Қазақстан республикасының білім және ғылым министрдігі



бет2/10
Дата09.04.2018
өлшемі1,73 Mb.
#40118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қостанай, 2011


«Індеттану және індетті аурулар» пәні бойынша оқу бағдарламасын РОӘЖ-ң 2006 жылғы 22 маусымдағы хаттамасымен бекітілген негізінде малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А құрастырған.

__ _______ 2011жыл ______________


Ветеринариялық медицина кафедрасы отырысында қаралып ұсынылған мерзімі __ _______ 2011г. хаттама №

Кафедра меңгерушісі А. Тегза


Ветеринария және азық-түлік өнімдері технологиясы факультетінің әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген мерзімі 15 маусым 2011 ж. хаттама № 10


Әдістемелік кеңестің төрайымы Г. Байқадамова

1 Пәннің сипаттамасы:

«Індеттану және індетті аурулар» Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша кәсіптікі пән болып есептеледі. Оқытылуға тиісті жұқпалы аурулар тізіміне Қазақстанда кездесетін және республикада байқалып қалу қауіпі бар жануарлардың аурулары кіргізіледі. Сонымен қатар Халықараралық індет бюросының тізіміндегі халықаралық сауда үшін қауіп тудыратын аурулар да қарастырылды.

Жалпы індеттануда студенттер індеттік процесс, иммунитеттің індеттік аспектісін, індеттің заңдарын, індетке қарсы шаралар жүргізу вет-санитария шаралар (мал өнімінің қалдақтарын зарарсыздандыру, дезинфекция, дезинсекция дератизация) кезінде негізгі принциптері және алдын алу шаралар мен індетке қарсы шараларда өтеді.

Жеке індеттануда-әртүрлі жануарлардың індеттік ауруларының қоздырғышының міздемесін, тарихи дамуын өтеді



Пәннің пререквизиті

Пәнді меңгеру үшін микробиология және вирусологиядан алған білімдер мен тәжірибе қажет.



Пәннің постреквезиті

Індеттану мен жұқпалы аурулар курсын ұғып білу, малдәрігерлік мамандығын қалыптастырады, дәрігерлік ой туғызады, індеттік аурулардың заңды көрінісін ашады, негізгі пән болып басқада керекті пәндерді ұғу үшін көмектеседі, ветеринария-санитариялық экспиртиза, індетке қарсы шаралар өткізуде, залалды ластанған обьектілермен жұмыс істегенде еңбек қауіпсіздігін білу керек.



Пәнді оқытудағы мақсат-міндеттер:

«Індеттану және індетті аурулар» пәннің мақсатына: студеттерге жануарлардың жұқпалы ауруларының шығу және таралу заңдылықтары, олармен күресу әдістері мен жабдықтары туралы білім беру. Ол дәрігерлік ой қорыту жүйесін қалыптастырып, жұқпалы (инфекциялық) аурулармен қатар биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерінен кең таралып ке»бір жұқпайтын аурулардың да байқалу заңдылықтарын айқындайды.

Пәннің міндетіне - жоғары білікті малдәрігерлер дайындау жатады.

Олар:

індеттік аураларды болғызбай алдын алу, эпизоотияға қарсы шараларлдың кешендік жоспарын құру,індеттік ауруларды уақытысында балау, ажырату және аурудан сау емес жерлерде эпизоотияға қарсы шараларды өткізу.




2 Пәннің мазмұны

1 Жалпы індеттану

    1. Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану тұрғысынан

қарастыру

Инфекция және инфекциялық (жұқпалы) ауру. Инфекцияның түрлері және олардың індеттік маңызы. Инфекциялық ауру, микроб алып жүру және иммун-деуші субинфекция. Микроорганизмдердің жұқпалы аурулардың шығуындағы маңызы. Микроорганизм мен сыртқы орта жағдайларының жұқпалы аурудың шығуындағы маңызы. Жұқпалы аурудың этиологиясы (себебі). Жұқпалы ауру-дың клиникалық түрлері мен біліну динамикасы. Микробтың жануар денесіне еніп таралуына байланысты инфекцияның түрлері.

Иммунологиялық икемділік және иммунитет. Иммунитет және иммуногендік жүйелер. Конституциялық, фагоциттік және лимфойдтық иммунитет жүйелері және олардың өзара байланысы. Жануар организмнің иммунологиялық икемділігі: антидене түзу, баяу және жедел типті сезімталдық, иммунологиялық жады, иммунологиялық толеранттылық, идиотип-антиидиотип қатынасы және олардың практикалық маңызы. Жұқпалы ауру кезіндегі туа біткен және пайда болған, белсенді және енжар, жасанды және табиғи иммунитет.

1.2 Індет процесі (індеттену)

Індеттенудің мәні. Індеттену және оның қозғаушы күштері. Індет бұғауы және оның негізгі буындары: инфекция қоздырушысының бастауы, қоздырушының берілу тетігі, ауруға бейім жануарлар. Індеттің биологиялық (негізгі) және табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (қосқалы) қозғаушы күштері.

Инфекция қоздырушысының бастауы. Ауру, ауырып жазылған және микробты алып жүруші жануарлар – инфекция қоздырушысының бастауы ретінде. Ауру кезеңдерінің, оның біліну түрлерінің ауырған малдың індеттік қауіптілігіне әсері. Микроб алып жүру түрлері және олардың індеттік маңызы. Қоздырушының резервуары және сапроноздар туралы түсінік. Зооноздар, антропоноздар, зооантропоноздар, ктеноздар, терионоздар, ктенотерионоздар.

Қоздырушының берілу тетігі. Ауру қоздырушысының берілу тетігі туралы ұғым. Берілу тетігінің кезеңдері мен өзгешеліктері.

Ауру қоздырушыларының берілу факторлары және негізгі таралу жолдары: көлбеу (жанасу, ауа, жем мен су арқылы, трансмиссивтік жолмен) және тікелей ( трансплацентарлық және трансовариалдық). Инфекция қоздырушыларының механикалық және телімді тасымалдаушылары.



Ауруға бейім жануарлар. Жануар организмнің төзімділігі және инфекцияға бейімділігі туралы түсінік. Микроб уыттылығы факторларының әсеріне бейімділік тетіктері. Жануарлардың ауруға топтық бейімділігі және табынның иммунологиялық құрамы. Жануарлардың түріне, тұқымына, жасына, жынысына байланысты ауруға бейімділігі.

Індет процесінің даму заңдылықтары және індеттің кезеңділігі. Індет процесінің жеделдігі туралы ұғым: спорадия (кездейсоқтық), эпизоотия (індет), панзоотия (лаң). Энзоотия және энзоотиялық аурулар.

Індеттің өрлеуі (динамикасы) және оның негізгі кезеңдерінің сипаттары. Табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың індет процесіне әсері. Індеттенудің жеделдік қарқыны және оның статистикалық көрсеткіштері. Індеттенудің экстенсивтік көрсеткіштері (энзоотиялығы, маусымдылығы, кезеңділігі).



1.3 Індет ошағы және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы

Індет ошағы, сау емес пункт, індет қатері төнген аймақ ұғымдары. Індет ошағының түрлері, олардың орналасуына және пайда болу уақытына байланысты сипаттары.

Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Үй және жабайы жануарлардың өзара байланысының індеттік маңызы. Табиғи індет ошақтарының түрлері мен құрамы. Жануарлардың табиғи ошақты аурулары. Індеттану географиясы туралы ұғым. Індеттанулық аудандастыру мен болжаудың негізгі қағидалары.

1.4 Індеттанулық талдау негіздері

Індеттанулық зерттеудің міндеттері. Індеттанулық мониторинг. Жұқпалы ауру шыққан пунктті індеттанулық зерттеу. Індеттанулық тексерудің нышандары. Індеттанулық балауды, жұқпалы аурулардың шығу және таралу себептерін анықтау. Індет процесі мен індет ошағын сипаттау. Мал басының иммундік жай-күйін анықтау. Індеттанулық тексеру актісін жасау.



1.5 Жануарлардың жұқпалы ауруларының эволюциясы және жүйеленуі

Жұқпалы аурудың эволюциясын (тарихи дамуын) ауру қоздырушысы мен жануар организмінің өзара бейімделуінің және індет процесінің қозғаушы күштерінің ара қатынасының өзгеруінің нәтижесі ретінде қарастыру. Жануарларды иммундеудің жұқпалы аурулардың эволюциясына әсері.

Жұқпалы аураларды атау және жүйелеу қағидалары. Жұқпалы аурулардың микробиологиялық, зоологиялық, антропоцентристік, клиникалық-морфологиялық, індеттанулық және халықаралық жүйеленуі.

1.6 Жұқпалы ауруларды дауалау

Індетке қарсы шаралардың негізгі міндеттері мен қағидалары. Індетке қарсы шараларды біртұтас мемлекеттік ғылыми негізделген жұқпалы ауруларды дауалау және олармен күресу жүйесі ретінде қарастыру.



Жалпы дауалау. Жалпы дауалауды ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларының жиынтығы ретінде қарастыру. Мал мен оның өнімдерін тасымалдағы, малды маусымдық жайылымдарға айдағандағы, малдың шоғырланған алқаптарындағы, мал өнімдерін өндіретін мекемелердегі, мал өсіретін шаруашылықтардағы ветеринариялық бақылау. Транспорт пен мемлекет шекарасындағы ветеринариялық бақылау.

Дауалық карантиндеу және диспансерлеу. Ветеринариялық ағарту жұмысы. Қоршаған ортаны індеттенуден қорғау. Жалпы дауалауға қойылатын негізгі талаптар.



Арнайы дауалау. Нақтылы бір жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған шаралардың құрама бөліктері. Арнай дауалаудың әдістері мен жабдықтары (арнайы дауалық зерттеулер, емдік-дауалық жабдықтар, иммундік дауалау). Иммундік дауалаудың әдістері мен жабдықтары. Биопрепараттар, олардың сипаты мен жүйеленуі. Вакцина егудің иммундік әсері және індетке қарсы шара ретіндегі маңызы. Вакциналау әдістері, вакцина еккеннен кейінгі рекциялар мен болуы мүмкін жағымсыз жайттар. Вакцинадан кейінгі иммунитеттің әлсіреуі мен ол қылығының себептері.

Жұқпалы аурудан сау шаруашылықтардағы дауалау шараларының жүйесі. Шаруашылықты шеттен ауру қоздырушыларын әкелуден қорғау шаралары. Жануар организмнің иммундік икемділігін арттыру мен сыртқы ортаны суықтыруды қатар қарастыру. Ауруға төзімділіктің мал тұқымын асылдандыру кезінде ескерілуі.

Аурудың алдын алу үшін балау, жалпы дауалау және иммундеу шараларын жүргізу. Жайылымдағы, мамандандырылған жеке қожалық, балық және ара шаруашылықтарындағы дауалық шаралардың ерекшеліктері. Дауалау шараларын жоспарлау және ұйымдастыру.

1.7 Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

Жұқпалы аурумен күрестің негізгі бағыттары. Індет ошағын (аурудан сау емес пунктті) тексеру және індет жағдайын зерттеу. Індеттенудің негізгі үш буынына: ауру қоздырушысының бастауына, оның берілу жолдарына және бейім жануарларға қатысты шаралардың маңызы.

Инфекция қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. Ауру қоздырушысының бастауын уақтылы анықтап, шұғыл оқшаулаудың індеттік маңызы. Жұқпалы ауруларды балау әдістері. Жан-жақты (кешенді) балау туралы түсінік және оның негізгі әдістері: індеттанулық, клиникалық, паталогоанатомиялық, микробиологиялық, аллергиялық, серологиялық. Малды жаппай ауруға тексеру және ауру, ауру екендігі күмәнді, ауру жұққандығы күдікті топтарға бөлу. Олардың әрқайсысымен жүргізілетін шаралар. Айқындалған инфекция қоздырушыларының бастауларын зарарсыздандыру жолдары (оқшаулау, емдеу, сою, жою).

Инфекция қоздырушының берілу тетігіне қарсы шаралар. Нақтылы індеттік жағдайда инфекция қоздырушысының берілу және таралу жолдарын анықтау тәсілдері. Инфекция қоздырушысының берілу жолын кесу және болдырмау. Қоздырушының берілу факторларын зарарсыздандыру тәсілдері және олардың індет ошағын жоюдағы маңызы. Жұқпалы ауру қоздырушыларының негізгі таралу жолдарына байланысты (жанасу, ауа, су, жем-шөп арқылы, трансмиссивттік) індетке қарсы шаралардың ерекшеліктері.

Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Ауру жұғу қауіпті төнген мал басын қорғау шаралары. Жалпы төзімділік пен телімді төзімділікті арттыру жолдары. Арнайы препараттар мен жалпы стреске қарсы премикстерді қолдану. Аурудан сау емес шаруашылықтағы жануарларды иммундеу әдістері мен кестелері.

Шаруашылықтағы сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

Карантиндеу және шектеу туралы ұғым. Індет ошағы мен қауіп төнген аймақтың шекараларын анықтау. Шаруашылықты жұқпалы аурудан сауықтыру шараларының жоспары. Карантин мен шектеу енгізу және алу тәртібі. Індет ошағында сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнай шаралар. Жаңа, тұрақты және табиғи індет ошақтарындағы жұқпалы ауруларды жою шараларының ерекшеліктері. Індетке қарсы шаралардың нәтижесіне баға беру.



1.8 Жұқпалы ауруларға қарсы емдік-дауалық шаралар

Малды емдеуді індеттанулық және экономикалық тұрғыдан негіздеу. Жұқпалы ауруларды емдеудің ерекшеліктері, этиотроптық және симптоматикалық ем. Телімді және телімсіз емдік дәрмектерді кешенді пайдалану. Санитариялық-гигиеналық реттіліктің маңызы.

Жекелей және топтау емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге және оларды қолдану әдістері. Диетамен емдеу және емдік қоспасы (премикс) бар жеммен азықтандыру. Иммундік қан сарысуымен, иммуноглобулиндермен және вакцинамен емдеу. Бактериофагтар мен антогонист микробтарды қолдану.

Антибиотиктермен, сульфаниламидтермен және басқа да микробтарға қарсы дәрілермен емдеу, симптоматикалық дәрмектердің емдік маңызы.



1.9 Жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар

Ветеринариялық санитария туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың алдын алудағы және жоғары сапалы мал өнімдерін алудағы ветеринариялық санитарияның маңызы. Мал фермаларындағы ветеринариялық-санитариялық объектілері. Індетке қарсы шаралар кешеніндегі дезинфекция, дератизация және дезинсекцияның орны мен маңызы. Дезинфектанттар, дезинфекцияның түрлері мен әдістері. Мал қораларын, омартаны, инкубаторларды, темір жол, су және ауа көліктерін дезинфекциялау. Жем-шөпті, ішетін және салқын суды, көнді және басқа да инфекция қоздырушыларының берілу факторларын зарарсыздандыру.

Дезинфекция қызметін ұйымдастыру. Өндірістік негіздегі шаруашы-лықтардағы дезинфекциялаудың ерекшеліктері.

Дезинфекциялық жұмыстарды механикаландыру және қауіпсіздік ережелері. Дезинфекцияның нәтижесін бақылау жолдары. Дератизация мен дезинсекция әдістері және жабдықтары.

2 ЖЕКЕШЕ ІНДЕТТАНУ

2.1 Бірнеше түлікке ортақ аурулар

Топалаң, сіреспе, ботулизм, туберкулез, бруцеллез, лептоспироз, листериоз, пастереллез, туляремия, псевдотуберкулез, аусыл, құтырық, шешек. Ауески ауруы, трихофития, микроспория, сарып.



2.2 Күйістілердің аурулары

Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз, сиырдың обасы, сиырдың жұғымтал пневмониясы, сиырдың лейкозы, сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, сиырдың парагриппі, сиырдың вирустық диареясы. Сиырдың кеуекті энцефалопатиясы, түйенің обасы, брадзот, қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы, жұғымтал эктима, қойдың хламидиоздық іш тастауы, блутанг, шірік бақай, қойдың жұқпалы мастигі, қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, кебенек.



2.3 Жылқының аурулары

Маңқа, індетті лимфангит, сақау, жұқпалы анемия, тұмау, ринопневмония, делбе, вирустық артрит.



2.4 Шошқаның аурулары

Оба, африкалық оба, тілме, трансмиссивтік гастроэнтерит, тұмау, энзоотиялық бронхопневмония, жұқпалы отрофиялық ринит, Тешен ауруы, везикулярлық ауру, дизентерия, гемофилездер.



2.5 Төлдің аурулары

Сальмонеллез, колибактериоз, стрептококкоздар, қозының анаэробтық дизентериясы.


2.6 Құстың аурулары

Пуллороз, сальмонеллез, тұмау, Ньюкасл ауруы, лейкоз, Марек ауруы, жұқпалы ларинготрахеит, респираторлық микоплазмоз, орнитоз, үйрек балапанының вирустық гепатиті және синуситі, жұқпалы бронхит, тауықтың жұқпалы бурситі.



2.7 Ит пен терісі бағалы аңдардың аурулары

Оба, жұқпалы гепатит, күзеннің Алеут ауруы, күзеннің псевдомонозы, вирустық энтерит, миксоматоз.



2.8 Араның аурулары

Америкалық шіріме, европалық шіріме, балапан құрттың қалталануы, гафниоз, вирустық салдану, аспергиллез, аскосфероз, септицемия.



2.9 Балықтың аурулары

Аэромоноз, қызыл балықтың фурункулезі, бранхиомикоз, жүзу жарғағының қабынуы, псевдомоноз, сапролегиниоз, көктемгі вирустық ауру.



3 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 «Індеттану», Сайдуллдин Т.С., Алматы, 1993.-1596 бет

2 «Ветеринарлық індеттану», Байқадамова Г.А., Қостанай, 2004.- 80 бет

3 Общая эпизоотология (А.А. Сидорчук, Е. С. Воронин, А. А. Глушков). М.:

Колос, 2004, 176 с.

4 Эпизоотология и инфекционные болезни животных (под редакцией А. А. Конопаткина) М.: Колос, 1984, 554 с.

5 Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с основами ветеринарной санитарии. (В. П. Урбан, М. А. Сарин, А. А. Сидорчук и др.). М.: Колос, 2003, 216 с.

6 Руководство по общей эпизоотологии (под редакцией И. А. Бакулова и А. Д. Третьякова). М.: Колос, 1979, 424 с.

7 Ветеринарная микробиология и иммунология (под редакцией Н. А. Радчука). М.: ВО Агропромиздат, 1991. 383 с.

8 Пионтковский В.И., Мустафин М.К. Особо опасные инфекционные болезни животных и птиц. Учебник. Костанай, 2006. – 246 с.

9 Байқадамова Г.А. Жануарлармен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.

Қосымша:

1 Медленные инфекции животных (Н. Н, Архипов, И. А. Бакулов, Л. И. Соковых). М.: Агропромиздат. 1987, 272 с.

2 Рекомендации по методике эпизоотического обследования. Покров, 1975.

3 Ветеринарное законодательство (т. 1, 2, 3, 4). Т. 1. М.: Колос, 1972, 696 с.; т.2. М.: Колос, 1973, 719 с.; т. 3. М.: Колос, 1981, 640 с.; т.4. М. Во Агропромиздат, 1988, 671с.

4 Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии (т.1 и т. 2). – Костанай, 2004-2005,800с.

5 Ветеринарные препараты в России (Справочник. И. Ф. Клёнова, Н. А. Ярёменко). М.: Сельхозиздат, 2001, 544 с.

6 Руководство по дезинфекции (А. А. Поляков). М.: Сельхозгиз, 1964, с.

7 Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов на мясо-молочных и пищевых контрольных станциях. М.: Колос, 1974, 240 с.

8 Носков Е. А. Руководство по эпизоотологии. М.: Колос, 1986. – 240 с.

9 Козлова Д.Н. Эпизоотологический словарь – справочник. М.: Россельхозиздат, - 1986, - 189 с.


ҚОСЫМША4

«Індеттану және індетті аурулар» пәні бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)

EIА 4305 (1) Індеттану және індетті аурулар пәнінен 2009-2010 оқу жылына студенттерге арналған (Syllabus) оқу бағдарламасы


1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринария және азық түлік өнімдерінің технологиясы

Мамандық

051201 – Ветеринарлық медицина

Курс

4

Семестр

7,8

Оқыту нысаны

күндізгі

Бағдар

негізгі

Пән циклы

ПП

Компонент

МК

Кредит саны

2

Сағат саны

90

Сабақ өткізу орны

№ 4 ғимарат, аудитория № 120

Дәріскер

Байкадамова Гульнара Ахановна – доцент, ветеринария ғылымдарының.кандидаты

Оқытушы

Байкадамова Гульнара Ахановна – доцент, ветеринария ғылымдарының кандидаты

Кеңес уақыты

( СОӨЖ оф.)



1-нші апта

2-нші апта

3-нші апта

Жұма 15.00-16.00

Жұма. 15.00-16.00

Жұма. 15.00-16.00

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизит

тер


Анатомия, физиология, биохимия, микробиология, вирусология.

Постреквизит

тер


Токсикология, індеттік аурулы пәндері, аз зерттелген індетті аурулар, малдәрігерлік ісін ұйымдастыру пәні..

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Студенттерге індетті аурулардан теориялық және тәжрибелік білім беру, жұқпалы ауруды алдын алу үшін және уақытында қателеспей балауды үйрету осымен қатар малдәрігерлік жұмыстардан білім алу, аурудың шығу заңдылығын түсініп, қарсы тұра білу.

Мәселесі

Дәрігерлік ой туғызып, күрделі жағдайда індетті ауру малға уақытысында көмек бере білу қабілетін туғызу.

4 академиялық сабақтардың бөлінуі

Барлығы

Дәріс

Тәжри -

белік


Зерт-

ханалық


СОӨЖ

ауд


СОӨЖ

офис


СӨЖ

Бақылау нысаны

2 кредит 90 сағат

10

10

10

10

10

40

Экзамен

5 пәннің мазмұны

Індеттану – жануарлардың індетті ауруларының шығуы, таралуы және өшуі туралы ғылым, сонымен қатар індетті аурулардың алдын алу шаралары мен күресу жолдарын қарастыратын ғылым.

6 курс саясаты

1 СОЖ тапсырмасына, сабақтарына жүйелі түрде дайындық. Сабақтарда студенттер халатпен, ақ бас киіммен кешікпей сабаққа қатысуы, және ұялы телефондарын өшіріп қоюы. 2 Сабаққа дайындықтарын тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы тексеру. 3 сабақта теріс баға алғанда қайталап бір ақ рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда балл 0,8 коэфициентке азаяды.

7 Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

негізгі

  1. Ветеринариялық індеттану 1 және 2 том. Т. С. Сайдуллин. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБ академиясының республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1999, 292 бет

  2. Малдәрігерлік микробиология. Б. Т. Толысбаев, Бияшев К. Б. «Алатау» баспасы, 1997, 367 бет

  3. індеттану және індеттік аурулар.Байқадамова Г.А. Алматы.«Нур принт» 214

  4. Індеттану: зертханалық сабақтарға арналған оқулық.. Байкадамова Г. А. Қостанай 2004, 80 бет

  5. Общая эпизоотология ( А. А. Сидорчук, Е.С. Воронин ). М.: Колос, 2004 176с.

  6. Эпизоотология и инфекционные болезни животных ( под редакцией А. А. Конопаткина) М.: Колос, 1984, 554 с.

  7. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с основами ветеринарной санитарии. ( В. П. Урбан М. А. Сарин А. А. Сидорчук и др. М.: Колос, 2003, 216 с.

  8. Руководство по общей эпизоотологии ( под редакцией И. А. Бакулова и А. Д. Третьякова). М.: Колос, 1979, 424с.

  9. Ветеринарная микробиология и иммунология ( под редакцией Н. А. Радчука). М.: ВО Агропромиздат, 1987, 272с

Қосымша

  1. Медленные инфекции животных (Н. Н, Архипов, И. А. Бакулов, Л. И. Соковых). М.: Агропромиздат. 1987, 272 с.

  2. Рекомендации по методике эпизоотического обследования. Покров, 1975. 74 с.

  3. Ветеринарное законодательство (т. 1, 2, 3, 4). Т. 1. М.: Колос, 1972, 696 с.; т.2. М.: Колос, 1973, 719 с.; т. 3. М.: Колос, 1981, 640 с.; т.4. М. Во Агропромиздат, 1988, 671с.

  4. Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии (т.1 и т. 2). – Костанай, 2004-2005,800с.

  5. Ветеринарные препараты в России (Справочник. И. Ф. Клёнова, Н. А. Ярёменко). М.: Сельхозиздат, 2001, 544 с.

  6. Руководство по дезинфекции (А. А. Поляков). М.: Сельхозгиз, 1964, с.

  7. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов на мясомолочных и пищевых контрольных станциях. М.: Колос, 1974, 240 с.

  8. Носков Е. А. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии. М.: Колос, 1986. – 240 с.

  9. Козлова Д.Н. Эпизоотологический словарь – справочник. М.: Россельхозиздат, - 1986, - 189 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет