«Экстремизмнің таралуына жол бермеу» міндеті Қазақстанда барлық дін өкілдерінің заң алдындағы теңдігі мен діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауға және діни нанымдарға құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастар қалыптасты.
Сонымен бірге қазіргі заманғы қатерлерді ескере отырып деструктивті ағымдар идеологиясы таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау өте қажет.
6.19 «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмыстарын уақтылы нормативтік қамтамасыз ету» бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әсіресе, қайта туындаған қауіпке, ең алдымен терроризмге және діни экстремизге қарсы әрекет ету саласындағы жедел ден қою бөлігіндегі құқықтық нормаларды уақтылы әзірлеу және тиімді қолдану бойынша жұмыстар жалғасатын болады.