Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі
Жалпымемлекеттік қаржылар
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржылары
Халықтың қаржысы
Мемлекеттік бюджет
Бюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттік несие
Матер. өндіріс сферасының қаржысы.
Матер. емес өндіріс сферасының қаржысы.
2.Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орынын негіздей отырып қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған.Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі келесідей үш бөлікті қамтиды:
1.қаржы қатынастарының жиынтығы.
2.ақша қорларының жиынтығы.
3.басқарудың қаржылық аппараты.
4.Қаржы жүйесін құрудың негізі мына принциптерге негізделген:
5.Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі;
6.Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау;
7.Қаржы жүйесінің бірлігі;
8.Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функционалдық арналымы;
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
-мемлекеттік бюджет жүйесі;
-арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
-мемлекеттік несие;
-жергілікті қаржы;
-шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
-халықтың қаржысы.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискальдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алмайды, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретіндегі қаржының қағидалы мәндік сипаттамалына және функционалдық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық теңдікті қамтамасыз етуді де талап етеді.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жргізіп отырған біріңғай мақсаттарымен0 алдын ала айқындалып отырады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функционалдық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығнан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қарржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |