Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет2/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,95 Mb.
#434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Етістіктің келер шағы

(Будущее время глагола)
Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.

Келер шақтың 3 түрі бар:

1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді.

2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін.

3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.

23-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?


24-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).


25-тапсырма. Келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты – киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді (М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).


26-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.


27-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).


28-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,

У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.

* * * * * *

Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,

Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

* * * * * *

Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,

Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.

* * * * * *

Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», - деген менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, оның ұрпағы да әке жолын қуар.
29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

(Абай)


30-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ категориясына назар аударыңыздар.

  1. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады.

  2. Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.


1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістіктің осы шақ категориясы. Қазақ тіліндегі модаль сөздер.

31-тапсырма. Мәтінмен танысып, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры

* * * * *

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің

ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

(Б. Момышұлы)

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныту. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Оған кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және басқа тілдер. Қазақ тілі – өзінің әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Оның қалыптасуы XІ-XІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасқан. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары

(V-VIII ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» , Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикмет» (XІ-XІІ ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі қазақ әдеби тілі бізге жеткен.

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан 600 тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр.

Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда: «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.

Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тіл бар жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар.

Сөздік:

егеменді – суверенный

түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно

көне – старый; старинный, древний; античный

құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный

ежелгі – давний: древний; исконный

шежіре – родословие; летопись; родословная история

мұра – наследие; наследство; памятник


32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі? 3. Қыпшақ тармағына қай тілдер кіреді? 4. Қазақ тілінің қалыптасуы қай кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ тілінің ең көне бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар бүгінгі ұрпаққа не арқылы жетіп отыр? 7. «Тіл туралы» Заңда не айтылған? 8. Дүние жүзіндегі барлық халық тәуелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге кімдердің шығармалары арқылы жеткен?


33-тапсырма. Мәтіннен осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды ( ауыспалы осы шақ).
34-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.

Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл, мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті, тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық тілі.



35-тапсырма. Тіл туралы өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсініп, жаттаңыздар.

Ана тілім, жүрегісің анамның, Анашымды ұмытқаным емес пе?

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым. Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның. Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан, Ел бетіне қалай тура қараймын,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам. Ана тілім, егер сені білмесем.
36-тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
37-тапсырма. Төмендегі тіл туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Ана тілдеріңізді құрметтеңіздер.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі қоғам

бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ.

Тіл қоғамның жемісі.



* * * * *

Тіл – әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.



* * * * *

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.



* * * * *

Тіл – таусылмайтын байлық. Оны қанша білсең, сонша биіктейсің.



* * * * *

Туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.



* * * * *

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан

да қол үзеді. Ана тіл – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау –

арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.



* * * * *

В. И. Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы», - дейді.

Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі,

қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы,

дамытуы мүмкін емес деген сөз.
38-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Басқа таяқ тілден.

Беда голове от языка.

* * * * *

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.

* * * * *

Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.

Болячки через руки передаются, беда – через слово.
39-тапсырма. Жоғарыдағы тіл туралы айтылғандардан осы шақта тұрған етістіктерді тауып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.

Етістіктің осы шақ категориясы

(Категория настоящего времени глагола)
Осы шақ

Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория.



Шақтың үш түрі болады: осы, келер, өткен шақ.

Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жатқанын білдіреді. М.: Мен тыңдап отырмын. Далада қар жауып тұр.
Осы шақтың 2 түрі бар:

  1. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время).

  2. Ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время).

Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын білдіреді.

Нақ осы шақтың 2 түрі бар:

Дара (простая форма).

Күрделі (сложная форма).

Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, сендер жүр+сіңдер, біз тұр+мыз, олар отыр.

Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.

Ауыспалы осы шақ қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтарының жалғанып, одан соң жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Қазақ тіліндегі модаль сөздер

(Модальные слова в казахском языке)

Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасы модальдық категория деп аталады. Олар мыналар: шамасы, әрине, әлбетте, рас, шын, мүмкін, сияқты, тәрізді, керек, екен, шығар, болар т.б. Осы сөздердің ішінде: шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді модальді сөздері үнемі сөйлемнің соңында келеді. Ал, қалған сөздер көбінесе сөйлемнің басында, не соңында келеді. Модальные слова служат для выражения точки зрения говорящего на отношение высказываемой мысли к действительности. В казахском языке имеются следующие модальные слова:



керек, қажетнеобходимо; надобно; нужно. Оған не керек? (Что ему нужно?). Маған қазақ тілі оқулығы керек (Мне необходимо учебник по казахскому языку).

сияқтыкак будто; как; кажется. Ол айтқан сияқты (Он как будто

говорил).



шамасыскорее всего; вероятно. Шамасы ол келмейді (Скорее всего, он

не придет).



әрине, әлбеттеконечно. Әрине, ертең келемін (Конечно, я приду завтра)

екеноказывается. Театрда адам көп екен (Оказывается, в театре много

народа).


рас, шын правда; верно. Рас, маған биік өкшелі аяқ киім керек Правда,

мне нужна обувь с высоким каблуком).



мүмкін, шығарвозможно; может быть; вероятно. Мүмкін, емтиханды

ерте тапсырасың (Возможно, ты сдашь экзамен

досрочно). Ол әлі келмеген шығар (Может быть, он еще

не пришел).



әйтеуір боларкогда-нибудь; всегда. Әйтеуір, ол бір келер (Когда-

нибудь,он появится). Әйтеуір, Мараттың сөзі тура келді

(Всегда выходит так, как говорил Марат).

тәрізді, секілді похоже. Ол өтірік айтқан тәрізді (Похоже, он неправду

сказал).

Среди этих слов, такие слова как шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді присоединяются только к концу предложения. Остальные слова могут находиться как в начале так и в конце предложения. Бұлардан басқа да модель сөздер баршылық: бәсе – вот оно что; наконец-то; так оно и вышло; тиіс – необходимо; должно; обязано; следует; әлбетте – конечно; обязательно; разумеется; так точно; әрине – безусловно; конечно; бесспорно; несомненно.
40-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего, вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).



Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

41-тапсырма. Өлеңді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ана тілі – ұрпақ тілі
Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым,

Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты ананың,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты атаның.

(М. Мақатаев) (С. Мәуленов)

* * * * *

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді.

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді.

(Ә. Сәрсенбаев) (А. Тоқмағамбетов)


42-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара, күрделі) ажыратыңыздар.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев).

Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.). Біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтып отырмыз. Бірақ сол заманның шырмауынан шыға алмаған ол ілім – бізге жетпіс жылдан соң ғана оралып отыр.
43-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында .......... . Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе ......... .......... . Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда .................... . Тіл құрыса, оның халқы да жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы ............. .............. . Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп, іске .............. ............... .



Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.
44-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қашан қабылданды? 2. Қазақстан азаматы неге құқылы? 3. Қазақстанның болашағы – жастар қандай болулары керек? 4. Қазақстан Республикасында қанша ұлттың өкілдері тұрады? 5. Қазақстан қандай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды? 6. А. Байтұрсынов кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырған? 7. А. Байтұрсыновтың тіл біліміне арналған қандай еңбектерін білесіздер?



45-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап беріңіздер.

  1. Сен қайда отырсың?.....................................................................................

  2. Ол кімде отыр?..............................................................................................

  3. Біз қайда тұрмыз?.........................................................................................

4. Олар кімде отыр?.........................................................................................

5. Біз кімде отырмыз?.....................................................................................

6. Сіз қай жерде тұрсыз? ................................................................................
46-тапсырма. Сөйлемдерден осы шақта тұрған етістіктердің

астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.

Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі, әрі түсінікті етіліп құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құруда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізіп жүр. Оқушының сезіміне әсер ету үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылып отырады.


47-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара (жалаң) және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і :

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Сөйлесу, қарау, айту оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.


48-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Ү л г і : Мен университетте оқып жүрмін (нақ осы шақтың күрделі түрі).

Мен .................................оқып жүрмін.

Сен .............................. оқып отырсың.

Біз ..............................оқып жатырмыз.

Мен ........................... жазып отырмын.

Сіздер ....................жазып отырсыздар.

Сіз ...............................жазып отырсыз.

Мен ......................ұйықтап жатырмын.

Олар ........................... ұйықтап жатыр.

Сендер ................... көріп отырсыңдар.

Олар ................................. айтып отыр.



а) баяндама

ә) әңгіме, мақала

б) кітап

в) төсек, кереует

г) диван

д) кино, спектакль

е) әңгіме

ж) хат, газет

з) оныншы сынып

й) университет



2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістік. Негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктер. Көмекші есімдер.
49-тапсырма. Қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшысы – Абылай ханның ерлігі туралы тарихи мәліметтерді оқып, тақырыпқа қатысты өз білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.
Қазақ елінің хандары

* * * * * *

Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай

(1711-1781)
Абылай хан – ақыл-парасаты жағынан болсын,

көрегендігі жағынан болсын, қол астындағы

халқының күші мен санының басымдылығы

жағынан болсын, сол кездегі қазақ даласын

билеген замандастарының бәрінен де басым еді.

(А.И. Левшин – әйгілі тарихшы)
Абылай хан (Әбілмансұр) – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші.

Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келеді. Жас Абылай Төле биге қызметкер болып, жылқысы мен түйесін бағады.

Ол 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды. Оған табиғат апаттары – қатал қыс, көктайғақ, жұт қосылып, қыспаққа алады.

Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы белсенді күрес барған сайын күшейе түсті. 1726 жылы Ордабасы деген жерде ( ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанның маңы) үш жүздің өкілдері бас қосқан жиналыс өткізіледі. Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланып, барлығы бір келісімге келеді.

Қазақ қоғамында рухани бірлестіктің ерекше жағдайы қалыптасады. Халық арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай, Жәнібек сияқты нағыз батырлар шықты.

Халық басынан кешіп отырған қиын жағдай – жартылай күйреуге ұшыраған қазақ мемлекетін қалпына келтіре алатын адамды талап етті. Ондай адам табылды. Оны елі Абылай деп атады, ал шын есімі Әбілмансұр болатын. Ол өзінің жеке басының алғырлығының арқасында атақ-даңққа жетіп, халық құрметіне бөленді.

Қазақтың бірде-бір ханы Абылайға дейін де, одан кейін де мұндай шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Ол алпауыт рубасылары мен сұлтандардың бетімен кетуіне тиым салды.

1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жеңіп, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды.

Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Абылай жоңғарлармен соғысқа Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Мүйізді Өтеген және тағы басқа қазақтың белгілі батырларымен бірігіп қатысады.

1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізіп, қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін, Ресей үкіметімен де, Қытайдағы Цин империясымен де бейбіт қатынастар орнатуға күш салды. Сол үшін ол айтарлықтай саяси ұтыстардан бас тартты. Өз кезінде мұндай саясат бірден-бір дұрыс айла болуы да мүмкін, қазақтар тек осылай ғана тәуелсіздігін сақтаған. Ал Абылай Жоңғарияның көп ұзамай күйрейтінін алдын-ала білген.

Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Абылайдың дипломатиялық әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.

Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1766-1768 жылдары Абылай Қоқан хандығына соғыс ашып, Ташкентті бағындырған. Кейіннен мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан шахымен келіссөз жүргізеді, Түркиямен байланыс жасайды.

XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және тағы басқа күйлері бар.

Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Абылай ханға елімізде ескерткіштер орнатылып, үлкен қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.


Сөздік:

талан-тараж – грабеж; погром; расхищение; растранжирить

күйреу – крах: разрушаться; крушение; разорение; разгром

алғыр – хваткий; смелый; способный; предприимчивый; восприимчивый

алпауыт – богач; магнат; мощь; помещик; уничтажающая сила

басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант



Етістік (Глагол)
Заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.

Етістік – знаменательная часть речи, которая обозначает действие, состояние лица или предмета.

Етістік (глагол) – это часть речи, которая грамматически выражает значение действия в формах лица (жазамын - я буду писать, жазасың - ты будешь писать), времени (бардым - я ходил, барамын - я пойду) и отвечает на вопросы не істеді? (что сделал?), не істемек? (что будеть делать?), не қылды? (что сделал?).

Тұлғасына қарай (по способу образования) етістіктер: 1) негізгі (непроизводные): оқы (читай), ал (бери), жаз (пиши), жүр (пошли); 2) туынды (производные); ой+на (играй), ой+ла (думай), тұз+да (соли), гүл+де (цвети) болып екіге бөлінеді.



Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады. М.: кел, кет, айт, бөл, же, өт, жүр, күл, бар, т.б.

Туынды етістіктер деп түбір етістіктен және басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады. М.: ой-на, қол-да, жыр-ла, батыл-дық, хат-шы, тарих-шы, т.б.

Етістік тудыратын жұрнақтар

(Словообразующие суффиксы глаголов)


Жұрнақтар

(суффиксы)

Мысалдар (примеры)

Түбір сөздер

Туынды сөздер

-ла, -ле,

-да, -де,

-та, -те


бас – голова

ой – мысль

тұз – соль

шеге – гвоздь

ем – лечение

есеп – задача

іс – дело


бас-та – начинай

ой-ла – думай

тұз-да – посоли

шеге-ле – забей гвоздь

ем-де – лечи

есеп-те – реши

іс-те – делай


-лас, -лес

-дас, -дес

-тас, -тес


серт – условие

ақыл – ум

дос – друг

көмек – помощь

бір – один

қош – прощание



серт-тес – условься,

договорись

ақыл-дас – советуйся

дос-тас – подружись

көмек-тес – помоги

бір-лес – объединяйся

қош-тас – прощайся


-қар, -кер,

-ғар, -гер





бас – голова

ес – память

су – вода

тең – равное; тюк



бас-қар – возглавь

ес-кер – запомни

су-ғар – поливай

тең-гер – приравняй



-лан, -лен

пайда – польза

ашу – злоба

үй – дом


пайда-лан – пользуйся

ашу-лан – возмущайся

үй-лен – женись


-а, -е

түн – ночь

сан – число



түн-е – ночуй

сан-а – считай




50-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
Сұрақ-жауап

– Абылай кім?

– Абылай – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті

мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, үш жүздің басын біріктіруші.

– Абылай қай жүздің ханы?

– Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

– Ол қанша жасында ерлік көрсетті?

– Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезде

қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

– Қай кезеңде қазақ хандығы ауыртпашылықты басынан кешірді?



  • XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен

ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал

башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды.

– Қай уақытта жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес күшейе түсті?

– Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы

белсенді күрес барған сайын күшейе түсті.

– Әскердің қолбасшысы болып кім сайланды?

– Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланды.
51-тапсырма. Берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдердегі негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктерге назар аударыңыздар.


баста

ойлан


пікірлес

көмектес


беттес


жоғарыла

аялда


талаптан

басқар


есептес

барма

сөйлеспе


айтпа

кетпе


тастама

жаз

түс


бол

қос


кел


Болымды және болымсыз етістіктер

Положительные и отрицательные формы глаголов)
Қазақ тілінде етістіктер болымды және болымсыз болып бір-біріне қарама-қарсы екі топқа бөлінеді.

Болымды етістік. Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. М.: қайтамын, жүземін, айтқанмын т.б.

Болымсыз етістік. Болымсыз етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіреді. Болымсыз етістік негізгі, я туынды түбір етістіктерге; 1. -ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы; 2. белгілі шақ тұрғысындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: оқы-оқыма, бар-барма, түс-түспе, биле-билеме, келген жоқ, берген жоқ, кешіккен емес, тазалаған емес, тойлаған жоқ, т.б.
52-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен болымды етістіктерді теріп жазып, олардан болымсыз етістік жасап, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Айт – айтпа, қоныстан – қоныстанба, ал – алма, келтір – келтірме, қалыптас – қалыптаспа, шық – шықпа, қолда – қолдама, аш – ашпа, жүр – жүрме, кет – кетпе, жүргіз – жүргізбе.

Берберген жоқ; біл – білген жоқ; айт – айтқан емес; қинал – қиналған жоқ; түсін – түсінген жоқ; кел – келген емес; бар – барған емес.

Мысалы: Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
53-тапсырма. Мәтіннен туынды етістіктерді теріп жазып, оларды талдаңыздар.
Ү л г і: 1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізді.

«Сай» (овраг; ущелье;) – сөздің түбірі, зат есім; «ла» – зат есімнен етістік жасап тұрған жұрнақ; «н» – өздік етіс жұрнағы; «ған» – бұрынғы өткен шақтың жұрнағы.


Тапсырма. Сөйлемдердегі туынды етістік жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.
Жастайынан жетім қалған Абылай Төле бидің, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай батырдың тәрбиесін көріп өсті. Абылай хан бүкіл өмірін бір мақсатқа ғана бағыттады. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр-қайратын сарқа жұмсады. Ол шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Абылай он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, қырғын шайқастарда жеке басының ерлік-тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.
Көмекші есімдер

(Служебные имена)
Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді. Олар: үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші, арасы, ортасы, т.б. Негізгі есімдер ілік септігінде, көмекші есімдер тәуелдік жалғауында келеді.

Служебные имена, сочетаясь с именем существительным в родительном падеже (ілік септік), образуют словосочетания, которые показывают пространственные отношения предметов. При этом служебные имена употребляются только в притяжательной форме (тәуелдік жалғау) третьего лица и принимают падежные окончания. Например:

Арасы между; промежуток. Үйдің арасы (между домами).

Асты под; низ. Үстелдің асты (под столом).

Үсті над; верх. Жәшіктің үсті (над ящиком).

Алдыперед; передняя часть. Үйдің алды (перед домом).

Артыза; задняя часть. Үйдің арты (за домом).

Жанырядом; возле. Үйдің жаны (рядом с домом).

Қасывозле; около. Үйдің қасы (возле дома).

Іші в; внутри. Үйдің іші (внутри дома).

Сыртывне; за; снаружи; наружная часть. Үйдің сырты (вне дома).

Басы верх. Ағаштың басы (верх дерева).

Түбіу; низ. Ағаштың түбі (низ дерева).

Ортасыцентр; посередине. Көшенің ортасы (посередине улицы).

Қарама-қарсынапротив. Үйге қарама-қарсы (напротив дома).

Мысалдар: Үйдің іші таза (внутри комнаты (в комнате) чисто. Үйдің жанында жеңіл машина тұр (около дома стоит легковая машина). Үстелдің үстінде қалам, журнал жатыр (на столе лежат ручка и журнал). Терезенің алдында үстел тұр (перед окном стоит стол).
Тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жастарды балалықты тас...п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай. Пайдалы қазбаларды із....у, бар...у, суретке түсіру т.б. салалардағы инженер-геологтар. Кен қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық игілігіне жұм...у, негзігі міндеттердің бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана арнайы тәсілмен кен қазыла бас...йды.



Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.
54-тапсырма. Кестеде көрсетілген Абылай ханның өмірінің барлық сәттерінде үлгі-өнеге бола білген көсемдердің есімдерін есте сақтаңыздар.

Полотно 423


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет