Тақырыбы: Сүйектің мезенхимадан дамуы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі103,06 Kb.
#96183
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ
СОӨЖ

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты



СОӨЖ
Тақырыбы: Сүйектің мезенхимадан дамуы.
Орындаған: Жамалова Н
Тексерген:Тунгушбаева З


Сүйек ұлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар, мен ниттраттар. Сүйекте минералдық тұздардың көп болуы оның оның мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа органдардағы кальциймен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97%дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес. Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қаңқаның дамуында елеулі бұзылыстар байқалады. Сүйектің құрамында көп мөлшерде су мен липидтер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет