Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет144/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны

1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.

Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.

2. Кепiл туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы қағидаларды сақтамау кепiл туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет