Экономиканың сапалы өсу драйверлері Сапалы өсуді қамтамасыз ету үшін экономика салаларында жаңа өсу драйверлерін енгізу талап етіледі. Базалық салаларда және көрсетілетін қызметтер салаларында олардың технологиялылығын және экспортқа бағдарлануын арттыру үшін қажетті өзгерістер болуға тиіс.
Бірінші драйвер экономика салаларының операциялық тиімділігін арттыру және өнімді өндіруге, тасымалдауға және сатуға, технологиялық жаңару мен цифрландыруға арналған инвестицияларға шығындарды азайту есебінен, сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу үшін жағдайлар жасау есебінен экономиканың тиісті салалары өнімділігінің өсуі болуы тиіс. Бұл қазіргі салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.
Екінші драйвер экспортқа бағдарланған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің алуан түрлілігі есебінен экспортқа бағдарланған қазіргі салалардың өндіріс көлемінің өсуі болып табылады. Оның үстіне қосылған құны жоғары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, жаһандық жеткізу тізбектерінен орын алуға, экспортты жылжыту мен табиғи және жер ресурстарын экономикалық айналымға ұтымды тартуға басымдық берілуі тиіс. Нәтижесінде жаһандық нарықтағы елдің позициялары барлық негізгі экспорттық бағыттар бойынша нығайтылуы тиіс.
Үшінші драйвер жеткізу тізбегін құру, қазіргі салалар қиылысында көрсетілетін қызметтерді дамыту, технологиялық компанияларды оқшауландыру, технологиялар трансферті және инновацияларды коммерцияландыру есебінен туындауы тиіс экономиканың жаңа жоғары өнімді салаларын қалыптастыру болады. Осының арқасында экономикада әртараптандырылу жүргізілуі және өңірде жаңа бәсекелі артықшылықтар жасалуы тиіс.
Жеке инвестицияларды тарту мен оларды ұстап тұрудың және технологиялық құзыреттерді арттырудың тиімді жүйесін құру экономика салаларында жаңа өсу драйверлерін табысты іске қосудың шешуші факторы болып табылады.