Сабақтың тақырыбы: Темiр – «Аспан тасы». Темiр және оның басқа салалармен байланысы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қазақ халқының темiрдi пайдалану дәстүрi, санаға сiңген қасиеттерi туралы түсiнiк беру және өткен көне тарихтағы ғылыми деректерге сүйене отырып темiрдiң қасиеттерiн ашу.
2. Оқушылардың ой-өрiстерiн кеңейту үшiн жан-жақты материалды игерту және осы алған бiлiмдерiн күнделiктi өмiрмен байланыстыруға үйрету.
Cабақтың өтiлу әдiсi: «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
Сабақтың көрнекiлiгi: топтастыру сызбанұсқасы
Сабақтың өтiлу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлiмi.
II. Өтiлген тарауға шолу жасау.
III. Топтастыру – сәйкес ассоциация бойынша.
IV. Графикалық диктант.
V. Дидактикалық тапсырмалар.
II. 1. Қазақша атауға ие болған металдар.
Периодтық жүйедегi 109 элементтiң өзiне тағылған атауы бар. Қазақ тiлiнде де аталатын элементтер баршылық: Au, Ag, Cu, Zn, Fe, Hg, Pb, Sn – 8 металл. Бұл элементтердiң осындай атау алуынан оларды ата-бабаларымыз өмiр сүрген кезеңдерден бастап пайдаланғанын бiлемiз. Оған дәлел халық ауыз әдебиетiнде пайдаланатын мақал-мәтелдер, археологиялық зерттеулер, тарихи деректерден көрiп отырмыз. Fe – адамзат қоғамымен бiрге туып, бiрге жасасып, адам мүддесiне қызмет етiп келе жатқан тарихи элемент. Аңыз бен жырдың бейнелi сөздерiн келтiрсек: Шалкиiз жырау айтқан: «Көгiлдiрдiң жез қанатын сындырған, тегеуiрiндi болат темiрдiң тегеуiрiнi өзiңсiң» немесе Үмбетей жыраудың: «Темiр жұмсап оқ атқан, қорғасындай Бөгенбай ...» деген жолдары қазақ елiнiң темiрмен етене жақын болғанын айғақтайды.
Оқушылар Fe периодтық жүйедегi орналасуы, атом құрылысы, табиғатта кездесуi туралы айтады.
+26Fe 2е-8е-14е-2е- Fe+2O, Fe2+3O3
магнетит – Fe3O4 FeCO3 – сидерит
гемотит – Fe2O3 Fe(HCO3)2 – минералды су.
лимонит – Fe2O3nH2O
пирит – FeS2
Топтастыру әдiсi:
Fe-дің басқа ғылым салаларымен байланысы: (оқушылар)
биология ғарыш медицина
инабат Fe халықтық
негiздерi педагогика
физика тарих география
Физик.
Fe табиғатта тек қосылыс түрiнде кездесетiндiктен, темiрдi тұздарының судағы ерiтiндiсiнен электролиздеу арқылы аламыз.
FeCl2 F e+2 + 2Cl
K: Fe+2+2e- Fe0 тотықсыдану.
A: 2Cl- - 2e- Cl20 тотығу процесi.
Ғарышкер.
1749 жылы Енисейден Сiбiр ұстасы сом темiр кесегiн тапқан. Ол дүние жүзiне әйгiлi болып, тұңғыш метиорит деп аталған. Метиориттегi темiрлер кейде бұйым жасауға жарамайды. Мұндай жағдай Хорезм ханының қару жасаушыларына кездескен. Жасалған қару иiлгiш болған. Себебi таза темiр ақ түстi, өте иiлiмдi металл. P=7,87г/см3, балқу t-сы 15390С
География пәнінің маманы.
Кезiнде қазан-ошақ, шеге мен ат тағасына пайдалану үшiн керектi темiрге зар болған халқымыз өз жерiнде әлемге әйгiлi темiр кенi қорларын ашып, Қарағанды металургия комбинаты сияқты темiр өңдеу алабын құрды. Қазiрдiң өзiнде Қарағанды металургия комбинаты бес миллион тоннадан артық болат өндiредi. Бұл өте мол өнiм. Республикамыз алтын, Ag, Cu, Zn, Pb, Al, Fe сияқты металдар өндiру жөнiнен дүние жүзiне беделдi аймақ Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қарағанды.
Дәрігер.
Радиация әсерiнен гемоглабин синтезделмесе, адам ақ қан ауруына шалдығады. /лейкомия/ Организмде темiр мөлшерiн қалыпты сақтау үшiн фермуллен т.б. дәрiлер пайдаланылады. Сонымен бiрге организмде темiр жетiспесе қан аздық /анемия/ ауруына ұшырайды. Ол үшiн құрамында темiрi мол алма, жемiс-жидектер жеп, ақуызға бай сүт, айран, құрт жеу керек. Медицинада темiрдiң дәрiлiк препараттары, изотоптары Fe52, Fe55, Fe59 зерттеу кезiнде индикатор ретiнде,қјан ауруын анықтауға қолданылады.
Халықтық педагогика маманы.
Темiр зергерлiк және кәсiптiк бұйым түрiнде кең қолданылады. Зергерлер темiрге алтын, күмiс, мыс тәрiздi металдарды қосып, алуан түрлi асыл тастармен безендiрiп сырға, сақина, бiлезiк, жүзiк, тұрмыстық ер, жүген, үзеңгi сияқты бұйымдар жасайды. Сонымен бiрге торлау, оюлау, құймалау, жалату, жiңiшке күмiс не алтын сыммен өрiм жасауды игердi. Темiр металы өте ерте кезден-ақ халықтың тұрмысына кең енгенiн «Темiр сырын отта танытады», «Тегi жаман темiрдi јанша егесеЎ де †шпейдi», «От - көмiр жейдi, тат - темiр жейдi» деген мақалдарынан байқауға болады. Бұл мақалдан халықтың темiрдi көмiрмен қорыту керек екенiн, таттану процесi жайлы бiлгенiн көруге болады.
«Темiр кессең, қысқа кес ұзарту оңай» деген мақалды сол кезеңнiң өзiнде халық темiрдi пiсiру /сварка/ процесiн бiлген. Оның айғағы мынадай дерек бер. Талдықорған өңiрiнде XVII ғасырда өмiр сүрген Жалаңаш әулие сынып қалған қазанды жылқы тезегiмен қыздырып, пiсiрiп жамағаны туралы мәлiмет бар. Ертеде түркiлер ант iшiп серттескенде қылыштарын ортаға шығарып «Көк темiр кiрсiн – қызыл шықсын» дейдi екен. Ол серттесу, серт бґұылса қылыш қанға боялсын дегендi бiлдiредi.
Тарих маманы.
Темiрдiң қашан шығып және қалай ашылғаны жөнiнде нақты деректер жоқ. Тарихи және археологиялық дәлелдеулер бойынша алғашқы кезде адамдар тастарды балта, найза, садақ ретiнде пайдаланған. Бұл кезең тас ғасыры деп талады. Содан кейiн метелдардан Cu пен Au қолданған. Оларды қалайымен қосып құймалар алып, құралдар жасаған. Сөйтiп, алғашқы қорытпа металл - қола алынды. Адам қоланы пайдаланған заман «қола заманы» деп талады. Көшпелi қазақтардың күнделiктi тұрмысына тас, мыс, қола заттардан гөрi темiрдiң енуi ел тiршiлiгiнiң күрт iлгерiлеуiн туғызды. Шын мәнiнде өркениет, мәдениеттiң өзi адамзаттың темiрдi игерiп, өз пайдасына жаратуына байланысты болды.
Америка ғылымы Морганның «Жабайы адамдар бiрте-бiрте iздене отырып таза метал мысты қалайыға қосып құйма, одан кейiн темiрдi кеннен балқытып алуды үйренiп, өркениет жолына бастайды» дейдi.
Темiр металын Қазақстан жерiнде ертеде б.з. дейiнгi VII ғасыр мен 204 жылға дейiн өмiр сүрген сақтар мен б.з. дейiнгi 204 жылдан бiздiң заманымыздағы 216 жылға дейiн өмiр сүрген ғұндар пайдаланған, ғұннан тарайтын Ашина руы жу-жаньдарға темiр өндiрушi болған. Хуннан тарайтын Ашина руы кейiн түркiлерге қосылған. 546 жылы Жу-Жань ханы түркiлердi «Менiң басыбайлы темiр қорытушыларым» деп атаған. Олар найза, қылыш, семсер және тұрмыстық бұйымдар жасаған.
Бiздiң заманымызға дейiнгi VII ғасырда сақ тайпалар одағы күшейiп, шаруашылығы iлгерi дамыды. Оған себеп түстi металл қорытумен бiрге темiр балқыту әдiсi пайда болды.
Ғұндар темiр өңдеудi керемет жақсы игергендiктен темiр құю, таптау, қашау тәрiздi тәсiлдердi бiлген. Олар әскерге сауыт жасауды, 3 қырлы жебе жасауды бiлiп, темiр қалқан соққан.
Биология маманы
Темiр – қан глобинiнiң маңызды құрам бөлiгi. Қанның қызыл түстi болуы – гемоглобинге байланысты. Темiр иондары болмаса, гемоглобин түзiлмей, өкпеден жасушаларға оттегi тасымалданбас едi. Гемоглобин сүйек кемiгiнде синтезделедi. Ересек адам организмiнде 3,5-4г темiр болады. Темiр өсiмдiк, жануарлар организмiнде де болады. Өсiмдiктердегi хлорофилл пигментiнде темiр болмайды, бiрақ темiр болмаса хлорофилл түзiлмейдi.
Табиғатта темiр бактериялар кездеседi, олар темiр кенiнiң түзiлуiне әсер етедi. Темiр иондары ақзадағы көпшiлiк ферменттердi активтейдi. /пепсин/
Инабат негiздерi.
Меккедегi қара тас таза темiрден тұрады. Оның ауада тiреусiз қалқып тұруы темiрдiң магниттiк қасиетiне негiзделген. Таза темiр коррозияға ұшырамайды. Оған куә – Үндiстанның Дели қаласындағы «Қағат-уль-Ислам» атты мешiттегi «Жеңiл дiңгек» деп аталатын бағана. Оның биiктiгi 7,3м, диаметрi 29,5м. Ол өте тазартылған темiрден (тазалығы 89,7%) 415 жылы жасалған. Егер осындай таза болмаса, бұл бағана тотығып ыдырап кетер едi. Жердiң iшкi қабаты: жер қыртысы, мантия, ядро. Ядрода Fe болады, сол себептi бүкiл әлемдiк тартылыс заңына сәйкес Fe-н тұратын қара тас аспанда қалқып жүредi. Әр аттас зарядтар, бiрдей зарядтар.
Қосымша.
Жер шары ядросында темiр элементi көп кездеседi деген пiкiр бар. (жер шары: жер қыртысы, мантия, ядро)
Күн сәулесi сызықтарында темiр элементтерiнiң булары кездеседi.
Ертедегi алхимиктер 7 ғаламшар бар деп есептеп, күн жарығын 7 ғаламшар құрайды деп ойлаған.: Au (күн), Ag (ай), Cu (шолпан), Fe (марс – қызыл жұлдыз), Sn (юпитер), Pb (сатурн), Hg (меркурий).
География. Қарағанды (Темiртау қаласы, Рудный)
Соғыс уақытында темiр орасан көп мөлшерде жұмсалды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста – 800млн тонна болат жұмсалды, 60 мың қару, 1млн 350 мың қол және станокты пулеметтер, 6млн-дай автоматтар шығарылды. «Темiрге тiл, жаңқаға жан бiтiрген» мәтелi заттардың бiр-бiорiне айналу процесi. Тарихқа үңiлсек «Темiр» сөзiнiң қолданылуы V-XIII ғ. Орхон-Енисей жазбаларындағы Күлтегiн жазбаларында кездеседi. «Батыста iнжу өзенiн, кеше темiр қақпаға дейiн жауладым, Күлтегiн жауын қылышпен шапты», деген сөз бар.
Оқушылардың бiлiмдерiн қорытындылау үшiн тест жұмысы жүргiзiледi.
Тест.
Қанға қызыл түс беретiн химиялық элемент:
а/темiр ә/мыс
Меккедегi темiрдiң қалқып тұруы неге байланысты?
а/қаттылығына ә/магниттiгiне
Өте ертеде сақтар темiрдi не үшiн пайдаланған?
а/тұрмыстық бұйым ретiнде, қару жасауға
ә/магниттiк қасиетiн пайдаланған
Темiр периодтық кестеде қай топта орналасқан?
а/VIII топ, негiзгi топша „/VIII топ, қосымша топша
Темiр қандай валенттiлiк көрсетедi?
а/ауыспалы ә/ тұрақты
Темiр атомының сыртқы энергетикалық деңгейiнде неше электрон болады?
а/2 электрон ә/3 электрон
Метеорит құрамында темiр бар ма?
а/бар ә/жоқ
Метеорит құрамындағы темiр бұйым жасауға жарай ма?
а/иә ә/жоқ
Темiр металдардың iшiнде таралуы жағынан қай металдан кейiн тұр?
а/мыс ә/алюминий
Темiр таралуы жөнiнен нешiншi орында?
а/бiрiншi ә/екiншi
Дұрыс жауаптары: 1-а, 2-ә, 3-а, 4-ә, 5-а, 6-а, 7-а, 8-ә, 9-ә, 10-ә.
Семантикалық карта бойынша жұмыс iстеледi.
Аты
|
Формуласы
|
магнетит
|
....
|
....
|
Fe2O3
|
лимонит
|
....
|
....
|
FeS2
|
Графикалық диктант.
Дұрыс жауап: «-», қате жауап: «+»
Темiрдiң валенттiлiгi ауыспалы.
Темiр қанның құрамына кiрмейдi.
Метиориттегi темiрлер бұйым жасауға жарайды.
Таза темiр күмiстей ақ түстi, өте иiлiмдi.
Темiр амфотерлiк қасиет көрсетедi.
Темiрдiң балқу температурасы жоғары.
Өсiмдiктердегi хлорофил пигментiнде темiр болмайды.
Темiр қышқылдармен әрекеттеспейдi.
Таза темiр коррозияға ұшырамайды.
Темiрге магниттiк қасиет тән емес.
-
1
|
+
2
|
+
3
|
-
4
|
-
5
|
-
6
|
-
7
|
+
8
|
-
9
|
+
10
|
Дидактикалық тапсырмалар.
Темiр (II) хлоридiнен темiр (III) оксидiн алыңыздар.
Темiр (II) сульфатын кем дегенде үш әдiспен алыңыздар.
Темiрден темiр (II) және темiр (III) гидроксидiн қалай алуға болады. Реакция теңдеуiн жазыңдар.
Темiр купоросынан: а/темiр (II) хлоридiн; б/темiр (II) нитратын алуға болады. Сәйкес келетiн реакция теңдеуiн жазыңдар.
Сұйытылған H2SO4-да 140г темiр ерiгенде неше грамм темiр купоросын алуға болады?
320т темiр (III) оксидiн толық тотықсыздандыру үшiн неше тонна көмiртегi (II) оксидiн реакцияластыру қажет?
Темiр (II) сульфидiн пиритке темiрдi қосып қыздыру арқылы алуға болады? Осы реакция теңдеуiн құрыңдар.
Табиғи суда темiр негiзiнен гидрокарбонат түрiнде болады, ол судың және ауадағы оттегiнiң әсерiнен бiртiндеп темiр (III) гидроксидi мен көмiрқышқыл газға айналды.
Мына айналуларды жүзеге асыр.
а/ Fe Fe2O3 FeCl2 ә/ Fe FeCl2 Fe(OH)2
Минерал судың құрамындағы темiр сульфатын әк көмегiмен судан бөлiп алады. Мұнда темiр (II) гидроксидi түрiнде тұнба түсетiнiн ескере отырып, жүретiн реакция теңдеуiн құрыңдар.
«Менен сұрақ – сiзден жылдам жауап»
Металдардың iшiнде кең таралған? /Al/
Темiрдiң валенттiлiгi қандай? /ауыспалы/
Темiрдiң маңызды қосылыстарының бiрi? /пирит/
Темiрдiң негiзгi қасиетi қандай? /магниттi/
Қанның қызыл түстi болуы неге байланыста? /гемоглобин/
Қазақстанда темiр кенi өндiрiлетiн қала? /Темiртау/
Темiрдiң түсi қандай? /ақ/
Темiрдiң қанша саламен байланысын құрастырдық? /сегiз/
Темiр құймаларының бiрi. /шойын/
Қорытындылау.
Ерте заманнан белгiлi жетi металдың бiрi – темiрдi ата-бабаларымыз аспан iлiмiмен байланыстырған. Күн жүйесiнiң орталық жұлдызын «Темiрқазық» деп атады. Қасиеттi құрандағы 57-…л Хадис Темiр сүресiнде: «Сондай-ақ темiрдi пайда қылдық. Онда мықты күш, әр адамзат үшiн қажеттер бар. Соғыс құралдары, т.б. аспаптар темiрден жасалады. Тiптi темiрсiз өмiр болмайды» делiнген. Сондықтан қолымызда бар темiрдi қадiрлейiк. Қазiргi кезде жастар көршi Қытай мемлекетiне азын-аулақ ақшаға қызығып темiр өткiзедi. Ал ол мемлекет бiзден алған темiрден ауылшаруашылық техникасын жасап, өзiмiзге бiрнеше есе қымбат бағаға сатады. Сол темiрдi жинап, өз елiмiзде өз пайдамызға жаратсақ, халық шаруашылығы өркендер едi. Мiне осыны ойланайық.
Достарыңызбен бөлісу: |