-ғылыми – техникалық процесстердің соңғы қолданылуының
5В072700-КЖ-2021
Парақ
7
.№ Парақ
Құжат №
Қолы
Күні
1.Негізгі бөлім
1.1Тағам өнімдерінің химиялық құрамы және физикалық қасиеті
Азық-түлік тауарлардың жіктеу – оларды жалпы немесе сипатты
белгілері, тауарлардың шығу тегі, олардың химиялық құрамы, пайдалануы
және т.б. көрсеткіштері бойынша топтарға немесе класстарға бөлу. Осыларға
байланысты азык-түлік тауарларының әртүрлі жіктеу түрлері бар, бірақ
олардың ешқайсысы жалпы қабылданбаған. [2]
Қазіргі жіктеу бойынша барлық азық – түлік тауарлары келесі топтарға
жіктеледі:
-дән – ұн тауарлары;
- жеміс – көкөніс тауарлары және саңырауқұлақтар;
- крахмал өнімдері;
- қант, бал, кондитер өнімдері;
- дәмдік; тағамдық майлар;
-сүт тауарлары;
-жұмыртқа;
-ет;
-балық тауарлары;
-тағамдық концентраттар;
Келтірілген жіктеу тауарларды топтастыруды негізгі шикізат бойынша
қарастырады, бірақ оның жеке топтарын бұл белгі бойынша қосуға болмайды.
5В072700-КЖ-2021
Парақ
8
.№ Парақ
Құжат №
Қолы
Күні
Бұл классификация сауда тәжірибесіне жақын болғандықтан, оқу
орындарында тауартану курсын оқуға ыңғайлы және кеңінен қолданылады.
Тауартануда кейбір тауар қатары үшін (жемістер, көкөністер, дақыл, балық.)
биологияда қабылданған классификация қолданылады. Мысалы, балықты
тұқымға, текке, түрге бөледі, дақылдарды- түрге, сортқа бөледі.
Тауарлық сорттарға қарағанда табиғи сорттар ботаникалық белгілер
бойынша топтастырылған және белгілі бір аттары бар. Мысалы, жемістердің
табиғи сорттары - помологиялык, жүзімдікі — ампелографиялық,
көкөністердікі - шаруашылық-ботаникалық деп аталады.
Саудада кейбір азық - түлік тауарларын шартты түрде бакалея және
гастрономдық деп топтастырады. Бакалеяға ұн, жарма, крахмал, қант, макорон
өнімдері, шай және шай сусындары, кофе және кофе сусындары, тұз, ашытқы,
сұйык май, сірке қышқылы, дәмдеуіштер жатады. Гастрономдыққа тұтынуга
дайын тауарлар - шұжықтар, қақталған ет, қақталған балық, ет және балық
консервілері, сырлар, сиыр майы, қоюландырылған сүт, шыныдағы, пакеттегі
сүт, алкогольді сусындар және кейбір тұздықтар жатады.
Ассортимент дегеніміз белгілі бір белгі бойынша біріктірілген тауарлар
жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді. Өндірістік
ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен немесе белгілі бір өндіріс саласында
шығарылатын бұйымдарды біріктіреді. Саудалық ассортимент – көтерме
немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы.