Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет145/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

308-бап. Кепiлдi тiркеу

1. Егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тіркелуге жататын мүлікті кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс. 

Жылжымайтын мүлік кепілі жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелуін жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге жатады. 

2. Кепiл нысанасының өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда басқа да өзгерістер тiркелуге жатады. 

Міндетті тiркелуге жатпайтын кепiлдiң өзгеруі қатысушылардың қалауы бойынша тіркелуі мүмкін. 

3. Кепілді тоқтату туралы жазба тізілімге: 

1) негізгі міндеттеменің орындалуына байланысты кепіл ұстаушының өтініші негізінде кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу кезінде; 

3) кепіл шартының бұзылуына байланысты кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде; 

4) осы Кодексінің 322-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша кепілді тоқтату кезінде енгізіледі. 

4. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындаған кепіл беруші тізілімдегі кепіл туралы жазбаның жойылуын талап етуге құқылы. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің талабы бойынша тіркеуді жүргізетін органға қажетті құжаттар мен жазбаша өтініштерді табыс етуге міндетті. Кепіл ұстаушы бұл міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепіл беруші өзіне келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы. 

Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет