Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Ауылшаруашылық құстарын механикалық-аспаздық өңдеу



бет47/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Ауылшаруашылық құстарын механикалық-аспаздық өңдеу

Ауылшаруашылық құстарын механикалық-апаздық өңдеу төмендегідей əрекеттерден тұрады: жібіту, үйіту, басын жəне аяқтарын алып тастау, мойынын бөліп алу, тазарту, жуу жəне шала фабрикаттар дайындау.



Жібіту. Мұздатылған құсты үстелге не сөрелерге бір-біріне жанаспайтындай етіп салып, бір қатарға орналастырады да мүмкіндігінше жазады. Қаз бен күркетауықты – 8 сағат, тауық пен үйректі 5-6 сағат, 8-15оС температурада жібітеді.

Үйіту. Құс денесінде талшықтар, қауырсындар мен түбіт қалдықтары болуы мүмкін. Сондықтан оларды жою үшін үйітеді. Алдымен құс денесін орамалмен не матамен сүртіп құрғатады. Құрғатуды жылы ауа ағыны арқылы да жүргізуге болады. Содан кейін нан үгінділерімен немесе ұнмен аяғынан басына қарай сылап сүртеді. Былайша сүрту кезінде талшық қалдықтары тікірейеді. Ол үйітуге қолайлы келеді. Үйітуді түтінсіз жалында терісін бүлдірмей, тері асты майын ағызбай ептеп жүргізген жөн. Егер құстың жетілмеген қауырсындары болса, онда оларды іскекпен (пинцет) немесе кішкентай пышақпен алып тастайды.

Басын, мойнын, аяқтарын алып тастау. Толық тазарту алдында құс денесін басты екінші жəне үшінші мойын омыртқалары арасынан шауып түсіреді. Содан кейін арқа жағынан мойынның ұзына бойына терісін тіледі де мойынын теріден босатып, мойын омыртқасының соңғысы арқылы оны шауып түсіреді, бірақ тері денесінде қалуы керек. Тауық пен оның балапанының терісін мойынның орта жерінен, күркетауық, үйрек жəне қаздың терісін мойынның 1/3 бөлігінен кеседі. Бұл кезде, денеде қалған тері дененің мойны шабылған жері мен жемсауды толық жабатын болуы керек.

Аяғын тілерсек буынынан, қанатын (балапаннан басқаларында), əдетте, шынтақ буыннан шабады.

Тазарту. Ішкі мүшелерінен тазарту үшін төс сүйегінің (киль) артынан артқы тесігіне дейін құрсақ қуысының ұзына бойына тіледі. Пайда болған тілік тесігі арқылы қарнын, бауырын, іш майын, өкпесін, бүйрегін, ал жемсауы мен өңешін тамақ тесігі арқылы алып тастайды. Ішек-қарыннан іш майын, өкпесін, бүйрегін тазартып бөліп алады. Осылайша тазартылған құс денесінен артқы тесігін, өтке ластанған жерлерін кесіп алады.

Жуу. Толықтай тазартылған құсты əрі мұздай су ағынында (15оС температурада) жуады. Жуу кезінде ластанған жерлерін, қан қалдықтарын, ішкі мүшелерінің қалдықтарын алып тастайды. Қоректік заттар шығынын көбейтпес үшін ұзақ уақыт жууды ұсынбайды. Жуылған құстың тілігін


64

төмен қаратып, суы ағып кетуге мүмкіншілік бере отырып, суырма табаға салып кептіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет