Жаңа экономикалық өсу моделінің бес қағидаты – 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар негізделген шешуші өзгерістер. Жаңа экономикалық модельге көшу қазіргі мемлекеттік саясатта қағидатты өзгерістерді талап етеді. Бұл өзгерістер жоспардың идеологиясын құрайды және оның реформаларын, мақсаттары мен басымдықтарының негізін қалайды.
Үкімет, орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қамтылған:
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мен жалақыны арттыру есебінен тұтынуды ынталандырудан - тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өнімділігінің өсуі, әртараптандырылуы және сапасы есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған өнімділік пен сапаға жаппай бағдарлану;
білім беруде жаттап алу мен есте сақтау әдістемесінен және жекелеген салаларда технологияларды пайдаланудан - өмірдің барлық кезеңдерінде жасампаз, когнитивті дағдыларды дамытуға, технологияларды жаппай енгізуге және жалпыға ортақ цифрландыруға адамдардың, кәсіпорындар мен салалардың технологиялық бағыттылығы;
мемлекеттік және жекеменшік моно- және олигополияларды дамытудан, импортты алмастыру мен шетелдік жұмыс күшін тартуға шектеулерден -салаларды монополиядан шығаруға, экспортты ілгерілетуге, технологиялық компанияларды оқшаулауға және таланттарды тартуға бағытталған өсуді ынталандырушы ретіндегі бәсекелестік;
жобаларды жоспарлауға, іске асыруға, оған инвестициялар тартуға, кәсiпорындарға тiкелей қолдау көрсетуге жауапты мемлекеттің рөлін өзгертуден - тосқауылдарды жою, жеке инвестицияларды ынталандыру, инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн ортақ жауапкершiлiк арқылы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін жүйелік жағдайлар жасауға бағытталған жеке сектордың басым рөлі:
өңірлердің белсенді ұстанымы және теңгерімді өңірлік даму: ресурстарды орталықтандырылған жоспарлау мен бөлуден - үлкен экономикалық дербестілікке, жауапкершілікке, бәсекелестікке және өңірлер арасындағы кооперацияға ауысу қағидаттарына, жергілікті бизнестің өсуіне және халықтың мемлекеттік басқару сапасына қанағаттанудың жоғары деңгейіне бағытталған өңірлердің белсенді ұстанымы мен теңгерімді өңірлік даму қағидаттарды ұстанатын болады.