Қазақстан аумағында Алтын Орда құлағаннан кейін бiрнеше мемлекеттер – Ақ Орда,
Моғолстан, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай Ордасы
құрылды.
ХIII ғасырдың ортасы ХV ғасырдың басында Шығыс Дештi Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекетi өмiр сүрдi.
Рашид-ад-диннiң (ХIV ғасыр) айтуынша,Жошы ұлысының шығыс бөлiгiне Орда Ежен иелік етті. Осы жерді Орда Еженнің Бату ханнан алғандығын Әбілғазы да (ХVІІ ғасыр) растайды
Bilim bolasaqtyn baqyty !
Ұбт-да дәл осылай қуанғың келсе
ерінбе оқы,жаз...
Alash_edu
Білген дұрыс:
Монғол тайпалары ХIV ғасырға қарай толықтай түркiлендi.
Ақ Орда ХIV–ХV ғасырлар аралығындағы Шығыс Дештi Қыпшақ аумағындағы тайпалар мен халықтарды біріктіруде маңызды рөл атқарды.
Ақ Орданың саяси тарихын үш кезеңге бөлуге болады.
Бiрiншi кезең Шығыс Дештi Қыпшақтың аумағын Алтын Орда билiгiнен босату жолындағы ұзаққа созылған күреспен сипатталады. ХIV ғасырдың ортасында Ерзен мен Мүбәрак
қожа хандар Алтын Ордаға тәуелдiлiктi түпкiлiктi түрде жойды.
Екiншi кезең – бұл Ақ Орданың күшейген кезеңi. ХIV ғасырдың 60–70-жылдары билік құрған Ұрұс хан тұсында Ақ Орда айтарлықтай нығайып, бүкiл Алтын Орданы бiрiктiрушi ұлыс ретiнде көрiндi.
Мемлекет тарихының үшiншi – соңғы кезеңi Мауараннахрдың билеу-
шiсi Әмiр Темiр басқыншылығына қарсы күрес кезеңi. Осы күрестегі барша ауыртпалық Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханға түстi.
ХIV ғасырдың 70–80 жылдары Әмір Темiрдің Ақ Орда мен Моғолстан аумағына жасаған ондаған жорықтары нәтижесiнде мемлекет әлсiреді. Тұрғындар аяусыз қырылды немесе тұтқынға түсті.
Көшпелiлер үшiн маңызы зор Оңтүстiк Қазақстан аумағы, оның қалалары: Сығанақ, Отырар, Сауран, Ясы, Сайрам күйреді.
Басқыншыларға қарсы күрес барысында Ақ Орда мен Моғолстан
күштері бірікті.
Бірлескен күрестің тарихи маңызы зор болды. Себебі бұл Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу тұрғындарының топтасуына әсер етті.
Әмір Темiрдiң басқыншылық соғыстары мен iшкi қырқыстар нәтижесiнде Ақ Орда айтарлықтай әлсiредi
Alash_edu
Біраз нәрсе білген секілдімін әрі қарай кеттік......
1423–1428 жылдарыҰрұс ханның немересi Барақ Ақ Ордадағы билiкті бiраз уақыт нығайтты.
1425 жылы Барақ Әмір Темiрдiң немересi Ұлықбекке қарсы жорыққа шығып, Сығанақ қаласымен бiрге Сырдарияның орта ағысы бөлігін қайтарып алды.
Бiрақ 1428 жылы Барақ қайтыс болып, Ақ Орда аумағындағы билiк Шайбани ұрпағы Әбiлқайырдың қолына өттi.
Ұрұс хан мен Барақтың ұрпақтары өз билiктерiн өздерi мұрагерлік еткен жерлерде ғана – Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында сақтап қалды.
Әмір Темiрдiң Ақ Орда мен Моғолстанға басқыншылық саясаты қазақ тайпаларының бiрiгуi мен мемлекеттiк дамуын тежедi.
ҰБТ-дағы 1 балл өкінішпен қуаныштың өлшемі Алтынбек ағай !
2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. ХV ғасырдың 20-жылдары Ақ Орданың құлауы нәтижесiнде құрылған мем-лекет
А) Әбiлқайыр хандығы
Ә) Көк Орда
Б) Әмір Темiр мемлекеті
В) Моғолстан
Г) Астрахан хандығы
2.2. Әбiлқайыр хандығының тарихи әдебиеттегі атауы
А) Көшпелi өзбектер мемлекетi
Ә) Көк Орда
Б) Ноғай Ордасы
В) Моғолстан
Г) Астрахан хандығы
Тест бұл тәжірбие ал тәжірбие
ҰБТ ның паталогы.
Alash_edu
Alash_edu
2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. ХIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығысында
Қалыптасқан мемлекет
А) Әмір Темiр мемлекетi
Ә) Ақ Орда
Б) Көшпелi өзбектер мемлекетi
В) Ноғай Ордасы
Г) Моғолстан
2.2. Шағатай хандығы екi жеке мемлекетке бөлiнген мерзiм
А) ХIV ғасырдың ортасы
Ә) ХVII ғасырдың соңы
Б) ХV ғасырдың соңы
В) ХVІ ғасырдың ортасы
Г) ХVI ғасырдың басы
2.3. Моғолстан билеушiлерi әулетiнiң негiзiн қалаушы
А) Өзбек хан
Ә) Жошы хан
Б) Тоғылық Темiр
В) Меңгу хан
Г) Тоқтамыс хан