Кепілдік берушінің жауапкер-шілігі. Кепілдік беруші несие беруші алдында, егер кепілдік шартында өзгеше белгілен-бесе, борышқор сияқты айыпақы, сый-ақы төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқодың міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған несие берушінің басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап береді.
|
Кепіл болушының жауапкершілігі. Кепіл болушы несие беруші алдында, егер кепіл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады. Кепіл болушыға талаптар қойылғанға дейін несие беруші бұл талапты борышқор қанағаттандыратын-дай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгіленген тәртіп бойынша борышқордың мүлкінен ақы өндіріп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиіс.
|