Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет100/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Балықтан жасалатын шұжық.Целлофан қағазға май жағады, алдын-ала əзірлеген сүзбе - балық малмасын оған шұжық тəрізді тығыз орайды. Екі ұшын жіппен байлап, шұжық батонының өзін екі жерден буады.
Əзірлеген шұжықты суға салып немесе буға қойып пісіреді. Дəмділік үшін мускат жаңғағын, қара бұрыш, ал ұнататындар – сарымсақ қосады.

Целлофанға оралған шұжықты суық су ағынына тосып салқындатады, сосын целлофанды сыдырып, суығанша қояды . Егерде шұжық пергаментке оралып əзірленсе, пісіріп болысымен , суымай тұрып пергаментті сыдырып тастайды. Сүзбе - 40, балық – 40, бас пияз – 8, бұқтыру үшін өсімдік майы – 4, бидай наны – 8 грамм.


Белокты тефтели. Тефтели үшін котлетке дайындалғандай сүзбе – ба-лық малмасын əзірлейді. Малманы формаға келтіріп, ұн- ға аунатады , сосын өсімдік майына қуырып, духовкаға қойып, пісіреді. Тефтелиді томат тұздығын құйған көкөніс гарнирімен беруге немесе басытқы ретінде көкөніс маринадын пайдалануға болады. Сүзбе - 40, балық - 40, нан - 8, пияз

  1. 8, ұн - 4, өсімдік майы - 10 грамм.


Кальмарды пісіру.Теңіз молюскасы - кальмарды терісі мен тұмсығынан, сүйегінен арылтып, етін салқын суға салып жібітеді, сыртқы қабыршағынан тазартып, мұқият жуады (2-3 рет). Сосын тұзды суға салып, баяу жанған отта 3-5 минут қайнатады. 1 келі кальмарға 2 литр су жəне 15 грамм тұз қажет. Піскен соң сорпасынан алмай суытады. Етін салатқа, винегретке қосады, көкөніспен қосып бұқтырады (5-10 минут). Консервіленген кальмарды бірден пайдаланады.

Күріш салынған кальмар салаты.Қайнатылған немесе консервіленген кальмар мен жұ -мыртқаны ұсақтап турайды. Сосын күрішті қайнатып алып, оны кальмар мен жұмыртқаға араластырады. Майонез немесе қаймақ қосады. 200 грамм кальмарға: 2 жұмыртқа, 100 грамм күріш, 100 грамм майонез немесе қаймақ қажет. Тұз бен бұрыш қалауынша.

Балық сүбесі (филе).Терісінен, сүйегі мен қыл-танағынан тазартылған балық етін – сүбе дейді. Балық сүбесін нəлімнің, теңіз ала-бұғасының, палтустың, көксеркенің, сазанның, жайынның, шортанның т.б. балық-тардың етінен дайындайды.

176


Шағындау оралған балық сүбесін тоңазытар алдында шырынын аз жоғалтуы үшін тұздық сумен баптайды. Балық сүбесінен неше түрлі тағам əзірлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет