10 Дәріс Құрамында гликозидтері мен циан гликозидтері бар өсімдіктер.
11 Дәріс Құрамы толық зерттелмеген, бірақ токсикологиялық маңызы бар басқа да өсімдіктер. Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер.
Фотопериодизм.
Жердегі бүкіл өмір, клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдемдері мен климаттық және географиялық белдеулердің жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері туындайды. Ол – анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. әрбір түрдің өзіне тән жыл маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею, таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Мысалы, күзге қарай ағаштардың жапырақтарын түсіруі, жануарлар тіршіліндегі өзгерістер (жүннің қалыңдауы, тері асты май қабаттарының қалыңдауы, ұйқыға кету, т.б.). Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді.
Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі.
Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады. Олар: қысқы күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.
13 Дәріс Микоздар және микотоксикоздар
Улы саңырауқұлақтарға(микотоксикоздар) жалпы сипаттама
Саңырауқұлақпен улану биологиялық улануға жатады.Тамақтардың ішінде саңырауқұлақ асқорыту жүйесінде ең ауыр қорытылатын тамақ. Саңырауқұлақты жүкті әйелдерге, емшек емізетін әйелдерге және 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Саңырауқұлақпен улану басқа тамақтан уланудан қарағанда өте ауыр түрде өтеді. Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында 4 адам. Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы, Қайназар ауылында 12 адам уланған тамаққа саңырауқұлақты пайдаланған.
Улану асқа саңырауқұлақтарды, мысалы оның бозғылт поганка, қызыл мухомор, жалған опенок және жалған сморчок деген түрлерін қолданғанда, сонымен қатар жеуге жарайтын сморчок, строчка, қабанқұлақ саңырауқұлақ, қызғылт саңырауқұлақ сияқтыларды аспаздық тұрғыдан дұрыс өндемеген жағдайда туындайды. Уланудың шапшаңдығы саңырауқұлақтардың түрлеріне байланысты. Мысалы, бозғылт поганкамен уланғанда ондағы барлық у ағзаға сіңіп болғаннан кейін, яғни 2-3 тәуліктен соң білінеді. Сондықтан саңырауқұлақтарды асқа пайдаланғанда немесе жинағанда жеуге жарайтын-жарамайтындығын анық білу керек. Әсіресе оның бозғылт саңырауқұлақ деген түрін шампиньоннан, шатыр тәрізді саңырауқұлақтан және басқа да жалпақ саңырауқұлақтардан ажырата білген жөн.
Мухомормен улану өте сирек, өйткені оны сыртқы пішіні бойынша басқалардан ажырату оңай. Мухоморда болатын мускарин деген удың салдарынан денеде құрысу, қарашықтың кішіреюі, сілекей шұбыру, тершендік, іштің ауыруы, жүректің айнуы, көзден жас ағу, іштің қатты шұрылдауы сияқты белгілер пайда болады. Бұдан әрі қарай адам сандырақтайды, тынысы тарылады т.б. Дер кезінде жәрдем көрсетілмесе, жүрек-қан тамыр қызметі жеткіліксіздігінен адам қайғылы жағдайға душар болады. Мұнда уланудың алғашқы белгілері жарты сағаттан кейін-ақ байқалады.
Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі, соның ішінде адамға қауіптілері: боз арамқұлақ, қызыл шыбынжұт, жалған түбіртек, тілікқұлақ, қобанқұлақ, бүріспе
Улану жолдары: жаз мезгелінде жиі кездеседі, мұндай кезде өліп кету жағдайы да болады. Сондықтан да улы саңырауқұлақтарды жейтін улы емес саңырауқұлақтардан ажырата білу және уланған адамға қандай көмек көрсету керек екендігін білген дұрыс.
Боз арамқұлақ. Жыл сайын онымен мыңдаған адамдар уланып, көпшілігі өледі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Боз арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас қозықұйрықпен ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта (шампиньон) қалпақшасының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал боз арамқұлақта ақ түсті болады. Боз арамқұлақтардың құрамында адамға қатты әсер ететін улы заттар - фаллоин, фаллоидин және аматотоксин бар. Олар қайнатқан және құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды.
Қызыл шыбынжұт да улы саңырауқұлақ, құрамында атропин тектес улы заттар мускарин мен аманитин кездеседі, олардың 3-5 мг мөлшері өлімге ұшыратады. Қызыл шыбынжұттың уы қанға сіңіп, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Тілікқұлақ көктемде шығады, қалпақшасы қара-қоңыр түсті, пішіні қисық шар тәріздес. Қалпақшаның үстінгі жағы көгілдір қатпарлармен көмкерілген, оның іші қуыс, ақ түсті, аяғы сынғыш және іші құыс келеді. Тілікқұлақтың бөлетін токсины гельвель қышқылы, оны қайнатқанда да бұзылмайды. Адам оны тамаққа пайдаланғанда уланады.
14 Дәріс Жануар тектес улы заттар. 15 Дәріс Құрама жеммен, күнжара және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар.
БАРЛЫҒЫ: 15 Модуль 1 Жалпы токсикология Удың жануар ағзасына әсері мен уға сезімталдылық. Удың ағзаға таралуы, организмнен улы затты жедел шығару (жуу), залалсыздандырудың зертханалық негіздемесі. 1 Улануды анықтаудағы зертханалық сынамаға сараптама. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер негіздемесіне лайықты сынамаға зертханалық сараптама. 1
Достарыңызбен бөлісу: |