Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі



бет7/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Сақтандыру сертификаты – сақтандырушы сақтанушыға бас полистің күші жүретін жекелеген жүктің сақтандырылғанын растау ретінде беретін құжат.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыратын жағдай туғанда сақтандырушы жауапкершілігінің шекті ауқымын білдіретін ақша қаражатының сомасы.

Сақтандыру сыйақысы – сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру үшін төлейтін сақтандыру жарнасы, ақшалай сома.

Сақтандыру тәуекелдігі – ықтимал қауіп-қатер мен кездейсоқтық; олардың ықтимал басталуы себепті сақтандырушының сақтанушыға келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемені мойнына алуы.

Сақтандыру ұйымы – ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық С.ш. болуы мүмкін.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, сақтанушыға шартта уағдаласылған сақтандыру жағдайы басталғанда келтірілген зиянды өтеуге немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенген мамандандырылған ұйым (мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, аралас ұйым).

Сақтанушы, сақтандырылушы - сақтандыру жарналарын төлейтін және сақтандырушымен (сақтандыру компаниясымен) нақты сақтандыру қатынастарына түсетін заңды менесе жеке тұлға. Ол үшінші тараптың мүдделері үшін немесе соның атынан сақтандыру шартын жасасуға құқылы. Халықаралық сақтандыру практикасында оны полис ұстаушы деп атайды.

Сақтау шығыны – тауарды (өнімді, бұйымды) сатып алушыға (тұтынушыға) жөнелткенге дейін қоймаларға, басқа да сақтау орындарына орналастыруды қоса алғанда оны сақтаумен байланысты шығын.

Сақтық капиталы – акционерлік қоғамдағы арнаулы ақшалай қор; ықтимал залалды жабу мақсатымен және облигацияларды өтеу және есепті кезеңде табысты кем алған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді төлеу үшін құрылады. Сақтық қордық шамасын акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді, бірақ жарғы капиталы шамасының 12%-ынан кем болмауға тиіс. Қор акционерлік қоғамның таза табысы есебінен құралады.

Сақтық қоры – тосын жағдайдан пайда болатын шығындарды жабу, залалдың орнын толтыру, уақытша қиындықтарды жою, қандайда бір төтенше оқиғалар болған жағдайда қалыпты қызметті қалпына келтіру үшін ақшалай және заттай нысанда жасалатын, босалқы қаражат қоры. Бұл оқиғалар жағымсыз факторлардың – табиғат апаттарының, ереуілдердің салдарынан болуы немесе жағымды жәйттерге – ғылыми ашылымдарға, пайдалы қазбалардың мол кеніші табылуына байланысты болуы мүмкін.
1.3.Сақтандыру функциялары,нысаны.

Сақтандыру келесі функцияларды атқарады:

1.Тәуекел функциясы. Сақтандыру оқиғалармен байланысты сақтандырудың қатысушылар арасында сақтандыру қоры қаражаттарының қайта бөлумен сипатталады.

2. Алдын алу функциясы. Жағымсыз оқиғалардың, табиғат апаттарының келеңсіз зардаптарын болдырмау немесе оны азайту бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталған кең шаралар шеңберін қамтитын функция.

3. Жинақтаушы функциясы. Сақтандыру көмегі арқылы жеке сақтандыру түрі бойынша өмірді сақтандыру шарттарына сай сақтандыру сомаларын жинақтау арқылы өмір сүруіне қажет ақша сомаларын жинау жүзеге асырылады.

4. Бақылау функциясы. Сақтандыру оқиғаларының болуымен байланысты сақтандыру қорының қаражаттарын қатаң түрде мақсатты жұмсаудың бақылау мүмкіндігіне қол жетеді.

Қоғамдық өндірісті қамтамасыздандыру мақсатында сақтандыру қоры құралады. Сақтандыру қоры төтенше жағдайда зиянды келтірмеу үшін материалды резервтер мен ақша қаражаттарынан құралып, қоғамды стихиялық апаттардан, техногенді факторлар және басқа әртүрлі оқиғалардан сақтайды.

Қоғамдық тәжірибеде сақтандыру қорының ұйымдық формалары қалыптасты. Экономикалық шарттарының қызметіне келесілерді белгілеуге болады:

- орталықтандырылған сақтандыру (резервтік) қоры;

- орталықтандырылмаған сақтандыру қоры;

- сақтандырушының сақтандыру қоры.

Сақтандыру қоры мемлекеттік (орталықтандырылған) қаражаттармен, сақтандырумен және өзін сақтандыру әдістерімен қалыптасады.

Орталықтандырылған сақгандыру (резервтік) қоры мемлекеттік қолма-қол және ақша қаражаттарынан құралады. Бұл қорды қалыптастыру мақсаты - адамдарды өлімнен және құрылыстардың құлауынан, стихиялық апаттардан және ірі авариялардан зиян келтіруден сақтандырады. Ақшалай формадағы орталықтандырылған сақтандыру қоры - бұл орталықтандырылған мемле-кеттік қаржы резервтері. Оларды пайдалануды мемлекет іске асырады.

Орталықтандырылмаған сақтандыру қорлары кәсіпкерлік немесе жеке шаруашылық шектеулерінде қолма-қол немесе ақша қаражаттарды қайта сақтандыру әдісімен іске асырылады. Бұл қор өндіріс процесінде уақытша қиыншылықтардан сақтандыруға мүмкіндік береді.

Нарық экономикасына өту арқасында бірте-бірте қайта сақтандыру шектеулері кеңейді. Оның жаңа үлгісі тәуекелдік қорына трансфор-мацияланады, бұл экономикалық конъюктурасы дұрыс қалыптаспаған кәсіпорынның қызметін қамтамасыз етеді. Бұл айналым қаражаттары жетіспеген уақытта, жеткізілген өнімдерге уақытында төлемдерін төлемеу мақсатында қалыптасады. Нарық шарты бойынша кәсіпорын тұрақты және тұрақсыз экономикалық аумақта өзгереді: өндірілген өнімге, сатып алынған материалдарға, банк ссудаларын алуға шарттардың өзгеруі, сұраныс пен ұсыныстың қатынасында және шаруашылық қызметіндегі басқа да факторларына бағалардың өзгеруі. Сонымен қатар, кәсіпорын және басқа шаруашылық субъектілері қайта сақтандыру қоры арқылы қаржылай және өндірістік төтенше жағдайларсыз қызмет етуге тырысып, өздеріне тұрақты жағдайды қалыптастыруға тырысады.

Сақтанушынның сақтандыру қоры - сақтандырушылардың сақтандыруға ақшалай сомаларын салу әдісімен қалыптасады.

Сақтанушының сақтандыру қорының қазіргі шарттарының тек ақшалай формасы бар. Статистика мен ықтималдықтар теориясына сүйеніп сақтандыру сомалары мен сақтандыру төлемдерін міндетті төлеу арқасында қордың көлемі анықталады.

Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Сақтандыру дегеніміз не?

2. Сақтандыру мәні мен мақсаты?

3.Сақтандыруда жиі кездесетін терминдер.

4. Сақтандыру функциялары нені қамтиды?

5. Сақтандыру нысандары.

6. Сақтандыруды несие мен қаржыдан ерекшелейтін белгілер?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет