6.15 «Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау» бастамасы. Ұлттық шоттар жүйесіне бейресми секторда, күтіп-бағудағы есептелмейтін үй еңбегінде, үй еңбегінде, жалдау бойынша үй жұмысында және басқаларында жұмыспен қамтылуды өлшейтін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер қосылатын болады. Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі.
6.16 «Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті барлық ресурстарға ерлер мен әйелдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» бастамасы. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ерлер мен әйелдер тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты негізде тұрғылықты жері, жасы, мүгедектігі мен мүліктік жағдайы бойынша гендерлік аспектіде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге талдау жүргізіледі. Әкімшілік ауыртпалық тосқауылдарын, шектен тыс нормативтік шектеулерді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуындағы тосқауылдарды қысқарту бойынша саясат жетілдіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |