Ұшаны қалыпқа келтіру (формовка). Құс ұшасын қалыпқа келтіргенде сирақтарын тілерсек буындарынан майыстырып, кеудесіне бауырлай қысады, қанаттарын жөнімен жайғастырып ұшаның екі бүйіріне қысады , ал басы мен мойынын бүйірлеп арқасына қайырып салады. Суда жүзгіш құстар ұшасының қанат жəне сирақтарын буындарынан бұрап арқасының артына, басын мойынымен қоса арқаның бүйіріне ұзындығымен жайғастырады.
Қалыпқа келтірілген ұшаны суытуға, немесе салқындатуға, температурасы 4оС жоғары емес камераға жібереді. Қоңына жəне ұшаның өңделу сапасына байланысты барлық құстар ұшасы екі категорияға бөлінеді: бірінші жəне екінші.
Қоңын сипаттау. Қоңы екінші категория талаптарына сай келмейтін барлық құстар түрінің ұшасын арықтар қатарына жатқызады.
Техникалық жағдайдың талабына сай , ұшаның терісі таза, қауырсын жəне түбір (пеньки) қалдықсыз, ешқандай ізсіз, жарасыз, дақсыз жəне қан талаусыз болу қажет. Бірінші категориялы ұшада, аздап - жеңілдеп терісі сыдырылған жер ж əне түбір, бір сантиметрге дейін бір-екі жерінен ұша терісінің жыртылуы жəне эпидермис қабатының мəзді емес қабыршақтануы ерекшелік ретінде жіберіледі.
51
Екінші категориялы ұшада, аздаған мөлшерде түбір жəне ұша терісі сыдырылған, əрбірі екі сантиметрге дейін тері жыртығы жəне эпидермис қабатының қабықтануы аздау болуы жіберіледі. Əрбір қоңдылық категориялы ұша, өңделген сапасы жағынан талапқа сай болмаса, төменгі категорияға жатқызылады.
Құстың ұшасына электр таңбамен санына таңба соғады. Бірінші категориялы ұшаны - І , екінші - ІІ санымен таңбалайды. Мұнымен қоса құстың аяғына əртүрлі түсті қағаз желімдеумен де таңбалайды. Бірінші категориялы ұшаға қызғылт, екіншіге-жасыл қағаз желімдейді. Қағазда (этикет) қысқаша мекеменің жəне өндірістің атауы көрсетіледі. Ұшаны қоңдылық категориясына байланысты топтап өлшейді де, тақтай жəшікке жайғастырады.
Жұмыртқалағыш тұқымдас балапан ұшасы, ішін жартылай жарғанда оның салмағы кем дегенде 480 г, бройлер-балапан-1580г, күркетауық-1620 жəне мысыр тауығы-480 г болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |