта қаралады, сондай-ақ бұрын аударылған терминдерге тексеру жүргізіледі.
Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру тілдік жаңғыртудың дербес бағыты болып табылады. Жүйелілік пен кезең-кезеңділік көшудің маңызды факторы болады. Өзара байланысты іс-шаралар кешені жаңа әліпбиді оқытуға және орта мектеп үшін оқулықтарды дайындауға бағытталатын болады. Тиісті ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс жүргізіледі.