Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ауызша тарихтың бесаспа зергері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауызша тарихтың бесаспа зергері туралы баяндап
мағлұмат беру.
Дамытушылы: Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды,
есте сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді
салыстыра отырып,қорытынды шығаруға үйрету.
Тәрбиелік: Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: гография
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақтың қолы тәуелсіздікке жеткелі дәстүрлі тарихпен әуестенушілер көкмайса көктемде көкті көмкерген бәйшешектей кең өріс жайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында «аузынан ауыздығы» алынбай, тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары ойланып-толғанып, өздеріне-өздері келіп, өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебиет пен өнерге жақын қазақ зиялылары дәстүрлі тарихымыздың кейбір маңызды бағыттарында айтарлықтай аршынды қадамдар жасап үлгерді. Солардың арасында кескін-келбеті, өзіндік дара болмысы қазақ сал-серілерінің еңселі тұлғасын еріксіз еске түсіретін Ақселеу Сейдімбек қазақтың этникалық болмысының білгірі ретінде тұлғалана түсті.
Бұрындары да өзінің әртүрлі прозалық шығармаларында, «Күмбір-күмбір күмбездер» тәрізді тарихи танымдық очерктер шоғырында, тамыры терең тылсым тарихтан бастау алатын қазақ дәстүр-салтының сан қырлы қатпарларын нәзік сезімталдықпен қозғап, толғана жазған ғылыми мақалаларында, ата-бабаның бесаспап өнерінен бастау алған ғажайып күй саздарының таңғажайып сырларын тербете зерттеген монографияларында және тағы да басқа әртүрлі мәдени тағылымның аса маңызды мәселелерін қозғап, оларға тың деректер мен тұжырымдар қосып, сонымен бірге өзінің осы бағыттардағы қызықты да, тың да, жаңашыл пікірлері мен тұжырымдарын әрқашан оқырманға ұсынып дағдыланған жазушы тәуелсіздік тұсында біржолата этнографиялық зерттеулерге бет бұрып, осы бағытта елге жақсы танымал, дарынды білгір ғалымның деңгейіне көтеріліп үлгерді. Бұрындары Ақаңның жазғандарын қалың қазақ ортасында өзіндік тәлім-тәрбие алған, ұлттың қанықты рухына мейлінше суарылған, тарихи танымды қызыға насихаттаушы талантты журналшының өзіндік әуесқойлығы ретінде қабылдап, жаратушының өзі ғылыми-зерттеуге бейім етіп жаратқан оның ерекше қасиеттерін аңғара қоймаған тарихшы-этнографтардың өздері де Ақаңның осы бағыттағы іргелі зерттеулерінен кейін оны өзіндік ғылыми кескін-келбеті, өзіндік бедерлі ғылыми соқпағы бар этнолог-тарихшы ретінде қабылдай бастады. Осы айтылғандардың нақты көрінісінің және жарқын үлгісінің бірі – қазір қолымызға ұстап отырған «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбек. Бұл кітап өзінің ішкі құрылымы, жазылу стилі және көтерген мәселелері, сондай-ақ ғылыми бағыттары жөнінен өзінен бұрынғы этнографиялық мазмұнда жарық көрген зерттеулердің ешбіріне ұқсамайды. Зерттеу іргелі-іргелі бес тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы «Шежіре және тарих» өзіндік тың да, жаңа көзқарастарға толы. Онда елтану мектебі, тарихнама, этнология және ру-тайпа жүйесі, түркі ру-тайпалары және тарихи кезеңдер, қазақ шежіресіндегі уақыт табы және тағы басқа маңызды мәселелер нақтылана зерттелген. Егер Ақселеу Сейдімбекке дейінгі этнографтар, мысалы, дәлірек айтар болсақ, В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын осы ДАТ-тың (далалық ауызша тарихнаманың) аясына сыйдырған болса, енді біз пікір айтып отырған еңбекте автор жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» («ҚАТ») деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы мүлде тың, жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай жаңа ұсынысқа, негізінен, келісуге болады. Әрине, ауызша тарихқа тек қана қазақ шежірешілдігі ғана жатады десек, тар өрісті пікір айтар едік.
Тамыры тереңнен бастау алатын, ежелгі тарихи тұлғаны бүгінгі күнге көркемдеп те, айшықтап жеткізген әртүрлі аңыз-әңгімелер мен қиссалар, жыршыларымыз таңды таңға ұрып жырлайтын тарихи дастандарымыз бен тарихи жырларымыз, мысалы, Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» ауызша тарихтың адам таңданарлықтай ғажайып үлгісі емес пе?! Белгілі тарихшы-археолог Егоровтың «Историческая география Золотой Орды» деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде Қырымдағы Қырық ер қаласына байланысты қазба жұмысының қорытындыларын нақтылап айтқаны бізге белгілі. Қырық ер қаласын Шайбанның әскерінің қандай қиыншылықпен басып алғанын әйгілі ортағасырлық «Шайбани-нама» атты деректен де айқын аңғарған болатынбыз. Осыларды бір ауыз сөзбен қорытар болсақ, Мұрын жырау ауызша жырлаған тарихи ахуалдың шынайы тарихқа сәйкестігі назар аудартады. Ондағы айтылатын Шора Нәрікұлының өзінің ерліктері және бабаларының өмір тарихы орыс деректеріндегі жылнамалық мәліметтерге толық сәйкес келеді. Мұның бәрін айтып отырғанымыз, А.Сейдімбек әңгімелеп отырған қазақтың ауызша тарихы (ҚАТ) бүгінде қағазға түскен жазба тарихымызды жаңа деректермен толықтыратын және тарихтағы адам тұлғасының айшықты орнын айқындай және нақтылай түсетін, әсіресе, ежелгі және ортағасырлық тарихымыз үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда зерттеушінің «қазақтың шежірешілдік зердесінде адам – тарихтың ең басты тұлғасы, ал адам сапасы – тарихтың қозғаушы күші» деген қорытындысы, шынында да, бүгінгі тарихымыз үшін аса өзекті және маңызды. Мұны қазіргі кезеңде бізден гөрі ресейлік ғалымдар айқынырақ түсінгендей. Өйткені олар коммунистік жүйенің омақаса құлағанын жедел ескеріп, бұрын тарих ғылымында қалыптасқан «тарих – таптар күресі» деген принциптің орнына «тарих – адам қызметі» деген жаңа ұстанымды орнықтырып үлгерді. Мұндай жаңа методологиялық ұстанымның маңыздылығын жақсы түсінген А.Сейдімбек бұл мәселеде де өзінің хабардар екенін зерттеу еңбегінде айта кетуді ұмытпаған. Алдын ала айтарымыз, ғалымның қазақтың шежірешілдігін ауызша тарихтың аса маңызды көрінісі ретінде сипаттаған көптеген ұнамды пікірлерімен келісуге тура келеді. Өйткені шын мәнінде, автор қазақ шежірешілдігінің қыры мен сырын жақсы меңгерген, өзі де – осы салада нақты зерттеулерді көптеп өмірге келтірген дарынды зерттеуші. Ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмысында шежірелік деректерді жан-жақты талдап, жүйелеп, жинақтап, осы саланың ыстығы мен суығына төзіп, әбден академиялық дәстүр аясында іздене жүріп қалыптасқан шежіретанушы ғалым осы – А.Сейдімбек.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ауызша тарихтың бесаспа зергерілері дегенді қалай түсінесіндер?
2. Ауызша тарих бесаспап зергерлеріне нелер жатады?
IV. Қорытындылау
№3 Сабақ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тәуелсіздігін алу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақтың тәуелсіздігін алу және ауызша тарихтың дәстүрлі құндылықтары туралы түсінік беру
Дамытушылық: Қосымша материалдарды пайдалана отырып,
оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге тәрбиеле
Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік,имандылық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баянда , сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихының», оның ішінде шежірелік дәстүрдің тарихнамасының мәселелерін жан-жақты талдауымен де негізінен алғанда, толық келісуге болады. Оның әйгілі тұлғаларымыздың өмірлік дерегі туралы шежірелік баяндарды «әлем халықтарының тарихында кездесе бермейтін бірегей рухани феномен» ретінде бағалауы шежірелік түзілім тарихын терең білетін маманның көзқарасы түрінде қарастырылуы қажет. Еңбектері Алтын Орда тұсынан бері қарай шежірелік сипатта жазылған ортағасырлық авторлардың, соның ішінде мұсылмандық тарихи әдебиет өкілдерінің, шынында да, Қазақ тарихы үшін аса құнды деректік мәліметтер беретінін қазіргі тарихымыз айқын аңғарып отыр.
Ақаңның «Этнология және ру-тайпалық жүйе» тақырыбы бойынша теориялық және методологиялық мәселелерді тереңдете қозғағанын да осы еңбектен байқап отырмыз. Мұнда зерттеушінің негізгі ғалымдардың, оның ішінде өзіміздегілер ғана емес, ресейлік және шетелдік авторлар да бар, еңбектерін шолып шығуының өзі осы мәселеден дерек іздестірген зерттеушілерге айтарлықтай көп көмек көрсететінін айта кеткен жөн.
Осы біз әңгімелеп отырған қазақ этногенезінің күрделі мәселелерін көшпелі дәстүрлі өмір салтымен байланыстыра қарастырған кітаптағы тартымды да қызықты пікірлердің этникалық тарихқа тың да жаңа көзқарастарды алып келетінін осы бағыттағы зерттеулермен айналысып жүрген кез келген ізденуші айқын аңғарады.
Ақаңның Қазақ хандығы тұсында етек-жеңі жинақталған қазақ шежіресінің бүге-шігесін ғана емес, қазақты құраған ежелгі түркі ру-тайпаларының тарихи тамырларынан да және олар бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдердің өзіндік ерекшеліктерінен де айтарлықтай хабардарлығынан біз пікір айтып отырған еңбекпен танысқан оқырман бірден аңғарады. Онда қазақ ру-тайпаларының түркілік тек-тамырлары нақты көрсетіліп, олардың басынан өткен байырғы заманнан бері қарайғы кезеңдер жікке бөлініп талданған. Осы орайда зерттеушінің түркі дүниесінің тарихын терең этникалық тамырларын жаңа, тың қорытындылармен белсенді түрде толықтырған әлемге танымал татар ғалымы М.З.Закиевтің «Происхождение тюрков и татар» деп аталатын әйгілі еңбегіне сүйене отырып, өзіндік топшылауларға келгенін байқаймыз.
Түркілер тарихына әрқашан жанашыр болған М.З.Закиев тәрізді әйгілі ғалымның түркі тарихын бірнеше этникалық кезеңдерден өткізетінін жақсы білеміз. Бұл пікірлер нақты да ғылыми тұжырымдар мен шынайы шындық іздеген ғалымдарды жаңа тарихи белестерге шақырады. Бізді қуантатыны – Ақаңның осындай түркі дүниесі құрметтеген белгілі білгір ғалыммен пікірлес болуы дер едік. Осы негізде Ақаң түркі ру-тайпаларының тарихын төрт кезеңге бөлетінін айта кеткен жөн. Бірінші кезең – байырғы заманнан басталып, Түркі қағанатына дейін қалыптасқан ру-тайпалар тарихын қамтиды. Екінші кезең – Түркі қағанатынан басталатын Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін созылатын кезеңде қалыптасқан ру-тайпалардың өткенін бағамдайды. Үшінші кезең – Шыңғыс хан шапқыншылығынан бастап Алтын Орданың ыдырауына дейін созылатын түркі ру-тайпаларының әлеуметтік-этникалық тұрғыдан едәуір өзгерістерге ұшыраған, Ақаңның сөзімен айтқанда, «түркі тектес халықтардың жеке-жеке ұлт болып ұйысу алдындағы тарихи толғақты кезеңі» болып табылады. Төртінші, соңғы кезең – Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі ру-тайпаларының төл этнонимдерін орнықтырған жаңа топтарының қалыптасу кезеңі ретінде көрініс береді. Мұнда қыпшақ тобы, қыпшақ-ноғай тобы, қыпшақ-қырғыз тобы, оғыз тобы, қарлық тобы, шуаш тобы, сақа тобы тәрізді тілдік-этникалық тұрғыда жаңадан қалыптаса бастаған түркі тектес халықтардың одақтары ғылыми тұрғыдан тұжырымды да, нақты сипатталған.
Сонымен бірге мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған тараушада да Ақаң халықтың рухани мұраларынан жан-жақты хабардар екенін айқын аңғартқан. Бұл тараушада жүзге кірмейтін рулар, өзге ел-жұрттар жайында, үш жүздің ру-тайпалары туралы мақал-мәтелдер топтастырылған. Олардың ішінде қазақ этнологиясынан нақты мәлімет беретін мақал-мәтелдер аз емес. Зерттеушінің қазақ ру-тайпаларының ұрандарын, олардағы ен-таңбаларымен байланыстыра қарастыруы да Ақаңның халықтық білімнен терең сусындағандығын айқындай түседі. Тегінде, зерттеушілер арасында «ен-таңба» деген атауды Ақаң алғаш рет арнайы айналымға қосып отырған ғалым болса керек. Осындайда қазақ арасына кеңінен танымал бұл мәселе осы кезге дейін тарихымызда елеусіз қалып келгенін айта кеткеніміз жөн деп ойлаймыз.
Зерттеуді аяқтайтын «Қазақ болмысы» атты соңғы бесінші тарау этнографиялық түйіннен және тұжырымнан тұрады. Мұнда қазақ халқына тән кейбір түсініктер нақты екшеленген. Қазақтың дәстүр-салтын ұмытып бара жатқан қазіргі ұрпаққа ғана емес, қазақ этнографиясын зерттеумен айналысатын мамандарға да бұл тараудың жаңа идеялар мен стратегиялық ой-толғамдар берері анық.
Қорыта келгенде, Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың ауызша тарихы» атты еңбегінде шежірелік деректерді пайымдаудың жаңа халықтық этнографиялық үлгілерін ұсына алған. Мұнда автор, шынында да, көрнекті этнолог Ж.Артықбаев айтқандай, тақырыпқа «тікелей немесе жанама кіретін ондаған-жүздеген мәселелерді кітапқа артып алған».
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ақаң түркі ру-тайпаларының тарихын қанша кезеңге бөлетінін айтаты?
IV. Қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |