Сары майдағы ылғал мөлшерін анықтау (Мем.ст. 3626-73).
Жабдықтар: таразы, алюминий стакан, қыздырғыш аспап.
Алюминий стаканға 5 г майды өлшеп салады да, шашыратпай біркелкі қайнатады. Майдың бетінде көпіршіктің болмауы, шыртылдаған дыбыстың шығуы және шамалы бұрыл тартқан тұнбаның пайда болуы судың буланып кетуін білдіреді. Стаканды салқындатқаннан кейін өлшейді. Ылғал мөлшерін (%) төмендегі формула бойынша анықтайды:
А = (м1 – м2) / 5 х 100
мұндағы:
м1 – қыздырғанға дейінгі стакан мен майдың мөлшері, %;
м2 – қыздырғаннан кейінгі стакан мен майдың мөлшері, %;
5 - өлшеп алынған май мөлшері, г
Сары майдағы майсыздандырылған құрғақ заттың мөлшерітөмендегі формуламен анықталады:
Вмқз = А / 10,
мұндағы:
Вмқз – майсыздандырылған құрғақ зат мөлшері, %;
А – сары май құрамындағы ылғал мөлшері, %.
Сары майдағы ас тұзының мөлшерін анықтау. (Мем.ст 3627 - 81).
Жабдықтар және реактивтер: 100 мл колба және стакан, бюретка және пипетка, азот қышқылды күмістің жұмыстық ерітіндісі. (2,906г азотқышқылды күмісті 100 мл дистелденген суда ерітеді), қос хромқышқылды калийдің 10 % ерітіндісі.
Көлемі 100 мл стаканға 5 г майды салады, оған 50 мл ыстық су қосады да мұқият араластырады, майдың беті тоңғаннан кейін шыны таяқшамен теседі. Пипеткамен 10мл сығындыны тесік арқылы алып колбаға құяды, оған 5-8 тамшы қос хромқышқылды калийдің 10% ерітіндісін қосып, азот қышқылды күмістің жұмыстық ерітіндісімен колбаны шайқағанда жоғалмайтын солғын қызғылт-қыш түсіне дейін титірлейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Кілегейді бұлғау арқылы сары май алу өндірісіндегі негізгі операциялар
2. Сары май өндірісіндегі негізгі опрерациялар
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жакупова Г.Н., Алимарданова М.К., Ахметжанова А.Т,. Мулдашева А.Х. «Сүт және сүт өнімдерінің қасиеттері мен құрамын зерттеу әдістері» Нур-Султан 2021 ж -147 стр. ISBN 978-601-257-188-2
Достарыңызбен бөлісу: |