Пешке пісірілген балық.Балықты тазартып, тұздайды да, ыстық пешке қойып пісіріп, сыртына қаймақ жағып, сарғыш түске енгенше духовкаға қояды. Дайын болған соң тарелкеге саласыз да, жанына пісірілген картоп, ас бұршағын қосып, туралған пияз (майонез қосуға болады), консервіленген қызанақ жəне көкөніс қосасыз.
Балық сорпа жинағы. Құнды тағамдық қалдықтар ( бас, ет кесінділері, шеміршектер жəне т.б.) немесе балық кесектерінің қоспасы болып табылады. Оны сельд, анчусты жəне мұхиттық қабыршақты балық топтағы ұсақ балықтардан басқа балықтардан сорпа (уха) дайындалады. Шикізат ретінде толық өлшемсіз кесектеп кесілген ұшалар, ұсақ сүйекті еттер, бас (желбезексіз) жəне əртүрлі балықтың арқа сүйектері пайдаланылады.
Балық сорпасы.Балық сорпасы əр түрлі балықтан əзірленеді. Ұсақ ала-бұға мен таутаннан əзірленетін балық сорпасы өте дəмді. Балықты ішек-қарыннан арылтып, жақсылап жуу керек. Таутанның қабыршағын та-зартудың қажеті жоқ, себебі ол балық сорпасына қажетті жабысқақтық қасиет береді. Содан кейін балықты суық су құйылған кастрюльге салып, тұз, пияз, лавр жапырағы жəне түрлі-түсті тамырлар қосады. Содан соң отты басыңқырап қойып, шамамен 40-60 минут қайнатады. Сорпа дайын
болған кезде оны сүзу керек. Балық сорпасын дастарқанға самса немесе бəлішпен бірге қояды. 1 кг. Балыққа: 2-3 литр су, 1 бас пияз керек. Петрушка, селдерей, түйірлі бұрыш, лавр жапырағы əркімнің қа-лауынша салынады.
Балық салаты. Жас балықты аршып, тазалап, қуырады. Орташа турайды. Піскен картоп, алма, қызылша, тұздалған қяирды бірдей көлемде турап, дайындайды. Жұмыртқаны жі -ңішкелеп, пиязды ұсақтап турап қояды. Салатты шұң-ғыл ыдысқа үйіп салып, үстіне тұздық құйып, ұсақ туралған аскөк (петрушка), көк пиязды себеді. Салаттың жан – жағын пайдаланылған көкөністермен, жұмыртқа тілімдерімен безендіреді. Салатқа құятын тұздыққа піскен жұмыртқаның сары уызын, қыша (горчица), сарым май, тұз қосып езеді. Əбден езіліп болған соң үстіне сірке суын қосып , тағы да араластырады. Бұл салат үшін орташа 2 балыққа піскен 2 картоп, 1 алма,
қызылша, 1 тұздалған қияр, 1 пияз, 2 жұмыртқа, 3 ас қасық май, 2 ас қасық сірке суы, 1 шай қасық дайын қыша қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |