Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі жамбыл обылысы Т. Рысқұлов ауданы



бет16/17
Дата15.09.2017
өлшемі3,28 Mb.
#33552
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Айтыс– шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.

Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеденқалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.Кезінде Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді",– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады.

IV. Қорытындылау

№ 22 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Шешендік және сөз мәдениеті тарауымен қайталау, қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Шешендікті, шешендіктің қазіргі түрлерін, шешендік сөздердің сапаларын, сөз мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі туралы білімдерін мысалдармен дәлелдеп, қайталау, пысықтау..
Дамытушылық: Шешендік сөздердегі фразеологизмдердің, мақал - мәтелдердің, афоризмдердің табиғатын тану қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден сақтандыру, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: мағлұмат беру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ



- Алдымен ертерек қазақ сахарасында болып, халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді жете көріп, терең түсініп, ерекше сүйіспеншілікпен тамашалай білген шетел саяхатшыларының жазба - естеліктерінен үзінді тыңдап көрейік (интерактивті тақтадан көрсетілді, мәнерлеп оқып беремін).
- Міне, осылайша шетел саяхатшы - ғалымдары ата - бабаларымызға баға беріп жатса, шешендік өнер қазақтың қанына сіңген қасиет екендігіне дау жоқ.
- Бүгінгі сабақ кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. Қайталау - оқу анасы.
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
І. «Қайталау - оқу анасы.» (сұрақ - жауап).
Сұрақтар:
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік сөз дегеніміз не?
3. Шешен дегеніміз кім?
4. Шешендерге қойылатын қандай талаптар бар?
5. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата (оқушылар жауабы тыңдалады).
Қазіргі шешендіктің түрлері
1. Білім - ғылым мазмұнды шешендік.
2. Әлеуметтік - саяси мазмұнды шешендік.
3. Әлеуметтік - тұрмыстық мазмұнды шешендік.
4. Діни мазмұнды шешендік.
5. Сот ісі шешендігі.
ІІ. « Ұтымды пікір - ұтқыр ой».
- Иә, балалар, қазақ халқы - сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау - ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі. Шешендердің ең негізгі құралы - сөз. Сол сөзі арқылы тыңдаушысын өзіне тартып, жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық дарыннан туады. Олай болса, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
- Біздің заманымызға шешендік қажет пе? (оқушы жауабы).
- Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Бар болса кімдер деп ойлайсыңдар? Мысалдармен дәлелде, өз мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсың?

(оқушылар жауабы тыңдалады, оқушылар Н. Ә. Назарбаевты, Ә. Кекілбаевті, Қ. Сәтбаевті, Ә. Қажы Дербісәліні, М. Әуезовті, Абайды, Жамбыл Дүйсеновті бүгінгі таң шешендері деп танып, олардың сөздерінен үзінділер келтіріп, дәлелдермен сөйлейді және сот ісі шешендігі, білім - ғылым мазмұнындағы шешендікке де мысалдар келтіреді).

ІІІ. «Даналық сөзден дән ізде».
(Семантикалық карта 10 оқушыға таратылады).
ІV: «Кешенді талдау - кемел білім».
1. Фонетикалық талдау - Тұрысбек Қуаныш.
2. Лексикалық талдау - Каиртаева Луиза.
3. Морфологиялық талдау - Керімтаева Динара.
4. Синтаксистік талдау - Акчалова Ақерке.
(Оқушылар тақтаға кешенді талдауға дайындалғанша, қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді).

-- «Сапалы сөз - саналы ойдың жемісі» демекші шешендік сөздің сапалары туралы білімдеріңді байқап көрейік:

1. Шешендік сөздің мазмұндылығы.
2. Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы.
3. Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.
«Кім тапқыр?» ойыны.
«Билер сөзі - ақылдың кені» - деп дана халқымыз бекер айтпаған, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейтін, от ауызды, орақ тілді би - шешендеріміздің сөздерінен берілген үзінділердің кімнің сөзі екенін табу.
V. «Көркем сөзім көрікті ойым» (Бұл кезеңде казіргі шешендік үлгіде қолданып жүрген фразеологизмдердің сыңарын оқушылар табады). «Тәуелсіздікке бес жыл» кітабынан алынды (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақты бекіту: Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
(топтастыру стратегиясы)
Қорытынды: Ойтолғау. Ғаппарова Назым
«Сегіз серінің жастарға берген батасы» (Бауыржан бата береді).

№ 23 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ шежірелері мен тарихи

ескерткіштермен таныстыру,тарихи маңызын

түсіндіру.

Дамытушылық: Ой өрісін дамыта отырып,топтық жұмсыс істеуге,

ұйымшылыдыққа баулу.

Тәрбиелік: Тарихи құнды мұраларымызды құрметтеуге ,өнерді

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой толғау,зерттеу.

Пәнаралық байланыс:  қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ



Қазақ шежіресі қазақ тарихи жадының өзегі десек артық айтқандық емес. Алайда, сол қазақ шежіресі қазақ тарих ғылымында әлі күнге өз орнын ала алмай келеді. Өйткені, шежіре өз дәуірінде қандай қызмет атқарды, несімен құнды болды, халық санасынан әлі күнге өшпей келе жатуының себебі неде?-деген сұрақтарға қазіргі тарих ғылымының жауап беруге қауқары жоқ. Қазақ шежіресі осы күнге дейін қанша зерттелсе де өзінің ішкі мәнін ашпай келеді. Оның себебі, зерттеушілердің шежірені бір ғана тұрғыдан – этникалық үдерістер тұрғысынан қарастыруы, сол бойынша байлам жасауы болып табылады. Ал, шежіре тек этникалық үдерістермен ғана байланысты емес, қоғамдағы барлық үдерістермен тығыз байланыста қалыптасқандығын, атап айқанда: діни, саяси үдерістер шежірелердің түзілуіне ықпал еткен факторлар болғандығы ескеріле бермейді. Оның үстіне шежірелердің бірін-бірі қайталамай, әртүрлі болып келуінің өзі зерттеушілерді адастырары немесе зерттеушінің шежірені тарихи құжат екендігіне күмәнмен қарауына ықпал етері анық. Алайда, шежірелердің әртүрлі болып келуі астарында қазақ (түрік) халқының басынан өткерген тарихи кезеңдерінің сырлары жатқандығын қазақы дүниетанымнан хабарсыз, танымы евроцентристік көзқараста қалыптасып, тарихқа материалистік тұрғыдан баға беретін тарихшылар қазақ шежірелерінің ішкі мәні мен мазмұнын танып-білуі қиын немесе мүмкін емес.
Қазақ шежіресінің пайда болуы қазақ халқының қоғамдық құрлысымен, мемлекеттік жүйесімен тікелей байланысты және сол шежіре түзілген дәуірдегі қоғамның құрылымдық жүйесінің сызба түріндегі бейнесі, әрі негізгі реттеуші басты құжаты болды.
Қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің қашан түзілгендігі туралы бізде нақты дерек жоқ. Бір шежіре Өзбек ханнан басталса, екінші шежіре Алаша ханнан бастау алады. Үшінші шежіре Өзбек ұлысының ханы Әбілхайыр ханнан басталады. Ал төртінші шежіре әріге кетіп, Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы Аннас сахабадан бастау алады. Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 
Қазақ шежіресінде күдік тудырып жүрген тағы бір мәселе – ол Ата Қазақтан қазіргі біздің замандасымызға дейін ары кетсе 22 ата немесе 11-13 атамен шектеліп жатады. Мұны жылға шағар болсақ, арысы 600-660 жыл шамасында. Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай? Бұл сұрақтар жауап беруді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап берілмейтін болса, онда біз шежірені ешқашан таныдық деп айта алмаймыз. Сондықтан, қазақ шежіресін тану жолындағы ізденісімізді біз бұрынғы зерттеушілер жүрген жолмен емес, басқа бағытта жүргізгенді дұрыс санаймыз. Ол қазақ халқының басынан өткерген діни, рухани үдерістер тарихы мен олардың қазақ шежіресімен байланысын анықтау бағытындағы ізденістерге ден қоямыз. Әрине, осы күнге дейін қазақ шежіресін зерттеп жүрген зерттеушілердің қазіргі қазақ халқы құрамындағы ру, тайпаларды көне дәуірдегі ру, тайпалармен байланыстырып, солардың тікелей ұрпақтары екендігін дәлелдегісі келетін ойлары да бар. Алайда, бұл тұжырыммен толық келісе қою қиын. Қазіргі рулар мен көне дәуірдегі рулардың арасындағы генетикалық байланысты толығымен жоққа шығаруға болмас, дегенмен солардың тікелей ұрпағы еді дегенді айту артық болары сөзсіз. Өйткені, араб, парсы жазбаларында аталатын түркілердің көптеген ру, тайпа аттары қазіргі қазақ немесе өзге түркі тайпалары арасынан кездестіре алмаймыз. Мысалы, X-XI ғғ. араб деректеріндегі оғыздар құрамындағы 24 ру, тайпаның қайсысы қазақ халқы құрамында бар? Жоқ немесе ірі рулық, тайпалық құрылымдар ішінде кішкентай аталарды ғана құрайды. Ал кейбір ру, тайпалардың аты сол кезеңнен бері әлі күнге өшпей сақталып келеді. Бірақ, сол атауды сақтап келе жатқан руларды сол көне дәуірдегі халықтың тікелей ұрпақтары, ізбасарлары деп атау қиын. Оның есесіне қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ірі тайпалардың атаулары негізінен Шыңғыс ханмен бірге келген ру, тайпа атаулары екендігін де естен шығармауымыз керек. Бұл жерде тағы да «Сонда қалай, біз мына қазіргі қазақ жеріне Шыңғыс ханмен бірге келгенбіз бе?», - деген заңды сұрақ туады. Олай болса, осы күнгі «Қазақ автохтонды халық емес», - деп жалаулатып жүрген кейбір тарихшылардың айтқандарының дұрыс екендігін мойындаудан басқа шара қалмайды. Сол себепті, қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің түзілу заңдылықтарын түсініп алмайынша, дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежіренің де, ру, тайпалардың да халқымыз тарихындағы орнын анықтай алмаймыз. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін халқымыз VIII-XII ғасырлар аралығында басынан өткерген тарихи оқиғаларға талдау жасаудан бастағанымыз дұрыс. Сонда ғана біз қазақ шежірелерінің Шыңғыс ханнан кейін бастау алу себептерін түсінеміз.
Түркілер ислам дінін VIII ғасырдың екінші жартысында қабылдады. Алғаш рет осы кезеңде түркі–ислам мемлекеттері тарих сахнасына шықты. Ол Қарлұқ-Қарахан, Оғыз мемлекеттері еді. Бұл мемлекеттердің дүниеге келуімен ислам діні түркі халықтарының дәстүрлі қоғамына өз ықпалын біртіндеп тигізе бастады. 951 жылы Сатуқ Бұға хан Абд ал-Каримның ислам дінінің дәстүрлі бағытын қабылдауы түркілерді ислам әлемінің құрамдас бөлігіне айналдырды.. Өйткені, рулық, тайпалық жүйелер түркі мемлекеттігінің іргетасы болатын. Біртіндеп түркілерде мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі қалыптасып, абсолютті билік жүйесі орнады. Кезінде арабтың тарихшылары мен географтары жазып қалдырған ру, тайпа аттарының халық санасынан өшуіне әкелді. Халық өзінің тегін білмейтін дәрежеге жетті. Ислам дінін қабылдаған түркілер XI-XII ғғ. қарсаңында өзінің дәстүрлі мәдениетінен, тілінен, мемлекеттік жүйесінен толық немесе жартылай ажырап, парсылану үдерісін басынан кешіріп жатқан болатын. Осы түркі халқының тағдыры қыл үстінде тұрған шақта Қожа Ахмет Йасауи сынды ұлы тұлғаның тарих сахнасына шығып, ислам дінінің түркілер арасында өмір сүру формасын жасауы, араб, парсының мәдениетін қабылдамай-ақ мұсылман болу мүмкін екендігін түркі баласына дәлелдеп берді. Дін тілінің түркі тілінде сөйлеуі ғылым, білім, мәдениет, әдебиет тілінің түркіленуіне әкелді. Мемлекет тілі де түркі тілінде сөйлей бастады. Түркі қоғамынан аластатылған сыртқы неке қайта қалыптастырылды. Рулық тайпалық жүйелер біртіндеп қайтадан қалпына келтіріле бастады. XIII ғасыр басында Шыңғыс ханның келуі, Жошы ұлысының қалыптасуы түркінің мемлекеттік жүйесін толығымен қайта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жошы ұлысында түрік мәдениетінің қалыптасуына Йасауи жолы өкілдері аянбай еңбек етті.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.​ Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 


2.​ Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай?

IV. Қорытындылау

№ 24 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Ауызша дәстүрдегі , шежіредегі түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауызша дәстүрдегі тарихи-шежірелі ,жерлерін танып білуге баулу, мақтан тұтар ізгі азаматтарды насихаттау.

Дамытушылық: Оқушыларды іздендіре отырып,сөйлеу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерді сүюге, оны қорғауға, табиғатын



аялап қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: картамен жұмыс, әңгімелеу, баяндау

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,әдебиет,сурет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі



ә) Жаңа сабақ

Ақпарат айналымы ауызша дәстүрге негізделген байырғы қоғамдарда адам санасы мен жады қызметінің орны ерекше болғаны белгілі. Жады кез келген адам үшін аса білім сақтаудағы қолайлы құрал және сенімді архив, әр адамның өзінше «жеке мұрағаты» бола алады. Бұған ешбір күмән жоқ. Жады мағынасындағы қазақтың балама ұғымы ес, сана. 
Жадының негізгі өнімі – естеліктер. Жадыға тоқылған ақпарат тарихи мазмұнда болса, тарихи естеліктер болады, ата тарату, туыстық реті жайында болса, генеалогиялық мағынадағы дерек болады. Осындай естеліктер кешенін кез келген адамның бойынан табуға болатыны сөзсіз. Сол естеліктердің барлығын тарихи дерек мақсатына жарату мүмкін болмаса да, олардың жиынтығын талдау арқылы тарихи шындық туралы түсінік қалыптастыруға болады.
Тарихи факт болмай тарихи дерек жоқ. Тарихи дерек болмай тарихнамалық факт жоқ. Тарихи факт болмай тарих та жоқ екені белгілі. Яғни тарихтың өзі қоғамдық мәні бар әртүрлі орын алған оқиғалардың тіркеліп, себеп-салдары анықталып, түсіндіріліп, тәпсерленіп, баға берілген соң тарихи оқиға ретінде баяндалып, қағазға хатталатыны белгілі. 
Осы амалдар арқылы ғана ауызша дәстүр төңірегінде сақталған қазақ шежірелері толымды түрде қордаланып, жүйеге түсіріліп, ғылыми әдіс арқылы талдануы мүмкін. Ал шежірелер – қазақ мәдениетінің дәстүрлі негізін тану құралы, оның маңызды деректік негізі екенін есте ұстау қажет. Ауызша шежірелік үрдістің өзінше даму заңдылықтары да бар. Шежірелердегі ауызша айтылған мәліметтер сол деректерді тудырған ұрпақтан тыс берілген дерек болса, олар ауызша дәстүрге айналады. 
Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан үлгілердің өзі "шын" немесе "шын сөз сияқты" дегендей бағалануы мүмкін. Ой, қиял үлгідегі сөз ретінде аңыз, әпсаналарда әртүрлі жеке тәмсіл әңгімелер айтылады. Әрине, осының арасын нақты жік-жігімен айыру үшін «шын» мен «өтірік», «ақиқат» пен «жалған» деген ұғым туралы нақты бір ұстаным қалыптасуы қажет. Мәдениеттануда "ақиқат"
Жалпы, қазақта – қара сөз, қара өлең, жоқтау, билер сөзі, мадақ өлең әртүрлі дамыған. М.Ж. Көпейұлы: "Орта жүз арғын төртуыл-қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Өз заманындағы жандар бұл кісіні "көмекей әулие" деседі екен. Бір жәй сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен" – дейді. 
Ауызша тарих айтушы тұлға, орны, уақыты, туралы түсінік: ауызша тарих айтушы көбіне оқиғаға өзі қатысқан, немесе тікелей оқиғаны көзімен көрген баяндаушының айтқан хабар-деректерін еске сақтауға алады. Осындай тікелей тіркелген жағдайды "нақты тарих", ең дұрысы "нақты шежіре" деп атауға болады. 
Қазақ айтады: "көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра" – деп, демек көп ғұмыр кешкен адамның азды көпті көргені аса мәнді болмақ. 
Шежіре, немесе аузыша тарихи дәстүр үлгілерін зерттеу бірнеше жолмен іске асады. Біріншісі, қазіргі күндегі шежіре жинаушылардың, сақтаушылардың өнерін зерттеу. Екіншісі, қағаз бетіне түскен ауызша тарихи дәстүрді қолжазба үлгісінен зерттеу. Және соңғысын айтушының өзі жазып қалдырған қолжазба мен айтушының сөзінен жазылып алынған деп айырып қарау қажет.
Тарихи ақпаратты жалғастыру мақсатында ауызекі жанрлар үлгілерінің кең мүмкіндіктерінің барлығы іске қосылып, тарихи оқиға, генеалогиялы дерек туралы мәлімет хадис, тарихи әңгімелер, жыр (тарихи, батырлық), дастан, өлеңмен таратылған шежіре үлгісінде болса да айтылып қалуы керек болған. Сөйтіп тарихта орын алған жаңа оқиға туралы ауызша дерек айтылумен осылайша жалғаса береді. 
Нақты айтқанда, шежіререлердің деректері дәстүрлі мал кәсібін дамытып көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының әлеуметтік-мәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси іс-қымалдарын, тұрмыс жайын, шағармашылық қабілеттері мен отбасылық салтын мейілінше дұрыс, ғылыми объективті түсінуге қызмет етеді. 
Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты:
– шежірелік дерек ауызекі тарихи дәстүр және біраз уақыт өткеннен соң жатталған сөз болғандықтан байқалады; 
– шежірелерде сөзсіз әртүрлі деректік өзгертулер орын алған. Мысалы, Уыз ханның әңгімесінің өзі бірнеше нұсқада айтылады; 
– шежірелерде шартты түрде авторлық болжамдар мен автордың жеке теориясы да орын табады; 
– субъективтілік шежірелердегі әңгімелерді есте сақтау шаралары тәуелділіктен туындайды. 
Шежірелер көбінесе объективті әлеуметтік шындық ортасында айтылған ауызекі тарихи әңгімелерден құралғандықтан, көшпелі тұрмысты сипаттауда оның шаруашылық, ихсаттық жай-күйін баяндайтын дерек ретіндегі тарихи шындықты жеткізу маңызды. 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты?
IV. Қорытындылау

№ 25 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде ,

қалыптасу тарихын айқындау.

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік:Оқушы бойына азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,сурет.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

 Қазіргі таңда ұлттық санамыздың тереңдей түсуі тарихшылар алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Менің ойымша, сондай маңызды міндеттердің біріне – халқымыздың ғылыми негізделген шежіресін жазу жатса керек. Өкінішке орай, бұл міндетті соңғы жылдары, әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіби тарихшылар емес, әуесқой тарихшылар мен тарихты жақсы көрушілер, кезінде әртүрлі қызметтерде болып, кейіннен қолы босап демалысқа шыққан зейнеткер - ағаларымыз орындауға тырысуда. Бұл, әрине, жақсы, құптарлық іс. Дегенменде, сол жұмыстардың бәріне ортақ бір кемшілікке – оларда деректік базаның аздығы, тіпті қаттырақ айтсақ, жоқтығы жатады. Тек қана авторлар өздері ел арасынан жинаған материалдарына сүйеніп өздерінің ата-бабаларының шежіресін тарқатуға тырысады.
2003-2010 жылдары «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» мәселесімен айналысу барысында қазақтың әр тайпасының тарихымен қатар, олардың шежіресін де бір тарау етіп жазу міндеті біздің де алдымызда тұрды. Алғашқы кездегі қиындықтардан соң, үздіксіз ізденістер нәтижесінде біз ғылыми негіздегі қазақ шежіресінің алғашқы нұсқаларын дүниеге келтіре бастадық. Бірте-бірте шежіреге қатысты деректер көзі жинала бастады, тіпті олардың көбейгені соншалықты оларды игерудің өзі жеке мәселеге айнала бастады. Сол себепті де біз қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік. Олар мынандай топтар: 1) XVIII-XIX ғғ. орыс тіліндегі архивтік материалдардың мәліметтері; 2) XVIII-XIX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі мәліметтер; 3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Қазақ жерінің әр уезі бойынша құрастырылған „Материалы по киргизскому землепользованию...” атты статистикалық сипаттағы жинақтардағы мәліметтер жатады; 4) XX ғасырдың басында қазақ халқының өз ішінен шыққан ұлт зиялыларының еңбектеріндегі шежірелік мәліметтер жатады; 5) кеңестік кезеңдегі этнографтардың ғылыми зерттеулеріндегі материалдар жатады; 6) XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жарыққа шығып жатқан қазақ шежірешілерінің еңбектеріндегі мәліметтер жатады; 7) ел аузындағы шежірелік сипаттағы тарихи аңыз-әңгімелер, өлең түрінде айтылатын шежіре-дастандар, сондай-ақ ақын-жыраулардың айтыстарындағы материалдар жатады; 8) мерзімді басылымдарда, оның ішінде қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған шежірелік сипаттағы мақалалардың мәліметтері жатады; 9) жекелеген адамдардың өз аталығы, әулеті, руы туралы жазып жіберген қолжазбалық шежірелері жатады; 10) ауызша түрде информаторлардан алынған мәліметтер жатады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік оларды атап өт.

IV. Қорытындылау

№ 26 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелері туралы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежірелері туралы түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,теориялық

білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық сананы қалыптастыру,Отан сүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: шежіре туралы мәліметтермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ



1. Шежіре деген не? «Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» – бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау. Қазақ ру шежіресі қазақ жазу тарихынан бұрын ауызша сөз өнері көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болды да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірелер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс-қандастық қатынасын білдіретін рулық шежіре алғаш сол рудың ақылды аталар аузынан аңыз-ертек ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» деп айтуда. Оның себебі: 1. жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой; 2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді; 3. қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды; 4. бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, өбересі, шөпшегі, туажат деп атаудан «шежіре» басталады; 5. жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым.
Қазақтың ата-баба шежіресі рулық, тайпалық, ұлыстық, ұлттық шежіреге ұласқан шежіре. Сондықтан тарихшылар бір ұлттың шығу тегі мен қоғамдық жағдайы туралы зерттегенде алдымен сол ұлттың мұралық аңыз шежірелеріне көңіл бөледі. Қазақта 20-10 атаға дейін тарататын ақсақалдарды «шежіреші» деп атады. Қазақта әр рудың, әр тайпаның өз шежіресі болды. Бұлар көбіне оқығанынан тоқығаны көп, ақылды адамдар болып, олар ата-баба шежіресін жинап, реттеп, жазып, жаратушы, айтып таратушы болды. Бұл шежірешілер өз заманында және ерте заманда болған ірі тарихи оқиғалар, соғыс, апат, жұт, үркін-қорқын, қоныс ауған ел, оқиғаларды, жеке хандар, батырлар, шешендер, жыраулар туралы тарихи мәлімет шежірелік дерек беріп отырды. Және мұндай шежірешілер байырғы қазақ тұрмыс, салты, наным-сенімі, календары, жыл, ай, күн есептері, дәрігерлік, шипагерлік, оташылық қатарлы жан-жақтылы білікті адам болған.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Шежіре деген не?


№ 27 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелері- тарихи дерек ретінде.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ шежірелері тариха дерек туралы

түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Қазақ шежіресін үйренуге ,еліне халқына адал

қызмет етуге тәрбиелеу.Оқушы бойына азаматтық,

гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен . Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе. Қазақ тарихын баяндауда шежірелік дерекке молырақ назар аударып, оның мәліметтерін талдап зерттеу – тарихи ізденіс үшін көкейтесті, ғылыми таным үшін маңызды, әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті сала. Шежіре тақырыбы зерттеушілер үшін жабық болуы, «деректемелік ізденістері шеңберінен тыс калып» келуі, шежіреге сенімсіздікпен қарау әдетінен, таптық теория ұстанымдары салдарынан болған . Шежірелер аз зерттелген дерек түрі және тарих, деректану ғылымдарының дамуына оң ықпал ететін мәселе. Деректерді терең зерттеген ғалым М. Әбусейітова, Қазақстан деректемелерін сыртқы және ішкі деректер деп үлкен екі топқа бөліп қарастырады. «Қазақстан тарихын көрсетуде осы аймақты мекендеген халықтың төлтума деректемелері құнды болып келеді», - дейді. Қазақтың өткен тарихы, тарихи шындығы этнографиялық мектеп қалыптастырған сипаттамалық еңбектер негізінде қарастырылуы ғылыми дәстүрге айналдырылғаны байқалады. Алайда, ХІХ-ХХ ғасырдағы халықтың тұрмысы, шаруашылық-мәдени өмірі туралы жазылған саяхатшылардың этнографиялық сипаттамалық деректерді трафарет іспетті одан ерте ғасырлардағы тарихи жағдайларды суреттеп жазу шындыққа жауап бермейді. Жазба деректердің басым бөлігі сырткөз болып келеді. Сырттан жазылған дерек көздерінде қазақтың ішкі өмірі, рухани құндылықтары туралы тиянақты айтатын мәліметтер жоқ. Ал, қазақта өзінің үлкен тарихи көзқарасы, тарихи дәстүрі, тарихи әдебиеті, тарихи ой жүйесі бар. Оны сақтаған дерек қабаттарын көтеру, және оны тек жариялау ғана емес, сол ішкі дерек топтамалары жеткізіп отырған тарихи фактілерді тәпсірлеу, интерпретация жасау мәселесі өзекті болып тұр.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

IV. Қорытындылау

28 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Дессертоциялық хронология шеңбері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дессертоциялық хронология шеңбері түсіндіру,тарихи шежіресі туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,теориялық білімдерін арттыру.

Тәрбиелік:еліне халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.Оқушы бойына азаматтық,

гуманистік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Жұмыстың хронологиялық шеңбері XV ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде үш топқа бөліп қарауға байланысты: «Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Мәшһүр Жүсіп шежіре қолжазбасы ескі уақыттан бастап XХ ғ. бірінші ширегіне дейін орын алған оқиғаларды баяндайды. Шәкәрім шежіресі де солай. ХХ ғасырда шежіре жасаушылардың топтамалары. Шежірелер құрамында ескі тарихи дәуірлердің мәліметтері тарихи-тұрмыстық жыр, аңыз күйінде көп сақталған. Осылайша кейбір шежіре мәліметтері мерзім жағынан ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтығанымен, генеалогиялардың дені қазақ хандығы дәуіріне қатысты. Мұнда моңғол мемлекеті күйрегеннен кейінгі уақыт пен қазақ жүздерін қалыптасуы дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының құралу принциптерін айғақтайтын тарихи-генеалогиялық жүйе сипатталады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. хронологиялық шеңбері қай ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды ?

2. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде қанша топқа бөлінді ?

IV. Қорытындылау

29 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Шежіренің қазіргі маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шежіренің қазіргі маңызы туралы түсінік беру .

Дамытушылық: Тіл байлығын дамыта отырып,өзіндік пікір айтуға

дағдыландыру.

Тәрбиелік: ата тегін тани білетін ұрпақтытарих пен қайта тәрбиелеу және құрметтеуге ,сый көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,тапыстыру.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ



Бір ұлттың тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады. Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу.
Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек. 4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз. 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

IV. Қорытындылау

30 Сабақ


Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына шежіре неге керек болды

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүрін әңгімелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа

баулу,шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Ардақты аналарды,ұлағатты ұстаздарды құрметтеуге

сый көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі



ә) Жаңа сабақ

ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды.
Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды.
«Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр103. Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар.
Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.
4. Шежіренің түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза) шежіре, 3. өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді.
Қазақ шежірелерінің үлкен бір саласы «өлең шежіре» мұнің негізгі себебі: қазақ халқының өмірінде өлең сөздің (поэзияның) атқаратын тарихи традициялық ролі мен мұрагерлік қасиеті жатыр. Қазақ өлең сөзінде «Ата өлең» деген өлең түрі бар. Әсіресе ақындар айтысында ақын әріптесінен «адамға тегін білмеу мін болады, айта отыр ата тегің кім болады» деп жөн сұраса ай тысады. Әне сол өлең шежіре осы ата жөн сұрасудың дамыған түрі – қазақтың ақын халық екендігін, өз өмірін өлеңмен түсіндіру, шежірелік жыр-дастан ету, қазаққа тән қасиет сондықтан өлең шежіре қазақ фольклорының шежірелік бір жанры.
Ал қазақ шежіресінің енді үлкен арнасы «жайынсөз шежіре» (проза) бұл да қазақтың шешендік өнерінің бір саласы ертегі, аңыз-әңгіме, тарихи естелік, әңгіме, ұлы әңгімеге ұласқан жанр түрлері. Мұны жаратушы жазушы адамдар оқымысты, көпті көрген көсем, ойлы, шешен тілді ел аталары ру шежірешілері болған, шежіренің ана үш түрі де осылай тек мазмұндық парықты.
Адамзат қоғамының даму тарихынан алғанда: ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып қалыптасу, даму барысы бар. Қазақ шежіресі – қазақ ұлтының үш мың жылдық даму барысының мәдени мұрасының бір саласы.

Қазақ ұлтының шығу тегі (нәсілі) атадан таралуы туралы қазақ шежірелерінің көбінде: барлық «қазақ» аталатын адамдар «қазақ - ата нәсілінен таратылады». Қазақтан Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұл туады. Бекарыстың ұрпағын «ұлы жүз» деп атап, одан Үйсін, Қаңлы, Дулат, Түркеш, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ошақты, Шанышқылы, Сіргелі т.б. тайпалар кірген. Ақарыстың ұрпағы «орта жүз» деп атап одан: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ тарайды. Жанарыстың ұрпағын «кіші жүз» деп атап, одан: Әлімұлы (Әлім, Шүмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті), Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ысық, Қызылқұрт); Жетіру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Төлеу, Табын, Тама, Рамадан) тарайды. Осы рулардың өзіндік ұраны, таңбасы болған.

Ұлт дегеніміз – адамдардың бір территорияда жасаған отандық бірлігі, бір тілде сөйлейтін тілдік бірлігі, бір наным-сенімдегі діндік, бірлігі бір, салт-саналық рухани бірлігі, тұрмыс-тіршіліктегі шаруашылық бірлігі негізінде қалыптасқан қандастық қатынастағы туысқандық бірлігін ұлт дейміз.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.​ Ұлт дегеніміз не?

IV. Қорытындылау

№ 31 Сабақ

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:Есім хан реформасынан кейінгі қалыптаықан шежіре 

Сабақтың мақсаты:,

Білімділік:  Есім хан реформасынан кейінгі қалыптаықан шежіресін 

танымал ету.

Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін

дамыту,әдеби тілде өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Өнерге құштарлығын арттыру, еңбекқорлыққа,

әсемдікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ



Есім ханның қазақ хандығының тағына отыруы және оның ұстанған діни-идеологиялық саясаты нақшбандийа тарихатының қазақ арасыны демдеп енуіне мүмкіндік берді. Ру, тайпалардың бір бөлігі йасауийа тарихатында қалса, екінші бөлігі нақшбандийа тарихатына бет бұрды. Есім хан өз саясатын жүргізгенде осы ру, тайпаларға арқа сүйегенін көруге болады. Оның дәлелі ретінде Есім ханның төңрегінде топтасып, оның қызметінде болған батырларға Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірген соң, оның Айбике, Нұрбике, Қоңырбике атты қыздарын сыйға тартады. Сол оқиға Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресінде» былайша баяндалады: «Шежіре түрікті» жазған Әбілғазы Бахадур хан туысқандарымен хандыққа таласып, Үргеніштегі өзбектер бұзылып, үшке бөлініп кеткенде, осы Есім хан қолына келіп тұрдым дейді. Сонда Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағанды шапты дейді. Жәрдем көремін деп келген хандардың жайы былай болған соң, Есім ханнан рұқсат алып, қайттым дейді. Бұлай болғанда біздің тоғызыншы атамыз Сарының қатыны Қоңырбике сол 1628 жылы келген болатын... Сол Қоңырбикеден біздің сегізінші атамыз Кішік пен Мәмбет сопы туыпты , - дейді. Біздің шамалауымызша, тобықтылар сол кезеңде Алматы маңын жайлаған. Оған дәлел ретінде біз Қалқаман-Мамыр оқиғасы мен олардың атына байланысты жер атауларының Алматыда болуы дәлел бола алады. Оның үстіне Есім ханның алғаш таққа отырып, билік жүргізген кезі де осы қырғыздардан басталғаны, қатарлас жатқан қазақ рулары да осы кезде Есім ханды хан ретінде мойындағаны тарихтан белгілі. Есім хан Тұрсын ханды осы қырғыздардың көмегімен жеңгенін тарихи деректер айғақтайды. Ал, Қазанғаптың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастанында, Есім ханның қырғыздарға Ташкент билігін бергені баяндалады. Бұл мәселені тәптіштеп жазып отырғанымыздың мынадай себебі бар. Алғашында нақшбандийа тариқатын қабылдағаннан қауіп көре қоймаған қазақ рулары, нақшбандийа тариқатының дәстүрлік ерекшеліктері халық санасына сіңіп, қазақ дәстүріне қайшы оқиғалар орын ала бастағанда өзге мәдениетке негізделген сопылық жолдың қазақ мәдениеті үшін қаншалықты қатерлі екендігін сезіне бастады. Сондай оқиғалардың бірі Қалқаман-Мамыр оқиғасы еді. Шариғатқа қайшы емес деп, ағайынды кісілердің балаларының қосылуы халықты дүрліктіріп, Мамырдың өлтіріліп, Қалқаманның жараланып, қашып құтылуының соңы тобықтылардың көтеріле көшіп кетуімен аяқталды. Алдымен Сырға барып, одан Жем, Сағыз, Ор өзендеріне дейін барып, Жоңғарды талқандағаннан кейін барып қазіргі Семей жеріне орналасқан екен.

Каталог: uploads -> doc -> 0ee4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ee4 -> Сабақтың тақырыбы: Генетиканың даму тарихы Сабақтың мақсаты: Білімділік
0ee4 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: §32 Сутектің химиялық қасиеттері Пән мұғалімі: Атабай А. 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет