234-тапсырма. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіздер.
-ыншы, - інші, -ншы, -нші
-ау, -еу, -нан, -нен, -дан, -ден
-тан, -тен, -дан, -ден
-дай, -дей, -тай, -тей, -даған, -деген
235-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктелердің орнына тиісті сан
есімдерді қосып жазыңыздар.
................ бірі – Қыдыр. ....................жарты – бір бүтін. ................. рет өлшеп, бір рет кес. .................. жақсы қас болмас, .............жаман дос болмас. Ер кезегі ............. дейін. .............сомың болғанша, ................ досың болсын. ............... тентек елге симас.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер: қырықтың, екі, жеті, екі, екі, бір, үшке, жүз.
236-тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (мақал). Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген машиналар құмырсқадай қайнайды (Ғ. Мүсірепов). Сексеннен асқан аңшы мен елуден асқан күзетшінің бас қосатын жері осы ұста дүкені болды. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл (мақал). Кейінгі жылдары Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 2,8 млрд. сомның халық тұтынатын тауарын өндіреді. Жетінші бес жылдықта құрылыс-монтаж жұмысына 35,9 млн. сом бөлінген. Биыл күзде үшеуімізді жасы асқандар қатарына жатқызып, балалар үйінен Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатына ауыстырды (Ө. Қанахин). Бұлақтың екі жағы да ағашсыз ашық. Біз шыққан дөңестен екі-үш жүз метрдей ғана қашықтықта еді. (Қ. Қайсенов).
237-тапсырма. Мұнай өнімін өндіруден мәлімет алыңыздар. Екі бөліктегі сан есімді тіркескен сөз тіркестерін бір-бірімен сәйкестендіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.
1. Өзен кенінен 334 мың
|
а) монографиясы жарық көрді.
|
2. Академик Н.И. Андрусов
1877жылы
|
ә) 5 шілде күні мұнай фонтаны
атқылады.
|
3. Оның 1915 жылы «Маңғышлақ»
атты
|
б) 28,5 миллион тоннаға жеткізілді.
|
4. № 6 скважинаның 2389 м
тереңдігінен
|
в) 1,48-2,48% парафин бар.
|
5. 1999 жыл. Мұнай өндіру көлемі
|
г) АҚШ долларына пайдалы
қазындылар өндірілген.
|
6. Мұнайдың құрамында
|
ғ) 15 мамандық бойынша инженер
кадрларын дайындады.
|
7. 1979 жылы бүкіл жер жүзінде
450-470 млд.
|
д) Каспий сырт жағында геология
маршрут зерттеуін жүргізді.
|
8. ҚазТКМИ 1934-1960 жылдар
аралығында 6 факультетте
|
е) тонна мұнай өндірілді.
|
238-тапсырма. Төмендегі сан есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Он-оннан, жиырмаларда, екі-үш, тоқсандай, миллионнан астам, сексен шақты, жиырма-отыз, он жарым, бестен бірі, жиырма үш бүтін оннан үш, отыз-қырықтай, қырықтарда.
239-тапсырма. Өлең жолдарындағы сан есімдердің астын сызып, олардың қай септікте тұрғанын айтыңыздар.
Екеумізді достасқан тілек қосты, Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Айнымайтын сенімді жүрек қосты. Әрқайсысы алтын кесе аясында...
(С. Мұқанов) (С. Сейфуллин)
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы...
* * * * *
Бес жаста безіп үйден тал ат мініп, Отызда ор қояндай аспанға атып,
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың. Қырықта мүшеленген құр аттайсың.
Келгенде жиырмаға сазда өсетін, Елуде ақыл-ойың тегіс толып,
Балауса бейне балғын құрақтайсың. Төскейден сарқыраған бұлақтайсың.
(Балуан Шолақ)
240-тапсырма. Бөлшектік, болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды торларда көрсетіңіздер.
Сан есімнің түрлері:
жұрнақтары: жұрнақтары:
7-апта. 20-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай (қатаң, ұяң, үнді) жіктелуі.
241-тапсырма. Арғы тарихы екі мың жылдан асатын қазақ халқының ең көне қалаларының бірі – Отырар жайлы мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар.
Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық
ірі қалалардың бірі – Отырар
Қазақстанның Отырары – еліміздің Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық ірі қалалардың бірі, оның арғы тарихы екі мың жылдан асады. Кеңес Одағының 30 томдық үлкен энциклопедиясында: «Отырар орнын оғыздар біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала бастаған»,- деп жазады. «Отырар шығыстағы ортағасырлық керуен жолын иемденіп қана қойған жоқ, көшпелі халықтың отырықшы кәсіппен айналысуының куәсі, бұл жерді ежелгі қазақ халқы мекен еткен. Отырар ойпатының қазіргі тарихшылар үшін маңызы зор»,- деп жазады А.Н. Бернштам.
Отырар туралы орыс тарихшылары – Бартольд, Гумилев, Кляшторный, парсы тарихшысы Рашид ед-Дин және қазақ, араб тарихшылары тебірене жазады. Қазақ халқының басына түскен қандай-қандай қиындықтар мен кезеңді оқиғаларды ауызға алса да, Отырарға соқпай өту мүмкін емес. Отырар – қазақ тарихының айнасы, қанды көпірі секілді өз алдына үлкен шежіре.
Отырар ойпатының топырағы ат тұяғы көп таптаған, шексіз көп шайқастан қырман етіп түтіп майдалаған, бірде халықтың көз жасы төгілсе, бірде қаны төгілген. Бұл жолды бабалар жүріп өткен, сан-қилы дүбірлі жорықтар болған. Отырар қаласы – өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш рет қайта тірілген іргелі орын. Арабтар жаулап алған кездегі Отырар орталығы қыштан (кирпич) салынған тамдары, жәдігерлері мол, көшелері кең қала болған. Отырардың керуен кіріп-шығатын бес қақпасы болған, олар: Дарбаза қақпа; Алтын қақпа; Хансарай қақпа; Құл қақпа; Пышақшы қақпа.
Араб әскері мен қыпшақ қолының ұрысынан қыштан салынған Отырар орталығы жермен-жексен болып қираған, құрыған. Оның тарихы Орта Азиядағы сауда мен кәсіптің көптеген басқа да орталықтарының тарихы сияқты қайғылы аяқталды, қала құрып кетті. Орта ғасырда араб қолбасшыларының қазақ қалаларын жаулап алғаны мәлім. Сайрам мен Йасыны 840 жылы басып алса, Тараз қаласын 893 жылы жаулады, Отырар қаласын 841 жылы құлатты.
Орта ғасырдың ортасында қираған қалдық орнына қайтадан үйлер салынып, әдемі көшелер бой түзей бастайды. Мешіт, медресе, базар, ас ішетін орындар, кітапхана салынып, дүниеге Әбунәсір әл-Фараби, әл-Жауһари келетін «Отырардың алтын ғасыры» деп аталатын кезеңі осы болатын. 1219 жылғы монғол шапқыншылығына алғаш тойтарыс берген, кейіннен өртеніп, қирап, жермен-жексен болған, екінші мәрте салынған қала қорғаны осы болатын.
Шыңғыс ханның екі ұлы Шағатай мен Үкітай алты ай бойы арпалысып, ғимараттарды қиратады, көшелерді өртеп, халқын тонап, қан жоса етіп қырады. Осы қан майданнан кейін Отырар бір ғасырда түзеліп кете алмай, басынан үлкен қиыншылықтарды өткереді. Қала XIV ғасырда бірте-бірте қалпына келе бастайды. Ел тұрақтанып, қыш үйлердің орнына кесектен, қамыстан үйлер бой көтереді. Жергілікті халық аузында қалған «Қамыс қала» –осы Отырар қаласының үшінші рет қайта тірілуі еді.
XIV ғасырдың аяғында Ақсақ Темір мен Тоқтамыстың сұрапыл ұрыстары осынау Отырар даласынан өтеді. Қала қанды соғыстан тағы да зардап шегеді. Халық үздіксіз ұрыстан әбден шаршап, қаланы біржола тастап кетеді.
XV ғасырдың басында қаланы Махмұт сұлтан билейді. Ол Отырар, Сауран, Түркістан қалаларын Шейбани ханға сыйлайды. Қазақ ханы Бұрындық Шейбаниге қарсы екі мәрте сұрапыл жойқын жорық жасап, қаланы қазақ билеушілерінің иелігіне алады. Көне қаланың 2000 жылдық қысқаша тарихы осы. Тарихи деректер бойынша, Отырардың дәуірлеп тұрған заманында 100 мыңнан астам халық мекендеген, бірнеше мешіті, медресесі болған. Отырар атын әлемге танытқан әл-Фараби заманынан қалған ең бай кітапхана болды деген тарихшылардың дерегі бар.
Отырар жеріне келген алғаш білімпаздардың бірі – Арыстанбаб. Ол әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адамдарын болжай алатын болған, жылына бір рет Меккеге барып табынып отырған деген деректер бар. Арыстанбаб кесенесі Отырардың ең атақты ескерткіші болып табылады. Ол XV ғасырда салынған, кейіннен бірнеше рет қайта салынған. 1971 жылы кесене тағы да қайтадан салынды.
Ескерте кететін бір жәйт: Жоғарыда аталған тарихи қалалар тек қана саудамен ғана аты шыққан жоқ. Оларда ғылым, білім, мәдениет қатар дамыды.
Сөздік:
кент – город; селение; поселок қыш – кирпич
керуен – караван жорық – поход
дүбірлеу – затопать; загудеть; загрохотать қырман – ток; хирман
сұрапыл – лютый; свирепый; суровый қырман басу – молотить
қорған – укрепление; оплот; опора; защищайся; обороняйся
жойқын – уничтажающий; сокрушительный; опустошительный
242-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Отырарды неге көне, тарихи қала дейді? 2. Отырардың орнында қай ғасырдан тіршілік басталған, халық мекен еткен? 3. Отырар өз тарихында сұрапыл соғыстарды неше рет өткерді? 4. Отырардың қақпалары не үшін керек болған? 5. Отырардың тарихы қалай аяқталып отырған? 6. Тарихи қалалар – Сайрам, Йасы, Тараз, Отырар қашан жаулап алынып, құлатылды? 7. «Отырардың алтын ғасыры» деп аталатын кезең қай уақытқа келеді? 8. Қай жойқын соғыстан кейін Отырар бір ғасырға дейін түзеле алмады? 9. «Қамыс қаланы» қалай түсіндіресіздер? 10. Неге байланысты халық Отырарды біржола тастап кетеді? 11. XV ғасырдың басында қалада қандай жағдайлар болды? 12. Арыстанбабқа байланысты не білесіздер?
243-тапсырма. Сөйлемдердегі қатаң дауыссыз дыбыстарының
астын сызып, олардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар.
Ү л г і : Ұлы Жібек жолының Киев Русінен шыққан үлкен тармағы телегей теңіз болып толқып жатқан Еділ өзенінен өткен соң-ақ қазақ жеріне енеді.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз құрылыс – Арыстанбаб ғимараты, Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қирап құрыған соң, бұл соның орнына салынған ортағасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстанбаб – Қожа Ахмет Яссауидың ұстазы, әулие болған адам. Арыстанбаб туралы жазылған нақтылай тарихи деректер жоқ. Әйтседе 1900 жылы Ташкент қаласында шығып тұрған Түркістан археолог суретшілер үйірмесінің мәжіліс хаттамасының XII томында ол туралы айтылған.
244-тапсырма. Сөйлемдердегі үнді дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар.
Ү л г і : Отырарды мекендеген ұлыс пен тайпалар қайтседе ұрпақ желісін үзіп алмауға тырысып, бірде қолына кетпен алып жерге дән ексе, бірде сауыт киіп, қолына қылыш ұстап атқа қонды, керуен тартып, алыс пен жақынды кезді.
Орта ғасырда өмір сүрген Отырардан шыққан ғұлама Исмаил әл-Жауһари «Тілді түзету» кітабында былай деп жазған: «Ұлы жібек жолының үлкен тармағы ең әуелі Киев Русінен, Болғар жерінен өтіп, үстіртті басып, Аралды айналып, Жент қаласына жететін (Жент қаласын біраз тарихшылар Янкикент, Оғызкент деп те атайды). Жентке жеткенше сауда керуені құс қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді. Көліктерінің жартысы орта жолда қаңқа болып қалады».
Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай (по участию голоса и шума) үш топқа бөлінеді: 1. қатаң; 2. ұяң; 3.үнді;
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар (глухие согласные) деп атайды.
1. Қатаң дауыссыздарға: п, ф, к, қ, с, т, ш, щ, х, ц, ч дыбыстары жатады.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды.
2. Ұяң дауыссыздарға: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ дыбыстары жатады.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз (сонорные согласные) дыбыстар деп атайды.
3. Үнді дауыссыздарға: р, л, й, у (тау), м, н, ң дыбыстары жатады.
245-тапсырма. Тарихи тұлғалардың шыққан жерінен мәлімет алыңыздар.
Жент қаласында
1.
Отырар қаласында
2.
Түркістан қаласында
3. 3.
Баласағұн қаласында
4.
246-тапсырма. Берілген сөйлемдерден ұяң дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар.
Ү л г і : Ұлы Жібек жолы батыс пен шығыс елдерін екі мың жылдай уақыт ішінде үзбей жалғастырып жатты.
Жібек жолымен келе жатқан керуен Еділ өзенін өткен соң, ең әуелі Алтын Орда хандығының кішігірім қалаларына бұрылып, демалып алып Сарайшықта түнейді. Ұшы-қиыры жоқ сары сахараның бетінде ай жүріп, жыл жүріп келгенде, алғаш тоқталатын үлкен қала – Арал теңізі маңындағы Жент шаһары болатын. Содан кейінгі қорғаны биік, жиһазы мол, салтанаты ерекше – Баба ата,Түркістан, Отырар, Тараз, Баласағұн, Жаркент қалалары тізіліп жататын.
Достарыңызбен бөлісу: |