Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Ашық және айқын жекешелендіруді жүргізу» бастамасы



бет80/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   255
3.2 «Ашық және айқын жекешелендіруді жүргізу» бастамасы. Жекешелендіру үздік әлемдік практикаларға және айқындық, ашықтық және барлық инвесторлар топтарына әділ көзқарас стандарттарына сәйкес, сондай-ақ қоғамдық бақылау арқылы жүргізілетін болады.
Орталықтандырылған веб-сайтта жоспарлар, рәсімдер, мерзімдер, объектілер, мәмілелердің параметрлері мен құрылымы, сату алдындағы дайындық және мәмілелер жасасу барысы, мәмілелердің нәтижелері мен объектілердің жаңа иелері/операторлары туралы өзекті ақпарат қазақ, орыс және ағылшын (қажет болған жағдайда басқа) тілдерінде ұсынылатын болады.
Әлеуетті инвесторлар мен қоғамды жекешелендіру барысы мен нәтижелері туралы үнемі хабарландыру жүргізілетін болады.
Бұл шаралар қоғам тарапынан мемлекетке сенімді нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік меншіктің, сондай-ақ ұлттық компаниялар активтерінің тұлғалардың шектелген тобының пайдасына жосықсыз бөлінуіне жол бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет