«Бәсекегеқабілетті, қолжетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау» міндеті Өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде мәдениетті тану отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялауды, сондай-ақ Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын елімізде және шетелде кеңінен танытуды, өзінің мәдени брендтерін қалыптастыруды талап етеді. Осы міндеттің шеңберінде халықтың қалың тобы арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды тәрбиелеу, олардың сабақтастығын, саланың инновациялық дамуын ынталандыру және еліміздің мәдени өміріне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасалатын болады. Бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға құндылықтардың орныққан жүйесі, шығармашылық белсенділік және мәдениеттің сұранысқа ие болатын өнімдерін жасау қабілеті ықпал етеді. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен дәстүрлер жаңғыртудың сәттілігінің маңызды алғышарттары және табыстылығының міндетті шарты болады.