Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Қой жəне ешкі ұшасын мүшелеу



бет44/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

Қой жəне ешкі ұшасын мүшелеу

Қой жəне ешкі ұшасын бөлмей, саудаға бүтін ұша түрінде түседі. Əрбір ұшаны ең соңғы қабырғадан кейін көлденеңінен кесіп екіге бөледі: алдыңғы жəне артқы бөлікке. Екі бөлікті алты бөлшекке бөліп, 2 сұрыпты етке жатқызады. І сұрыпқа жанбас, белдеме (сүбесімен), арқа-қол (төсімен, мойынымен) еті кіреді. І сұрып етінің, ұшаның салмағынан, шығымы 93%-дай. 2 сұрыпқа – бауыздау еті, алдыңғы жəне артқы сирақтар. Мүшелерді бөлу сызығы 17 суретте келтірілген.



17– сурет. Ұсақ қара мал ұшасын мүшелеу.

1-жамбас-сан; 2-белдеме; 3-арқа жауырын (төс, мойын қасы); 4- бауыздау;

5-білек (кəріжілік, шынтақ жілік); 6-артқы сирақ.



Мойын омыртқа 2-ші жəне 3-ші мойын омыртқасы арасынан кесіледі. Мойын омыртқаға алғашқы 2 мойын омыртқалары кіреді, оның еті қатты болады, жалғаушы жəне сүйек ұлпа мөлшері көп болады. Мойыномыртқа сорпа жəне дірілдек жасауда, ал еті пісірілген түрде турама жасауда қолданады.

Жауырын- арқа мүшесі (төс жəне мойын етімен қоса) – алдыңғы бөлу сызығы мойын омыртқаны бөлу сызығы бойымен өтеді; артқы сызығы 10-шы жəне 11-ші омыртқа арасынан; төменгі сызығы - иық- шынтақ буыны арқылы өтеді. Бұл мүшеге 5 мойын омыртқасы (3-шіден 7-шіге дейін), жауырынжəне қол сүйегі, 10 арқа (төс) омыртқасы сəйкес қабырғаларымен бірге жəне шеміршекпен бірге төс кіреді. Бұл мүше бөліктері тағамдыққұндылығы жағынан бірдей емес.

Қол - жауырын-арқа мүшесінен иық-шынтақ буыны арқылы ажыратылады . Қол етінде көп сүйек жəне жалғаушы ұлпа көп, сондықтан дірілдек жəне сорпа жасауда қолданылады.

Белдеме- алдыңғы сызығы жауырын-арқа мүшесін бөлу сызығы арқылы, яғни 10-шы жəне 11-ші омыртқа арасынан; артқы сызығы - 5-ші жəне 6-шы белдеме омыртқа арасынан өтеді. Мүшеге 3 арқа омыртқалары мен қабырғалар (11-шіден 13-ге дейін), 5 белдеме омыртқасы , шап етінің бөлігі, сонымен қатар бүйрегі мен бүйрек маңы майлары кіреді.

58

Жамбас- сан - алдыңғы бөлу сызығы белдеме мүшесін бөлу сызығы арқылы, яғни 5-ші жəне 6-шы белдеме омыртқасы арқылы; артқы сызығы-асық жіліктің ортасынан өтеді.

Артқы сирағы - асық жіліктің ортасынан бөледі. Артқы сирағына асық жіліктің жартысы, ахилл сіңірі кіреді. Оның құрамында сүйек жəне жалғаушы ұлпа көп болғандықтан дірілдек жəне сорпа жасауда қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет