Хирургиялық аурулар
27. Талаптарға 1-кестенің 27-тармағы бойынша ұшқыштық оқу үшін үміткерлер төмендегідей талаптарға сәйкес келулері керек: бойы 160 см төмен емес және 190 см жоғары емес, аяғының ұзындығы 73 см кем болмауы керек; штурман, бортинженер, бортмеханик, бортрадист - бойы 157 см кем емес және 190 см биік емес, бортсеріктік - әйелдер үшін 155 см кем емес және 175 см биік емес, еркектер үшін 190 см биік емес. Осы Талаптарға 2-кестеніңне сәйкес денесінің салмағы жасы мен бойына сай болуы керек. ӘҚҚ диспетчерлігі бөліміне түсуші тұлғалар үшін бойы, дене салмағы, аяғының ұзындығы бойынша дененің пропорционалды дамуына шектеу қойылмайды.
Азаматтық авиация ұшу оқу орнында дәріс алушылардың физикалық дамуын бағалау кезінде жас шамасы ескеріледі (ағзаның қарқынды даму кезеңінде дене салмағы бойы өсуінен қалыс болуы мүмкін), дене салмағы тапшылығының 25 пайыздан артпауы физикалық даму жеткіліксіздігінің айқыны деп бағаланбайды. Инфантилизм жағдайында оқуға жарамдылығы туралы мәселе эндокринолог кеңесінен кейін шешіледі.
28. Талаптарға 1-кестенің 27-тармағына лимфа түйіні зақымданған кезде куәланушы мамандар тексерілуге жатқызылады.
Лимфа түйіні туберкулезі кезінде ұшу жұмысына қайтарылу мақсатында зерттеу толық клиникалық сауықтырылу және туберкулезге қарсы диспансердің есебінен алынуымен мүмкін болады. Актиномикоз кезінде жұмысқа қайтарылуы толық клиникалық сауықтырылған кезде дерматолог есебімен қоса, бірақ емделу аяқталған соң 1 жылдан кейін (бұрын емес) мүмкін.
29. Талаптарға 1-кестенің 29-тармағына бас сүйегі, тән және тән емес этиологиясымен тірек-қимыл аппаратының аурулары: сүйек пен буын туберкулезі, сүйек кемігінің қабынуы, нәрсізденіп бүліну үрдістері (буын шеміршегінің қисаюы, сүйек-шеміршек ісінуі, микробсыз өлі еттену және тағы басқа) өкше сүйегінің өскіні, тас байланып синовиалды қалта қабыну, Дюпюитрен контрактурасы, эозинофилл түйіршігі, тін өсу дисплазиясы сонымен қатар бет сүйегінің созылмалы аурулары кіреді. Басынан жарақат алу салдарынан бас сүйегіне және бас миына операцияға ұласуы кезінде сараптау қорытындысын невропатолог шығарады.
Тән ауру этиологиясы белгіленген кезде, секвестралды қуыс, жыланкөз болса, оның қызметі бұзылу дәрежесіне тәуелсіз куәланушы жұмысқа жарамсыз болып танылады. Емдеу барысы оң нәтижесімен (жыланкөз жабылуы, рентгендік бақылау мәліметі бойынша секвестр болмауы) және 6 айдан кем емес тыныш күйіндегі жағдайда жұмысқа жіберілуі туралы мәселе қарастырылуы мүмкін.
Буындар қызметін бағалау осы Талаптарға 3-кестеніңне сәйкес өткізіледі.
Омыртқа сүйектерінде ауру синдромы жоқ және функциясы сәл шектелуімен (омыртқааралық құяң, омыртқа буынының қабынуы) нәрсізденіп-бүлінушілік үрдістері кезінде қорытынды 2) тармақша бойынша шығарылады. Қабыршақтық синдром кезінде сараптау қорытындысын невропатолог шығарады.
Омыртқа денесі жартылай таюымен сынуынан кейін, омыртқа жотасы туберкулезі (фаза үрдісі мен қызметтік жағдайынан тәуелсіз) кезінде куәланушы жарамсыз деп саналады. Омыртқа жотасының жаншылуынан бір немесе екі омыртқа сынуынан кейін куәландырылу жарақаттанудан және операциядан кейін 12 айдан соң жүргізіледі.
Көлденеңдік, қылқандық өсінді сынуы кезінде, ауыру синдромы болмаса куәланушы сауықтырылғаннан кейін жұмысқа және оқуға жіберіледі.
Диск жарығы бойынша ламинэктомиядан кейін, жұмысқа жарамдылығы операциядан 6 айдан соң, ӘҚҚ бойынша авиадиспетчерлік жұмысқа - еңбекке жарамсыз парағы жабылған соң анықталады.
Құныс дертінің барлық түрі жұмысқа және оқуға жарамсыздығын анықтайды. Құныс дертіне “дөңгелек арқа” жатпайды. Нақтыланған диагностика үшін омыртқа жотасын рентгенге түсіру керек.
Қалыпты физикалық даму кезінде омыртқа жотасы жамбас астауы ағзасы қызметінің бұзылуысыз, ауру синдромысыз 1-дәрежелі жасөспірімдік омыртқа қисаюы, бел ауруы, бел омыртқаның сегізкөзбен тұтасуы, омыртқа жотасы доғаларының ыдырауы ұшу мен диспетчерлік оқуына кедергі болмайды. Омыртқа қисаю бұрышы Кобба әдісімен тік тұрған күйінде рентгенге түсіру бойынша анықталады. Омыртқа қисаю бұрышы 1-дәрежесінде 10 градустан аспайды.
Ымыраласқан жамбас астауы сынғанда куәландырылу 2) тармақша бойынша жарақаттанған кейін 6 айдан соң жүргізіледі.
Омыртқа жотасы мен жамбас астауы жарақаттанған, аурулары кезінде жұмысына жарамдылығы невропатологпен бірге, ал омыртқа буындарының қабынуының жұқпа-аллергиялық генезі (Бехтерев, Рейтер ауруы және тағы басқа) терапевтпен бірге анықталады.
Рентген арқылы табылған, бірақ клиникалық шықпаған омыртқа шеттерінің өсуі түріндегі, оларда бірлі-жарым тікенектеніп өсуі, көлденеңдік сіңірлер тығыздануы және басқа омыртқа жотасындағы түр өзгерістер, тармақты қолдануға себеп бола алмайды. Авиация қызметкерлерде динамометрия кезінде бұлшық ет күші оң қолында 35 кг; сол қолында - 30 кг (солақайлар үшін керісінше) болуға тиіс. Ұшқыш және авиадиспетчер мамандығына оқуға түсуші 18 жасқа дейінгілерге қолдың сақталу қызметі кезінде бұлшық ет күшіне шектеу жоқ.
Бортсеріктері қызметіне түсушілер үшін ішкі ортан жілік сүйегі бұлшықтарының арасындағы қашықтық 5 см-ден артпаған кезде аяқ қисаюының ішке қайрылуы (О-тәрізді) және ішкі асық жілік тобықтары арасындағы қашықтық 5 см-ден артпаған кезде аяқ қисаюының сыртқа қайырылуы (Х-тәрізді) елеусіз ретінде жіктеледі. Қалған куәланушылар үшін аяқ қисаюының ішке қайтарылуы және сыртқа қайтарылуы сәйкес нүктелер арасындағы қашықтық 9 см-ден артпаса елеусіз болып бағаланады, Айғақтар аталмыш көрсетулерден жоғары болса, елеулі ретінде бағаланады және жарамсыздығын анықтайды.
Бұлшық етке, сіңірге, байламдарға, сүйектерге және буындарға операциядан кейін қызмет істеуінің қалпына келтірілуімен жұмыска жарамдылығы анықталады. Ұшқыштың қолы не аяғы 2 см қысқартылуынан нұқсан келмейді, бірақ аяғының ұзындығы бұл жағдайда 73 см-ден кем болмауы тиіс.
Асқынбаған үйреншікті тайып кету, жалған буын кезінде операциялық емдеу қажеттігі көрсетілгенде операциядан бас тартқан жағдайда куәланушы 1) тармақша бойынша жарамсыз деп танылады.
Сүйектің сынығын ұстату кезінде қолданылатын ұсақ танталды құрылым (бұранда, сақина, Лена пластинкасы және тағы басқа), егер металданған белгілері болмаса, жұмыска, оқу жалғастыруда кедергі бола алмайды.
Басқа металдық құрылым (Цито, Богданов, Дубров өзектері және тағы басқа) ұшу жұмысына қайтарылу уақытына дейін жұлынып тасталуы керек.
Қол ұшының болмауы, бір қолында екі саусақтың, оң қолындағы бірінші немесе екі саусақтың болмауы, сондай-ақ сол қолындағы бірінші саусақтың толық болмауы немесе қозғалмауы 1) тармақшаға жатады.
Бірінші саусақтағы тырнақ фалангасының жоқ болуы және басқа саусағындағы екі фаланганың болмауы саусақтың жоқ болуымен пара-пар. Келіспеген жағдайда ұшу құрамына шешім тренажердегі тексерістен кейін беріледі.
Қол саусағы, қол ұшының басқалай кемістіктері кезінде жарамдылық бағасы қол ұшы қызметінің сақталу дәрежесімен анықталады. Ұшу құрамы тұлғалары тарапынан қол саусағы кемістігі бойынша қорытынды нәтижесіне келіспеушілік туындаған жағдайда тренажерде тексеру өткізіліп (тренажерлік нұсқаушысының нәтиже туралы қорытындысы қосымша алынады) қорытынды шығарылады.
1) тармақша бойынша аяқ басының жоқтығы, тума және жүре пайда болған аяқ басының дерті, оның қызметі бұзылуына және жүруіне қиындық келтіретін (маймақтық, аяқ басының сыртқа немесе ішке қайырылуы, 3-дәрежелі жалпақ табан, балға түріндегі саусақтар бірінші саусақтың 15 градустан бүйірлік ауытқуы). Аяқ басындағы бірінші саусақтың болмауы бортсерік болуға және ұшқыштық оқуға кедергі келтіреді.
1-дәрежелі жалпақтабандық және 2-дәреженің бастапқы түрі оқу үшін кедергі болады деп саналмайды.
Жалпы табандық дәрежесін бағалау үшін подометриялық индексі (Вх100)/Д формуласы бойынша анықталады. Онда тұру қалпында өлшенген В - мм аяқ басының биіктігі, Д - мм аяқ басының ұзындығы. Аяқ ұшы биіктігі еденнен бастап топай сүйегінің ең жоғарғы нүктесіне дейін өлшенеді, ал ұзындығы - аяқ ұшы сұлбасы бойынша (қағаз парағында) бірінші саусақтың ең жоғары нүктесімен өкшенің арасындағы. Қалыпты тоғыспа кезінде подометриялық индекстің өлшемі 29-31. Индекс өлшемі 27-29 болуы жалпы табандылықтың 1 дәрежесіне сәйкес келеді, 26-27 - 2 дәрежесіне. Тоғыспа биіктігін дәлірек анықтау рентгендік әдістемені пайдаланған қажет.
Өкшелік тоғыспа биіктігімен (рентгенографияда табан ұшы тақалған) жалпытабандылық 20 мм төмен ұшу жұмысына жарамсыздығын анықтайды.
Кең жайылған тері тыртығы (дененің беткі жағында 20 пайызы) оның қызметі бұзылу дәрежесі мен күйіне тәуелсіз азаматтық авиация оқу орындарында оқитындар және бортсеріктік жұмысқа түсушілер жарамсыз болып танылады.
30. Талаптарға 1-кестенің 30-тармағы бойынша 1) тармақшаға тері обыры мен 1-ші дәрежелі төменгі ерін обыры кірмейді. Емделу кезеңінде уақытша еңбекке қабілетсіз болып анықталады. Кәсіби еңбекке қабілеттілік туралы мәселені онколог қорытындысын ескере аймақтық қан айғақтары қалыптандырылумен хирург шешеді.
Жұмысқа қайта түсу 2) тармақша бойынша жеке бағаларды қолдана отырып, 1-ші дәрежедегі ісікті (Т1N0M0) немесе 2-а (Т2N0M0) қалқанша безі, сүт безі, жұмсақ тін, асқазан, ішек-қарын (тік ішекті қоса), жатыр мойыны ауруынан емделуінен кейін.
Куәланушының ісік процестері қайталануы немесе таралуы жойылып, толық және тұрақты ағза қызметі теңгерілуі кезінде ұшу, авиадиспетчерлік жұмысқа және бортсеріктері жұмысына қайта түсу мәселелері сүт безі, қалқанша безі, жатыр мойыны обырынан емделгеннен кейін кемінде 2 жыл өткен соң (операция арқылы, химиялық терапия, сәулелік терапия, құрамалы) қарастырылады.
ДҰСК-ке жіберілетін құжаттарда көрсетілу қажет: ісік сатысы, толық қамтылған патоморфологиялық қорытынды (ісіктің анатомиялық өсу түрі, оның түр өзгерту сипаттамасы, регионарлық лимфа түйіні күйі) өткізілген емдер (хирургиялық үшін - күні, операцияның сипаты және операциядан кейінгі кезең ағымы; сәулелік үшін - сәулелендіру мерзімі мен әдістемесі, ошақтық доза қосындысы, жалпы және жергілікті сәулелік әсерлесу).
“Рак іn sіtu” патоморфологиялық қорытындылау кезінде ісік орнына тәуелсіз сараптау шешімі өткізілген емдеу сипатына (операция) байланысты қабылданады.
Тармаққа орталық, аймақтық нерв жүйесі, көз бен ЛОР - ағзалары ісіктері кірмейді.
31. Талаптарға 1-кестенің 31-тармағына шынайы ісіктерден басқа сүйек-сіңір қосымша сүйек бүдірі, түйінді зоб, табиғатына тәуелсіз жылауықты жаңатүзілім, без өспесі, емшек дерті.
1) тармақша ісіктің орналасуына, мөлшеріне, қатарлас жатқан ағзалармен анатомиялық өзара байланысына, айналасындағы ағзалардың қызметін бұзу мүмкіндігіне байланысты операциялық емдеуге жатқызылмайтын жағдайда қолданылады.
Көлемі кішкентай, өсу қаупі жоқ, киім мен аяқ киім киюге кедергі келтірмейтін залалсыз ісіктерге тармақ қолданылмайды. ААО және бортсеріктер жұмысына түскендер бұрын залалсыз ісікке жасалған операция туралы ісіктің гистологиялық зерттеулері мәліметі мен өткізілген ота жайында сипаттау көшірмесін ДҰСК-ке береді.
Асқазан-ішек трактісінде (басым көпшілігі - түймешік) және тыныс алу ағзасында қатерсіз ісік кезінде жұмысқа жарамсыздығы улы химикаттармен анықталады. Мұндай ісіктерді емдеу тәсілі жөніндегі мәселе онкологпен ақылдаса отырып шешіледі.
Жұмысқа және дәріс алуға қайтарылу туралы мәселені түйіндік зобты алдырғаннан кейін операциядан соң 3 айдан кейін терапевт қарастырады.
Без өспесі 1-дәрежесі зәр шығаруы бұзылмаған жағдайда, егер уролог тұжырымымен операциялық емдеу көрсетілмесе, тұлғалар 2) тармақша бойынша жарамды. 2-3-дәрежелі аденомалар, сонымен қатар 1-дәрежедегі жіті зәр шығаруды тежеумен асқынған жағдайда куәланушы жарамсыз деп танылады.
Сыртқы жыныс ағзасындағы қатерсіз ісіктерді алып тастау туралы сұрақ гинеколог (уролог) кеңесінен кейін шешімін табады. Симптомсыз жатыр миомасы айрықшаланса, диспансерлік бақыланушылар қатарына жатқызылады. Бортсеріктері жұмысына үміткерлері және қайталап түсушілер жарамсыз болып табылады. Жатырдағы миоманың көлемі өскен, етеккір қызметі бұзылған және ауырсыну синдромы дамыған жағдайда операциялық емдеу көрсетіледі. Операциядан кейін жұмысқа жіберілу мерзімі Талаптарға 1-кестенің 34-тармақта көрсетілген.
ААО оқушылар үстіндегі киім, аяқкиімнен қажалатын, өлшемі 2х3 см-ден жоғары көптеген бояутекті меңдері болса жарамсыз болып танылады.
Тармаққа орталық және аймақтық нерв жүйесі, көз бен ЛОР-ағзалары кірмейді.
32. Талаптарға 1-кестенің 32-тармағына көкірек қуысы және көкірек орталығы аурулары бойынша операциядан кейін жұмысқа және ААО оқуға жарамсыз деп табылады. Емдеу сәтті аяқталған жағдайда жұмысқа (оқуға) жарамдылығы туралы мәселе операциядан кейін 6 ай өткен соң терапевтпен бірлесе ақылдаса отырып шешіледі.
Тыныс алуына кедергі келтірмейтін, клиникалық белгілері жоқ, жүрек тамырларынан алыс, өкпе ұлпасы мен көкірек қабырғасында бөтен дене кездескен жағдайда сараптау шешімі 2) тармақша бойынша шығарылады. ААО оқушылар үміткерлер жарамсыз деп танылады.
Жарақаттанудан перде қуысына ауа жиналу кезінде сараптау қорытындысы клиникалық зерттеу мен емдеу аяқталғаннан кейін қабылданады.
Ішкі ағзаларды зақымдамай көкірек торшасын тесіп өткен жарақат кезінде жарамдылығы туралы сұрақ сауықтырылғаннан кейін шешіледі. Көк ет жарығы қысылуға немесе асқазан мен өңеш қызметі бұзылуына бейімді және асқынған өңеш қабыну-кері ағушылық жағдайда жарамсыз туралы қорытынды шығарылады. Операциялық емдеу сәтсіз аяқталғанда жұмыс туралы сұрақ операциядан кейін 6 айдан соң қарастырылады.
33. Талаптарға 1-кестенің 33-тармағына бүйір қалта, тыртықтық өзгеруі, кардиоспазм, кардия ахлазиясы. Бүйір қалтаны операциялық емдеу сәтті аяқталған жағдайда жұмыска жарамдылығы операциядан кейін 6 айдан соң қарастырылады.
2) тармақша өлшемі 2-2,5 см-ден аспайтын бүйір қалта, қарама-қарсылық массаны тежемейді, өңеш қызметінің бұзылуы мен бүйір қалта болмайтын кезінде қолданылады.
34. Талаптарға 1-кестенің 34-тармағы бойынша авиация қызметкерлері, құрсақ қабырғасында операциядан кейінгі тыртық орны қалған кезде өткерген операция сипаты туралы ОДҰСК-де құжаттарын көрсетеді. Операциядан соң құрсақ қуысы зақымдануы, ісігі жоқ аурулар, өт қабының қабынуы, өт жолы-тас ауруы, жіті және созылмалы ұйқы бездің қабынуы, қиналып зәр шығару түйнелушілігі және ішектің айналып кетуі даму ауытқуы бойынша, АОО түсушілер жарамсыз болып табылады. Операция сәттілікпен аяқталу жағдайында жұмыска операциядан кейін келесі мерзімде рұқсат беріледі:
ішкі ағзаларды зақымдаусыз тесіп өткен жарақат, жіті немесе созылмалы соқыр ішек бойынша соқыр ішекті алып тастау, Меккелев бүйір қалтасын алып тастау, диагностикалық ішті жару (егер интраоперациялық тексеру мәліметі бойынша тереңдетілген зерттеу немесе ұзақ емдеп сақтау көрсетілмесе) - 6 аптадан кейін;
ішкі ағзаларды зақымдаумен тесіп өткен жарақат, сонымен қатар асқынбаған іш пердесінің қабынуы кезінде - 3 айдан кейін;
құрсақ қуысы ағзалары аурулары немесе зақымдануында, асқынған іш пердесінің қабынуы - 4-6 айдан кейін.
Жабысқақ ауруы, ішек айналуы салдарынан және асқазан безіне операциядан соң куәланушы жұмысқа қайтарылуға жатқызылмайды. Клиникалық белгілері айрықшаланбаған ұзын сигма тәрізді ішек жарамсыздық туралы қорытындылауға негіз бола алмайды.
Асқазан ойығы бойынша операциядан кейін, ұлтабар және оның асқынуынан, өт қабын сылу, талақ сылу жүйелі аурулар бойынша сараптау қорытындысы хирург пен терапевт бірігуімен шығарылады, Құрсақ қабырғасындағы жарық операциялық емделуге жатқызылады. Куәланушы жұмысқа (оқуға) операциядан кейін 5-6 аптадан соң жіберіледі. Диаметрі 4 см ауырсыну синдромы жоқ шаптағы жарық кезінде комиссияаралық мезгілде операциялық емдеуге жіберіледі. Диаметрі 1 см аспайтын кіндік жарығын операциялық емдеу айғақі ауырсыну синдромы болып табылады. Томпайған жарықсыз тік бұлшық еттегі диастаз кезінде АОО түсуге және бортсерік жұмысына жарамсыздық туралы шешім шығарылады. Ұшқыштық (авиадиспетчерлік) жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
35. Талаптарға 1-кестенің 35-тармағына эпителиалды құйымшақ жолы қатты асқынып қабыну белгілері байқалған жағдайда, сонымен қатар жыланкөз түрінде суық кезеңде операциялық емдеу көрсетіледі. Емдеу сәтті аяқталған кезде жұмысын (оқуын) әрі қарай жалғастыруға рұқсат беріледі.
Геморройды, созылмалы парапроктитті, эпителиалды құйымшақ жолын операциялық емдеген жағдайда жарамдылық туралы сұрақ сауықтырылғаннан кейін операциядан кейін 4 аптадан соң, тік ішектің түсуі мен анальды қысқыш жеткіліксіздігі кезінде 6 айдан соң шешіледі.
3 жыл бойына бір реттік асқыну немесе 1 жылда екі рет асқынуы геморройдың жиі асқынуы болып есептеледі. Бұтаралық түймешік ісік 2) тармақша бойынша дерматовенеролог кеңесінен кейін қарастырылады. Тік ішек түймешігі және түймешік төмен түсуі кезінде Талаптарға 1-кестенің 31-тармақ талабы қолданылады.
36. Талаптарға 1-кестенің 36-тармағына артерия аурулары (артерия тамырының қабынуы, атеросклероз) кіреді. Атеросклеротикалық окклюзия, қан тамырының кеңейіп кетуі, көктамырдың варикоздық кеңеюі, тромбофлебит, көк тамырда тромбоз дамуы, тромбофлебит кейінгі аурулар, шораяқтық ауру, тамырды жарақаттау салдарынан және оларға операция.
Қан тамыры кеңейіп кетуі зақымынан кейінгі операциялық емдеудің сәтті аяқталуы кезінде жұмысқа жарамдылығы туралы шешім операциядан кейін 1 жылдан соң клиникалық тексеру бойынша шешіледі.
Нәрленуі бұзылу белгілері бар көктамыр варикозының кеңеюі кезінде, қанайналым теңгерілуі бұзылғанда, түйін үсті тері семуінен түйін үзілу қаупі бар жағдайында куәланушы жарамсыз деп табылады.
Аяқ аймақтарының кеңейген көктамыр варикозын операциялық емдеуден кейін жұмыска жіберу операциядан кейін 3 айдан соң шешіледі.
Варикоз ауруы қайталанған жағдайда бортсеріктер жұмысқа жарамсыз деп есептелінеді, қалған куәланушыларға қан айналымының бұзылу дәрежесі ескерілуімен жеке баға беріледі. Тромбофлебит кейінгі ауруларда және теңгерілу сатысы кезінде ӘҚҚ диспетчерлері жарамды деп саналады, қалған куәланушылар ауру дәрежесіне тәуелсіз жарамсыз деп танылады.
37. Талаптарға 1-кестенің 37-тармағы бойынша бүйрекке, зәрағарға, қуыққа, несеп жолы жасалған операциядан кейін жұмысқа қайта түсу мәселесі операциядан кейін 6 айдан соң шешіледі. Жеңіл дәрежедегі бүйрек ұлпа өзгеруінен қызметінің бұзылуы, тек қана радиоизотоп әдісімен айрықшаланатын 2) тармақша бойынша ұшу (авиадиспетчерлік) жұмысына қайтарылуға кедергі бола алмайды.
Бүйрек алып тастау кешкен немесе туғаннан бір бүйректі ұшу құрамындағы тұлғаларға бүйрек қызметінің жағдайына тәуелді жеке баға қолданылады.
1-2-дәрежелі бүйректің төмен түсуі бұзылушылық болмаған жағдайда 1) тармақшаға кіретіндер ұшу жұмысын жалғастыруға кедергі бола алмайды. 3- дәрежелі бүйректің төмен түсуі кезінде ұшу құрамы жарамсыз, ӘҚҚ бойынша диспетчерлік құрамға жеке баға қолданылады.
2-3-дәрежелі бүйректің төмен түсуі болған жағдайда бортсеріктер жарамсыз деп танылады.
Еннің ұмаға түспеуінің (тежелу немесе ен орнынан ауысуы) барлық түрінде АОО оқуға жарамсыз деп шешім қабылданады. Енін алып тастағандар (құрсақта тежелу, енді шығарып алмауы, ен орын ауыстыруы) АОО оқуға жарамды деп саналады. Еннің ұмаға түспеуінен енді шығарып алмауымен, операциялық емделгеннен кейін операциядан кейін 6 айдан соң, егер ұрық безі оның тамырында емес, ұмада орналасқан жағдайда жарамды деп саналады.
Ен шемені, шәует (ен) бау кезінде операциялық емдеу көрсетіледі.
АОО орындарында оқитындар, ұшу құрамы, бортсеріктер және бортоперлаторлар оқуға (жұмысқа) операциядан кейін 6 аптадан соң жіберіледі, авиадиспетчерлері - еңбекке жарамсыздық парағы жабылуымен.
Гипоспадияның бас тәрізді түрімен ауырған жағдайда авиация қызметкерлері жарамды деп танылады.
38. Талаптарға 1-кестенің 38-тармағына бүйрек туберкулезі, зәр шығару ағзалары, пиелонефрит, қуықтың қабынуы, үрпінің қабынуы, қуық асты безінің қабынуы, зәр ұстамау кіргізіледі.
Ен, жатын туберкулезінен (қорғап, операциялық) сауықтырылғаннан, емделгеннен кейін және туберкулезге қарсы диспансерлік есептен шығуымен ұшу жұмысына жіберілуге рұқсат беріледі.
Туберкулез кесапатынан бүйректі алып тастау кешкен тұлға жарамсыз деп есептелінеді. Созылмалы тән емес аурулар жылына екі реттен жиі немесе үш жыл бойы жыл сайын бір реттік асқынуы кезінде, куәланушы жарамсыз болып танылады.
Клиникалық белгісі жоқ қуық безінде тас бар куәланушы ұшу (диспетчерлік) жұмысқа жарамды. Зәрін тежей алмау дертімен зардап шегуші тұлға, барлық бағана бойынша жарамсыз деп танылады.
39. Талаптарға 1-кестенің 39-тармағы бойынша қуықтас диагнозы белгіленсе клиникалық зерттеу көрсетіледі. Оның мәліметі бойынша несеп шығарушы жолдарының түр өзгеруі және қызметінің бұзылуы болмаған жағдайда 2) тармақша қолданылады. Бүйрек түйілуімен (тастың әрі кетуімен немесе тассыз) бүйрек қызметінің бұзылуымен кезінде, куәланушы 3 ай мерзімге емделуге әрі қарай зерттелуімен жатқызылады.
Денеден тыс тас уату әдісімен емделуші тұлға, жұмысқа операциядан кейін 2 айдан соң жіберіледі. Қуықтас ауруын емдеудің инвазивтік емес әдіс бойынша жұмысқа жіберілу сауыққаннан (зертханалық және аспаптық зерттеу кезінде бүйрек қызметінің қалыпты айғақі жағдайында) соң жүзеге асады.
Тері және мерез аурулары
40. Талаптарға 1-кестенің 40-тармағы бойынша куәланушы тұлғаларда тармақта көрсетілген аурулар анықталған кезде кәсіби міндеттерін орындамайды және АА оқу орындарында оқуға жіберілмейді.
41. Талаптарға 1-кестенің 41-тармағы бойынша қайталанатын терінің созылмалы ауруы (осының ішінде шектелетіні: құлақ қалқаны аумағы, қол ұшы, бет, мойын, жыныс ағзалары) жарамсыздық туралы қорытындылауға барлық бағана бойынша негіз болады. Тері ауруының жеңіл түрі кезінде ауру емделуге жатқызылады.
Емдеуге қиын берілетін, созылмалы микробты тері ауруына ауысатын псориаз, пиодермия ауруларының ауыр тараған түрімен, куәланушы жарамсыз деп танылады.
Псориаз тәріздес тері ауру түрі мен қабыршақты теміреткі жеңіл түрінде шектеулі орналасуымен, жалпы жақсы жағдайымен 2) тармақша қолданылады.
Бет терісі кереңқұлақтық зақымдануымен, іріңді тері аурулары, паразитарлық аурулар (лейшманиоз, қышыма қотыр) емделуге жатқызылады. Сауықтырылған соң жұмысқа жарамдылығы туралы шешім қабылданады. АА ұшқыштық оқу орнында оқушылар және бортсеріктікке үміткерлер денесінің ашық жерінде (бет, мойын, саусақтар) ақтаңдағымен және ұяшықтанған шаш түсуімен оқуға жарамсыз.
42. Талаптарға 1-кестенің 42-тармағы бойынша 2) тармақша бойынша куәланушының жарамдылығы туралы сауықтырылғаннан кейін венеролог тұжырымы ескерілуімен қарастырылады.
Асқынған және асқынуға айналған создан емделгеннен кейін куәланушылар жарамды деп саналады.
Асқынған жағдайда (атабез қосалқысының қабынуы, қуық безінің қабынуы, буын қабынуы, жатыр қосалқысы қабынуы) жарамдылығы туралы қорытынды ауруына сәйкес тармақ бойынша шығарылады.
Әйел аурулары, жүктілік
43. Талаптарға 1-кестенің 43-тармағы бойынша созылмалы гинекологиялық аурулардың қалыс анатомиялық кемістігі, қызметінің бұзылуы және ауру синдромымен немесе қабынушылық процесі (1 жылда 2 рет және одан да көп) жиі асқынуы кезінде куәланушы жарамсыз болып табылады. Әйел жынысы аумағында созылмалы ауру асқынуы кезінде емдеу көрсетіледі, ем аяқталуымен науқастың уақытша оңалуы туралы сұрақ шешімі үшін 2 етеккір айналым бойы (жұмыстан шеттетілмей) бақылау өткізіледі. Жатыр мойындағы ауру (эндоцервицит, эктропион, жалақ жарасы), трихомонадты қынап қабынуы, трихомониаз әйелдерді дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) арқылы 3 аптаға дейінгі мерзімге жердегі жұмысқа ауыстырылып емдеуге жатқызылады. Бортсеріктерге ұшу жұмысынан шеттетілмей тексеру өткізіледі. Кіші жамбаста жабысқақ процесінің болуы, жатыр денесі болмауы, қосалқысы бір жағынан, екі жағынан фаллопиялық түтігінің болмауы жұмыстан шеттетуге негіз бола алмайды.
Жыныс мүшесінің 3 дәрежесінде түсу және төмендеуі, қуықжыныс және ішекті-жыныс жыланкөзі, артқы тесік қысқыш қызметі бұзылуымен бұтаралық айырылу кезінде куәланушы жұмысқа жарамсыз болып танылады.
Қынап қабырғасының және жатырдың 1-2-дәрежесінде қызметі бұзылуысыз төмен түсуі шеттету үшін негіз бола алмайды. Үміткерлер және жұмысқа түсушілер жарамсыз болып саналады.
Хирургиялық емдеуден кейін жұмысқа қайтарылу туралы мәселе 6 айдан соң (бұрын емес) қарастырылады. Жатырдың дұрыс орналаспауы және оның дұрыс жетілмеуі, екімүйізді жатыр қызметінің бұзылуымен (жатырдан қан ағу, ауыруы) жұмысқа жарамсыз болып табылады. Туғаннан жатырдың болмауы және қынаптың болмауы немесе дұрыс жетілмеуі функциялық бұзылуы болмағандықтан жұмыстан шеттетуге негіз болмайды. Бортсеріктері жұмысына түсушілер қызтеке болуы, жарамсыз болып танылады.
44. Талаптарға 1-кестенің 44-тармағына жатыр қызметінің бұзылуынан қан ағуы емделуге жатқызылады. Альгодисменорея ұшақ жұмысына қарсы айғақ болып табылады.
45. Талаптарға 1-кестенің 45-тармағы бойынша жүктілік қойылған сәттен бастап куәланушы ұшу, авиадиспетчерлік жұмысына, бортсеріктері жұмысына жарамсыз болып табылады. Түсіктен кейін немесе мерзімінен бұрын босанған әйелдің жұмысқа қайтарылу уақыты жайын гинеколог шешеді. Жүктілікке байланысты ұшу жұмысынан алынуы және босанғаннан кейін ұшу жұмысына қайта түсуі туралы гинеколог (акушер-гинеколог) қорытындысымен бірге ДҰСК жүзеге асырады. Ауруы туралы куәлік жазылмайды. Кезектен тыс куәландырудың нөтижесі бойынша омыраудан емізу уақыты аяқталған соң жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |