№5Сабақ
Мерзімі:
Тақырыбы:
«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Ойын технологиясының тиімділігі
2. 2 Тарих сабағында танымдық, ұлттық ойындарының
пайдаланылуы
2. 3 Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
2. 4 Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі сабақ жоспары
III Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын орны ерекше.
Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабақтарымның бірі ойын сабақ. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |