Тақырыбы: Сүйектің мезенхимадан дамуы


Ұрықтар мен жаңа туған жануарларда



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі103,06 Kb.
#96183
1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ
СОӨЖ
Ұрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек ұлпасының клеткааралық заттарының коллагендік талшықтары ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мұндай сүйекті ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек құрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан тұратын пластинкалық сүйекке айналады.
Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырларынан тұратын сүйек пластинкалары құрайды. Шоғырлар қалыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта орналасады. Шоғырлар арасында остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек ұлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтермен тығыз байланысқан тұтас жүйе құрайтын пластинкалардан тұрады.
Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір – бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден тұратын тор. Көлдненең шабақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмақтың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек ұрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал ересек организмдерде жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы каналдар арқылы қан тамырлары өтеді.
Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гавер жүйесі немесе остеон деп атайды. Остеон – сүйектің тығыз затының құрылымдық бірлігі. Жілік сүйек бір – біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген санынан тұрады. Қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары остеобластар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық зататрын бөледі. Гаверс каналында борпылдақ дәнекер ұлпасына оралған нервтер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остендар арасында қалған аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.
Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап тұрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жұқа дәнекер қабықша – эндост қаптап тұрады. Негізгі және аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырларда болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар арқылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.
Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықша қаптап тұрады. Ол сүйек тіршілігінде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан құралады. Ішкі және сыртқы.
Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан тұрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлар жатады. Бұлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостның сыртқы қабаты тығыз келеді және коллагендік талшықтардың жуан шоғырларынан тұрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарынан өтіп, сүйекті қоректендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет