3-қағидат. Нәтижегеназар аудару және бағалау 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланатын болады. Ол үшін міндеттерді орындаушылар міндеттерді орындаудың және мақсатты индикаторларға жетудің ең тиімді әдісін таңдауда белгілі бір еркіндікке ие болады.
2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың орындалуын бақылау және бағалау Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тәуелсіз бағалауға қол жеткізу үшін сыртқы ұйымдар, оның ішінде халықаралық ұйымдар тартылуы мүмкін (мысалы ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк немесе басқалар).