Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Тақырып 2. Сақтандырудың жіктелуі



бет9/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Тақырып 2. Сақтандырудың жіктелуі
Дәрістің мақстаы - сақтандырудың экономикалық мәнін және өмірдегі қажеттілігін жеткізу.

Дәрістің жоспары:

  1. Сыныпталудың жалпы негіздері

  2. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың сыныпталу ерекшеліктері

  3. Сақтандыруды жүргізу формалары


Дәрістің мәтіні
1. Сыныпталу дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты иерархиялық буындардың жиынтығын айтамыз.

Сақтандырудың сыныпталуының жалпы негіздеріне келетін болсақ, олар мынадай буындар арқылы топтасады:



  • жоғарғы буын- сала

  • ортаңғы буын- қосалқы сала

  • төменгі буын- түрлер

Бұл буындар былай орналасқан, яғни төменгі буынның жоғарғы буынның жалғасы ретінде сақтандырудың жалпы негізделуіне, салаларға мыналар жатады:

  • жеке сақтандыру

  • мүлікті сақтандыру

  • жауапкершілікті сақтандыру

  • кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

Сақтандырудың сыныпталуы мынандай критерийге байланысты:

  1. Объектісін (жалпылама)

  2. қауіп- қатерге байланысты(ішінара)

Жалпылама сыныпталу бойынша сақтандыру салаларды құрайды:

  • жеке

  • мүліктік

  • жауапкершіліктік

  • кәсіпкерлік тәуекелді

Қауіп-қатерге байланысты сыныпталу тек қана мүліктік сақтандыруды қамтиды және 6 негізгі буындарды құрайды.Бұл буындар өзара бір-бірімен иерархиялық бойынша байланыста болмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандарыболып табылады:



міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;

сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;

сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру —  заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу және лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға, түрлерге бөлінеді.Сақтандыру ұйымының сақтандыру түрлері «Өмірді сақтандыру» және «Жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады.

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

а) өмірді сақтандыру

б) аннуитеттік сақтандыру

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша ерікті нысанда мынандай сыныптарды қамтиды:

а) медициналық сақтандыру

б) автомобиль көлігін сақтандыру

в) жазатайым жағдайдан сақтандыру

г) темір жол көлігін сақтандыру

д) әуе жол көлігін сақтандыру

е) су көлігін сақтандыру

ж) жүктерді сақтандыру

з) в-ж аталған сыныптарды қоспағанда мүлікті сақтандыру

и) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

к) автомобиль көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

л) темір жол көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

м) әуе жол көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

н) су көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

о) тасымалдаушылардың АҚЖ- сын сақтандыру

п) шарт бойынша АҚЖ-ны сақтандыру

р) 10-14 тармақтарда аталған сыныптарды қоспағанда зиян келтіргені үшін АҚЖ- ны сақтандыру

Сақтандыру түрі- сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірленетін және сақтандыру қызметін беретін сақтандыру өнімі болып табылады.


3. Сақтандыру жүргізудің мынандай әдістері бар:

  • сақтандыру

  • өзін- өзі сақтандыру

  • топтап сақтандыру

  • ортақ сақтандыру

  • қайта сактандыру

  • екі (көп) есе сақтандыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет