Отыздық лигасына кіру жолында – Елдің үшінші жаңғыруын іске қосу 2017 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Елдің үшінші жаңғыруының басталғаны туралы жариялады. Оның мақсаты жеделдетілген экономикалық өсу және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады, бұл елімізге өзінің 2050 жылғы пайымын іске асыруға және әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіруге мүмкіндік береді.
Үшінші жаңғырту жаңарудың үш маңызды процесін қамтиды:
бірінші – бұл жеке сектордың рөлі басым болған жағдайда технологиялық жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін айтарлықтай арттыруға негізделген экономиканы жаңғырту;
екінші – бұл билікті орталықсыздандыруға және өкілеттіктерді Президенттен Парламент пен Үкіметке беруге, сондай-ақ мемлекеттік басқару институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған саяси және институционалдық жаңғырту;
үшінші – бұл халықтың ашықтығын, прагматизмі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту.
Бірінші кезекте 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Үшінші жаңғыру мақсаттарын орындауға мүмкіндік беретін экономикалық өсудің жаңа моделін құруға бағытталған. Жоспардың мәні қағидатты түрде
2025 жылға дейін іске асыру маңызды жүйелі реформаларды және «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде басталған, жалғастыруды қажет ететін басым саясаттарды білдіреді.