1-қағидат. Реформаларды іске асыру нəтижелері үшін нақты жауапкершілік Стратегиялық жоспардың реформаларын, саясаттарын және жалпы мақсаттарына қол жеткізуді бақылауды Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын болады.
Әрбір реформаның және саясаттың орындалуына жауапкершілік Премьер-Министрдің орынбасарлары деңгейіндегі тиісті жетекшілерге жүктеледі. Әрбір реформа мен саясаттың жетекшісі мемлекеттік орган басшылары деңгейіндегі міндеттердің жетекшілері арасында жауапкершілікті бөлу арқылы міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.
Жетекшілердің жұмыс тобын қолдауда ведомствоаралық өзара
іс-қимылды талап ететін өзгерістерді іске асыру үшін жобалық офис шеңберінде Үкімет қалыптастырған жобалық офистер жүзеге асырады. Проблемаларды жедел және кешенді шешу үшін жобалық офистерге мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және бизнес өкілдері кіреді.
Бұл тәсіл, бірінші кезекте, айтарлықтай өзгерістерді не әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететін реформалар мен саясаттар шеңберіндегі міндеттер мен бастамаларды орындауға қолданылады. Басқа міндеттер мен бастамаларды министрліктер мен мемлекеттік органдар тиісті мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде және олардың ағымдағы қызметі шеңберінде жүзеге асыратын болады.