Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру» міндеті



бет79/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   255
«Жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру» міндеті
Мемлекет экономиканың бәсекелі орта қалыптастыруға болатын секторларынан шығады. Бұл ретте елдің стратегиялық даму мақсаттары, ұлттық қауіпсіздік, экономикаға мемлекеттің қатысуының негізделген мерзімдері, саладағы бәсекелестік дәрежесі, компанияның инвестициялық тартымдылығы, әлеуметтік маңыздылығы, кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі және т.б. ескерілетін болады.
Аталған міндет шеңберінде жекешелендіру бағдарламасына қатысты тәсіл қайта қаралады, рәсімдер оңайлатылып, активтерді бәсекелі ортаға берудің ықтимал әдістері кеңейтіледі.
Жекешелендіру жекеменшік бизнес үшін («Yellow Pages» қағидаты) «қызмет кеңістігін тазартуға», ағымдағы бюджет шығындарын азайтуға, жекешелендірілмеген мемлекет пен квазимемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға тиіс.
3.1 «Жекешелендіру процесінің қағидаттары мен критерийлерін айқындау» бастамасы. Мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар мен ұйымдарды жекешелендіру, жою, біріктіру бағдарламасына енгізу үшін нақты критерийлер, сондай-ақ барлық тараптардың мүдделері ескеріле отырып, оларды өткізу қағидаттары айқындалатын болады.
Бір-бірінің қызметін қайталайтын компаниялар мен мемлекеттік сектор ұйымдарын, табысты коммерциялық компанияларды немесе «артық» функцияларды орындайтын компанияларды анықтау мақсатында тиісті функционалдық талдау жүргізілетін болады.
Компанияларды жекешелендіру (жеке қолға беру) жағдайында жаңа иеленуші қол жеткізе алатын тиімділік параметрлерін айқындау қажет.
Мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын функцияларды нарыққа беру орынды болмаса, оларды шоғырландыру, әкімшілік шығындарды қысқарту, басқарушылық және технологиялық процестерді цифрландыру есебінен тиімділігін барынша арттыру қажет.
Жекешелендірудегі реттеуді өзгерту және кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет