5-міндет. Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту ТМД елдері Қазақстанның басым сауда әріптестері болып қалуда. Біздің еліміз ТМД еркін сауда аймағының шеңберінде преференциялы режимнің мүмкіндіктерін тауарлар саудасы үшін кеңінен пайдаланады. Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, оларды құру, қызметі және ТМД-ға қатысушы елдердің инвестицияларын жүзеге асыру туралы келісімді әзірлеу жүргізілуде.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы географиялық жақындығына байланысты және сауда-экономикалық байланыстарын тереңдету үшін әлеуетіне байланысты маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстандық экспорттаушылардың Орталық Азия елдерін шикізаттық қана емес, терең өңделетін тауарлармен толықтыруға өндірістік, технологиялық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту қазақстандық бизнеске таяу Шығыс, Оңтүстік Азия, сондай-ақ ҚХР-дың батыс өңірлерінің нарығына кедергісіз шығуға мүмкіндік береді.