7.14 «Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру» бастамасы. Мемлекеттік қызметтің жеке сектордағы жұмысқа қатысты бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, бүкіл мансаптық жолында кәсіби дамуы үшін қосымша жағдайлар жасауды, жетістіктерді жариялауды қамтитын мемлекеттік қызметтің беделін қалыптастыру және ілгерілету бойынша іс-шаралар қабылданатын болады.
Озық технологиялар мен басқару әдістемелерін меңгеруді, инновациялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысуды, құзыретті басшылардан үйрену, неғұрлым табысты сарапшылардан, жеке және квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндігін қамти отырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ерекше назар аударылатын болады.